Dańsaı Studios — бұл жасанды интеллект пен 3D арқылы қазақ тілінде видео жасайтын студия. Егер сізге жарнамалық ролик, мультфильм, трейлер немесе фильм керек болса, онда идеяңыздан бастап дайын видеоға дейінгі бүкіл жұмысты өзіміз атқарамыз. Тапсырыс құны 500 000 ₸-ден басталады, ал өз видеоңыздың бағасын төмендегі калькулятормен бірден есептей аласыз.
- 500 000 ₸-ден кез келген формат
- 1–2 апта 30 секундтық ролик
- Қазақ тілінде орысша нұсқасы да болады
- Келісімшартпен баға мен мерзім бекітіледі

Біздің жұмыстарымыз
Төмендегі видеолардың бәрі студиямыздың өз жобалары, оларды өз қолымызбен жасадық.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері
Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен жолы туралы тарихи фильмнің трейлері, ұзақтығы 3:51. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған.

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі
Танымал қазақ ертегісін бүгінгі көрерменге жақын етіп қайта айтқан AI-мультфильм, ұзақтығы 2:56. Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro құралдарымен жасалды.

«Алпамыс» пилоттық мультфильмі
Кейіпкерлердің моделінен бастап риггингі мен анимациясына дейін толық 3D өндірісімен жасалған мультфильм, ұзақтығы 6:07. Режиссерлері Бағлан Төлебай мен Шыңғыс Әділхан.

Ер Төстік: жалмауыз кемпірмен айқас
Қазақ мифологиясына негізделген «Ер Төстік» ойын жобамыздың трейлері, ұзақтығы 2:32.

Dańsaı Studios: 3D жарнама жинағы
Студияның 2022 жылғы 3D жұмыстарынан жинақ: тауарды фотореалистік анимациямен көрсететін жарнамалық кадрлар, ұзақтығы 1:16.

