Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.
Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.
Қазақстанда 3D графика, анимация, AI.Cinema және AR/VR бағыттарын нақты жобалар арқылы оқытатын заманауи алаң.
3D, animation, AI және digital art оқытатын жаңа буын академиясы
Қазақстанда 10 000 маман оқытып шығару. Қазақ тіліндегі кәсіби цифрлық білімді қол жетімді етіп, студенттерді нақты индустрияға дайындау.
Барлық сабақ қазақ тілінде өтеді. Ағылшынша білу міндетті емес — құралдардағы керек сөздердің бәрін сабақта түсіндіреміз.
Барлық курс жазбада: сабақтар кабинетіңізде тұрады, өзіңізге ыңғайлы уақытта оқисыз. Тариф үшеу. AI.Onai: жасанды интеллектке кіріспе курс. AI.Cinema: академияның барлық жазылған курстары бір тарифте, өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз. AI.Mentor Premium: Бағлан Төлебаймен жеке менторлық, бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесу.
Иә. Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлей аласыз.
Тарифке байланысты: AI.Onai тарифінде — 3 ай, AI.Cinema мен AI.Mentor Premium тарифтерінде — 12 ай. Мерзім ішінде жаңа сабақтар мен жаңартулар да ашыла береді.
Қатты бір мықты компьютердің қажеті жоқ: жасанды интеллект жалпы серверде (Dansai AI Studio) жұмыс жасайды. Кез келген ноутбук жарайды, ал видеоларды тіпті смартфонмен де көре бересіз. 3D бағыттарына NVIDIA RTX видеокартасы мен 16 ГБ жады қажет.
Иә, телефоннан көруге де, тапсырма жасауға да болады: сабақтар жеке кабинетіңізде ашылып көріне береді, генерация серверде, Dansai AI Studio платформасында жүреді. Алғашында смартфон жарай береді, уайымдамаңыз! Ал үлкен жобаларға (ұзақ ролик, монтаж) ноутбук не компьютер болғаны дұрыс, оған кейін оқу барысында ауыса бересіз, қажетіңізге қарай. 3D курстарын оқитын болсаңыз, онда мықты ноутбук не компьютер керек: NVIDIA RTX видеокартасы мен 16 ГБ жады.
Оқитын курсыңызға байланысты. Жасанды интеллект бағытында — Higgsfield AI, Google Flow және Dansai AI Studio, 3D мен ойын бағыттарында — Blender, 3ds Max, Unity.
Сатып алар алдында сізге оферта-шартты ұсынамыз, шешімді онымен танысқаннан кейін қабылдайсыз. Оқуды тоқтатқыңыз келсе, алдымен қолжетімділікті 1 айға дейін мұздатуды ұсынамыз. Ақшаны қайтару шкаласы офертада: материалдар әлі ашылмаса — 50%, ашылған болса — 25%, бағдарламаның жартысынан көбі өтілсе не 14 күннен асса — қайтарылмайды.