Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

AI.Cinema

Алып студиялардың қомақты қаржымен жасайтын жұмысын енді үйде отырып-ақ жасай аласыз. Nano Banana, Veo, Kling, Seedance құралдарын режиссер көзімен кәсіби деңгейде меңгеріп, идеяңызды дайын қысқа фильмге дейін жеткізесіз.

AI.Cinema

Не үйренесің

Нәтиже

Бағдарлама

Runway, Kling, Veo сияқты құралдарға бөлек төлеу керек пе?

Жоқ. Генерацияның бәрі жеке кабинетіңіздегі Dansai AI Studio-да өтеді: Nano Banana Pro, Veo 3.1, Kling 3.0, Seedance 2.0 бір жерде. Әр тарифке токен сыйға беріледі: AI.Onai-да алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызға, ал AI.Cinema мен AI.Mentor Premium тарифтерінде тұтас фильмге жетеді. VPN де, USD карта да қажет емес. Токен таусылса, қосымша пакетті сол кабинеттен аласыз. Сабақтарда Higgsfield AI мен Google Flow сияқты сыртқы платформаларды да көрсетеміз, бірақ оларға жазылу өз қалауыңыз.

Промтты қазақша жазсам бола ма?

Иә. Dansai AI Studio-да ойыңызды қазақша жазасыз, «⚡ Жақсарту» батырмасы оны таңдалған модельге сай кәсіби ағылшын промтқа айналдырады, модельге сол кетеді. Сабақта промт анатомиясын да үйретеміз (субъект, стиль, камера, жарық), содан кейін ағылшынша да еркін жаза бересіз. Оған қоса кабинетте дайын промт кітапханасы бар: 10 сурет промты және 10 видео промты, көшіріп бірден қолданасыз.

Нөлден бастасам бола ма? Камера, монтаж білу керек пе?

Иә, нөлден бастауға болады: курс жасанды интеллектіні бұрын қолданбаған адамға есептелген. Камера мен монтажды алдын ала білу қажет емес, кино тілін де осы жерде үйренесіз: кадр құру, жарық, ырғақ, монтаж. Алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызды кіріспе курс AI.Onai-дың өзінде жасап шығасыз.

Компьютерім әлсіз. Телефоннан оқуға бола ма?

Болады. Генерация біздің серверде өтеді, Dansai AI Studio бұлтта жұмыс істейді, сондықтан қуатты видеокарта қажет емес: қарапайым ноутбук та жеткілікті. Видеосабақтарды телефоннан көре аласыз, ал жақында ашылатын AI Onai Mobile курсы толығымен смартфонға арналған. Монтаж бен фильм жинауға ноутбук ыңғайлырақ.

Сабақтар қалай өтеді? Мұғаліммен оқуға бола ма?

Барлық сабақ жазбада: курстар кабинетіңізде тұрады, төлемнен кейін бірден ашылады, өзіңізге ыңғайлы уақытта оқисыз. AI.Onai мен AI.Cinema тарифтері осы форматта. Ал Бағлан Төлебаймен жеке оқығыңыз келсе, AI.Mentor Premium тарифі бар: бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесіп, өз фильміңіз бен рилстеріңізді бірге жасаймыз.

Курс соңында не жасап шығамын?

Тарифке байланысты. AI.Onai: алғашқы суреттеріңіз бен қысқа видеоңыз, мысалы, ескі фотоны қалпына келтіріп, суретті жандандыру. AI.Cinema: өз қысқаметрлі фильміңіз, идеядан монтажға дейін. Біздің «Түлкі мен Арыстан» немесе «Бэтмен Алматыда» сияқты жұмыстар дәл осы құралдармен жасалды.

AI.Onai-дан бастап, кейін жоғарғы тарифке өтуге бола ма?

Иә, солай ойластырылған. Кіріспе AI.Onai-дың 9 990 ₸-сі кез келген жоғарғы тарифке толық есепке алынады: бастап көріп, ұнаса, айырмасын ғана төлеп өтесіз. Кабинетіңіз бен жасаған жұмыстарыңыз сол күйі қалады.

Материалдар қанша уақыт ашық тұрады?

AI.Onai жазбалары 3 ай, AI.Cinema мен AI.Mentor Premium 12 ай ашық. Мерзім ішінде әлі жазылып жатқан курстар шыққан бойда сіздің тарифке қосымша төлемсіз ашыла береді.

Сертификат бере ме?

Иә. Курсты толық аяқтаған соң кабинетіңізде сертификат пайда болады, оның жеке нөмірі бар, dansai.kz сайтында онлайн тексеріледі.

Жасым 18-ге толмады. Оқи аламын ба?

Иә, оқи аласыз. Тек төлемді ата-анаңыз жасайды: тапсырыс бергенде сізге арнайы сілтеме беріледі, оны ата-анаңызға жібересіз, олар келісімін растап төлейді. Ары қарай кабинет те, сабақ та, жасаған жұмыстар да өзіңіздікі.