«Айдынында жүзген ақ кеме» деректі фильмі
Арал өңірінің қайраткері Төлебай Орынбаевтың 100 жылдығына арналған деректі фильм, ұзақтығы 21:03. Отбасылық мұрағат пен оны көзі көрген адамдардың естеліктері негізінде түсірдік.
Бұл жерде жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана тұр. Басқа жобаларымызды, оның ішінде 3D визуализация мен ойындарды, жобалар бетінен көре аласыз.
Біздің артықшылықтарымыз
Қазақ тілінде
Сценарийді бірден қазақша жазамыз, сондықтан кейіпкерлер табиғи сөйлейді. Керек болса, орысша нұсқасын да жасаймыз.
Режиссер басқарады
Студияны 2019 жылдан бері «Қазақфильм» резиденті Бағлан Төлебай басқарады. «Қонаев» трейлері YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады.
Алдымен бекітеміз
Сценарий мен кейіпкерлерді алдымен сізбен келісіп аламыз, ал генерацияға содан кейін ғана кірісеміз.
Келісімшартпен
Бағасын, мерзімін, түзетулер санын және құқықтарды келісімшартта (договорда) бекітеміз.
Видео форматтары және бағалары
Қысқа ролик
30 секундқа дейін · 500 000 ₸-ден · 1–2 апта
Жарнама, Reels, TikTok, трейлер
- Сценарий мен раскадровка
- AI-видео, музыка және дыбыстар
- Бір формат: 16:9 немесе 9:16
Фильм
1–3 минут · 1 000 000 ₸-ден · 3–5 апта
Қысқаметрлі фильм, отбасы тарихы, түсіндіру видеосы
- Кейіпкерлер әр кадрда бірдей көрінеді
- Қазақша дыбыстау (озвучка)
- Сценарийден монтажға дейін
Үлкен жоба
3 минуттан ұзақ · 2 000 000 ₸-ден · Мерзімін жеке келісеміз
Фильм, серия, 3D анимация
- Деректі және тарихи фильмдер
- Толық 3D өндіріс: модель, риггинг, анимация
- Бірнеше сериялы фильм
Бұл — бастапқы бағалар. Нақты бағасын брифтен кейін айтамыз, себебі ол видеоның ұзақтығына, кейіпкерлер мен сахналар санына, стиліне және дыбыстауына байланысты.
Бағасын есептеу
Видеоңыз қандай болатынын таңдаңыз: калькулятор шамамен қанша тұратынын және қанша уақытта дайын болатынын бірден көрсетеді. Содан кейін өтінім қалдырсаңыз, есебіңіз бізге өзі келеді.
| Видеоның ұзақтығы | Бағасы | Дайын болу мерзімі |
|---|---|---|
| 30 секундқа дейін | 500 000 – 700 000 ₸ | 1–2 апта |
| 1 минутқа дейін | 700 000 – 1 000 000 ₸ | 2–3 апта |
| 1–3 минут | 1 000 000 – 1 400 000 ₸ | 3–5 апта |
| 3 минуттан ұзақ | 2 000 000 ₸-ден | Мерзімін жеке келісеміз |
- 3D анимация: бағасы шамамен 1,6 есе жоғары.
- Диктордың дауысы: +50 000 ₸. Кейіпкерлер сөйлесе (lipsync): бағасы 20 %-ға өседі.
- Тік нұсқасы: +10 %, екінші тілдегі нұсқасы: +15 %.
Бұл — алдын ала есеп. Нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта (договорда) бекітеміз.
Біз жасайтын видео түрлері
Біздің негізгі тіліміз — қазақ тілі, сондықтан кез келген форматта кейіпкерлер қазақша сөйлейді. Мына форматтарға тапсырыс беруге болады:
- AI-мультфильм. Ертегі, аңыз немесе өз оқиғаңыз бойынша 1–3 минуттық мультфильм. «Түлкі мен Арыстан» дәл осындай форматта жасалған.
- Жарнамалық ролик. Өніміңізді, брендіңізді немесе компанияңызды таныстыратын қысқа видео. Оны теледидарға да, Instagram мен TikTok-қа да бейімдеп береміз.
- Трейлер. Фильміңізді, жобаңызды немесе іс-шараңызды алдын ала таныстыратын қысқа видео. Мысалға, «Қонаев» трейлері.
- Акиматтар мен мемлекеттік мекемелерге арналған видео. Мемлекеттік бағдарламаны қарапайым тілмен түсіндіретін ролик, жерлес тұлғалар туралы фильм немесе мерекеге арналған видео жасай аламыз.
- Телеарналар мен мектептерге арналған мультфильм. Балалар бағдарламасына, мерекелік эфирге немесе сабақта көрсетуге арналған қысқа мультфильм. Мысалға, тарихи тұлға, ертегі немесе жол қауіпсіздігі туралы.
- Мерейтойға арналған фильм. Әкеңіздің не атаңыздың өмір жолы туралы фильм: отбасылық фотолар мен мұрағатты жасанды интеллектпен қалпына келтіріп, жандандырамыз, ал оқиғаны диктордың дауысымен баяндаймыз. Адамның өмір жолы туралы фильмді бұрын да түсірдік: студия жетекшісі Бағлан Төлебайдың атасы Төлебай Орынбаевтың 100 жылдығына арналған «Айдынында жүзген ақ кеме» деректі фильмін жоғарыдағы видеолардың арасынан көресіз. Жақында бір кәсіпкер әкесінің мерейтойына арналған фильмге тапсырыс берді.
- 3D анимация. Кейіпкердің 3D моделін жасап, оны қозғалысқа келтіреміз, ал тауарыңызды 3D жарнамада көрсетеміз. «Алпамыс» мультфильмі мен 3D жарнама жинағы осы бағытта жасалған.
Егер сізде басқа отбасылық идея болса, мысалға, балаңыз басты кейіпкер болатын мультфильм, онда оны да бірге талқылап көрейік.
AI жұмысы арзан емес, кәсіби деңгейде көрінуі қажет. Композиция, дұрыс промпт, кадр және оқиға ырғағын үйлестіріп, кино тілі арқылы AI-мен фильмді премиум сапаға жеткіземіз.
— Бағлан Төлебай, студия жетекшісі
