Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.
Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.
Қазақстанда 3D графика, анимация, AI.Cinema және AR/VR бағыттарын нақты жобалар арқылы оқытатын заманауи алаң.
3D, animation, AI және digital art оқытатын жаңа буын академиясы
Қазақстанда 10 000 маман оқытып шығару. Қазақ тіліндегі кәсіби цифрлық білімді қол жетімді етіп, студенттерді нақты индустрияға дайындау.
Барлық сабақ қазақ тілінде өтеді. Ағылшынша білу міндетті емес — құралдардағы керек сөздердің бәрін сабақта түсіндіреміз.
Екі формат бар. Жазбадағы курстар: барлық сабақ кабинетіңізде, өз қарқыныңызбен оқисыз. Өз бетіңізше оқу ыңғайлы болса, осы жеткілікті. Мұғаліммен ағын: апта сайын live-талдау, үй жұмысыңызды мұғалім тексереді, соңында финалдық жобаңызды қорғайсыз. Жүйелі жетелеу керек болса, осыны таңдаңыз.
Иә. Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлей аласыз, ал маусымдық науқандарда (Kaspi Жұма) 24 айға дейін мүмкіндік болады.
Тарифке байланысты: жазба тарифтерінде — 6 ай, AI.Cinema Director тарифінде — 12 ай. Мерзім ішінде жаңа сабақтар мен жаңартулар да ашыла береді.
Қатты бір мықты компьютердің қажеті жоқ: жасанды интеллект жалпы серверде (Dansai AI Studio) жұмыс жасайды. Кез келген ноутбук жарайды, ал видеоларды тіпті смартфонмен де көре бересіз. 3D бағыттарына NVIDIA RTX видеокартасы мен 16 ГБ жады қажет.
Иә, телефоннан көруге де, тапсырма жасауға да болады: сабақтар жеке кабинетіңізде ашылып көріне береді, генерация серверде, Dansai AI Studio платформасында жүреді. Алғашында смартфон жарай береді, уайымдамаңыз! Ал үлкен жобаларға (ұзақ ролик, монтаж) ноутбук не компьютер болғаны дұрыс, оған кейін оқу барысында ауыса бересіз, қажетіңізге қарай. 3D курстарын оқитын болсаңыз, онда мықты ноутбук не компьютер керек: NVIDIA RTX видеокартасы мен 16 ГБ жады.
Оқитын курсыңызға байланысты. Жасанды интеллект бағытында — Higgsfield AI, Google Flow және Dansai AI Studio, 3D мен ойын бағыттарында — Blender, 3ds Max, Unity.
Сатып алар алдында сізге оферта-шартты ұсынып, тегін вебинарлар жібереміз, шешімді солармен танысқаннан кейін қабылдайсыз. Оқуды тоқтатқыңыз келсе, алдымен қолжетімділікті 1 айға дейін мұздатуды немесе келесі ағынға ауыстыруды ұсынамыз. Ақшаны қайтару шкаласы офертада: материалдар әлі ашылмаса — 50%, ашылған болса — 25%, бағдарламаның жартысынан көбі өтілсе не 14 күннен асса — қайтарылмайды.