Жұмыс барысы: брифтен дайын видеоға дейін
Әр жобаны бір жүйемен жасаймыз. Сценарий мен кейіпкерлерді алдымен сізбен келісіп аламыз, ал генерацияға содан кейін ғана кірісеміз. Яғни видеоның қандай болатынын жұмыстың басында-ақ білесіз.
- Бриф. Алдымен сізбен сөйлесіп, видеоның мақсатын, кімге арналғанын, қайда көрсетілетінін және ұзақтығын анықтаймыз. Осыдан кейін нақты баға мен мерзімді айтамыз.
- Сценарий мен раскадровка. Идеяңызды сценарийге айналдырамыз. Содан кейін әр сахнаны кадрларға бөліп, раскадровка жасаймыз, яғни әр кадрда не көрінетіні алдын ала белгілі болады.
- Стиль мен кейіпкерлер. Видеоның стилін және кейіпкерлердің келбетін сізбен бірге бекітеміз. Осыдан кейін кейіпкер видеоның басынан аяғына дейін бір қалпында қалады.
- Генерация және анимация. Әр кадрды сурет және видео модельдерімен жасап, қозғалысқа келтіреміз. Бұл — ең көп уақыт алатын кезең, себебі үш минуттық мультфильм ондаған қысқа клиптен жиналады.
- Монтаж, музыка және дыбыстау. Клиптерді монтаждап, музыка мен дыбыстарды қосамыз, кейіпкерлерді қазақша сөйлетеміз.
- Түзетулер. Алғашқы нұсқаны көріп, пікіріңізді айтасыз, ал біз керек жерін түзетеміз. Түзетулер санын келісімшартта (договорда) бекітеміз.
- Дайын видео. Видеоны сізге қажет форматта береміз: теледидар мен YouTube үшін көлденең 16:9, ал Instagram мен TikTok үшін тік 9:16.
Видеоны өзіңіз жасағыңыз келсе
Видеоны өзіңіз жасауды үйренгіңіз келе ме? Онда академиямыздың AI.Cinema курсы сіз үшін арналған. Курста өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасауды қазақ тілінде үйренесіз. Мультфильм қалай жасалатынын «Жасанды интеллект арқылы мультфильм жасау» мақаласында қадам-қадаммен түсіндірдік.
Жиі қойылатын сұрақтар
Видео мен мультфильмге тапсырыс беру қанша тұрады?
Қысқа ролик те, мультфильм де 500 000 ₸-ден басталады. Шамамен бағасын осы беттегі калькулятормен бірден есептей аласыз, ал нақты бағасын брифтен кейін айтамыз, себебі ол видеоның ұзақтығына, кейіпкерлер мен сахналар санына, стиліне және дыбыстауына байланысты.
Видео қанша уақытта дайын болады?
30 секундқа дейінгі AI-ролик 1–2 аптада, ал 1–3 минуттық AI-мультфильм 3–5 аптада дайын болады. Ұзағырақ видео мен 3D анимацияның мерзімін жеке келісеміз. Нақты мерзімді келісімшартта (договорда) бекітеміз.
Видеоны қазақ тілінде дыбыстайсыздар ма?
Иә, қазақ тілі — біздің негізгі тіліміз: кейіпкерлерді қазақша сөйлетеміз, экрандағы жазулар да қазақша болады. Егер видеоның басқа тілдегі нұсқасы керек болса, оны брифте айтыңыз, бірге келісеміз.
Сценарийім жоқ, тапсырыс беруге бола ма?
Иә, болады. Сценарийді жазу — біздің жұмыстың бір бөлігі. Сіз идеяңызды немесе мақсатыңызды айтасыз, ал біз оны сценарий мен раскадровкаға айналдырып, сізбен келісеміз.
Фото бойынша кейіпкер жасауға бола ма?
Иә, болады. Мысалға, балаңызды немесе атаңызды мультфильмнің кейіпкері етуге болады, ол үшін бірнеше анық фото керек. Суретте бала болса, ата-анасының келісімі, ал ересек адам болса, оның өзінің немесе отбасының келісімі қажет. Мұндай тапсырыстың құны да 500 000 ₸-ден басталады.
Лав стори немесе мерейтойға видео жасайсыздар ма?
Иә, жасаймыз. Бұл — өз сценарийі бар фильм: оқиғаны сізбен бірге құрастырамыз, ескі фотоларды қалпына келтіріп, жандандырамыз, музыка мен диктордың дауысын қосамыз. Мұндай фильмнің құны да 500 000 ₸-ден басталады. Ал қарапайым отбасылық роликті өзіңіз де жасай аласыз: мерейтойға видео жасау және лав стори жасау мақалаларында қадам-қадаммен көрсеттік. Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді кіріспе AI.Onai курсынан бастауға болады, оның шарттарын тарифтер бетінен көресіз.
AI-мультфильмнің кәдімгі мультфильмнен айырмашылығы неде?
Жұмыс жолы ұқсас: екеуінде де сценарий, раскадровка, кейіпкер және монтаж бар. Айырмашылығы құралда, яғни кадрлар мен қозғалысты қолмен салмаймыз, жасанды интеллект модельдерімен жасаймыз. Бұл жұмысты тездетеді, ал композиция, кадр және оқиға ырғағы бәрібір режиссердің шешімі болып қала береді.
Дайын видеоның құқығы кімге тиесілі болады?
Видеоны қайда және қалай қолдануға болатынын, құқықтың кімге тиесілі болатынын келісімшартта (договорда) бекітеміз. Сондықтан бұл сұрақты брифте-ақ талқылап алған дұрыс.
Тапсырысты қалай беремін?
Осы беттегі өтінімді толтырыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз. Біз сізбен хабарласып, брифті бірге өткіземіз, содан кейін бағасы мен мерзімін айтып, келісімшарт (договор) жасаймыз.
Төлем қалай жүргізіледі?
Әр тапсырыс келісімшартпен (договормен) жүргізіледі. Төлем тәртібі мен мерзімін де сол келісімшартта бекітеміз.