Компанияға арналған оқыту (корпоративное обучение): Бағлан Төлебай командаңызға жасанды интеллект арқылы сурет, видео және жарнама жасауды қазақ не орыс тілінде үйретеді. Бағдарламаны компанияңыздың жұмысына қарай құрамыз, ал сметасын қысқаша сөйлескеннен кейін айтамыз.
- Қазақ тілінде немесе орыс тілінде
- Бағлан Төлебай сабақты өзі жүргізеді
- Келісімшартпен ЖК «Dansai» атынан
- Смета қысқаша сөйлескеннен кейін

Компанияңызға жарнама мен әлеуметтік желіге арналған сурет, видео жиі керек пе, ал жасанды интеллект құралдарын әзірге бір ғана қызметкеріңіз байқап жүр ме? Онда командаңызбен бірге оқығаныңыз дұрыс: бағдарлама бір, мұғалім бір, ал практиканы қызметкерлеріңіз компанияның өз тапсырмаларымен жасайды. Бағдарламаны AI.Onai мен AI.Cinema курстарымыздағы тақырыптардан құрамыз.
Бұл оқыту кімге арналған?
Маркетинг және SMM
Жарнама мен әлеуметтік желіге арналған сурет пен қысқа видеоны өздері жасауды үйренеді.
Дизайнерлер және контент-мейкерлер
Жасанды интеллектіні күнделікті жұмысына қосады: референстер, кейіпкердің тұрақтылығын ұстау, тапсырмаға қарай модель таңдау.
Кәсіпкер және шағын команда
Тауардың жарнамалық кадрын және қысқа жарнама ролигін студиясыз жасап көреді.
Мектептер мен оқу орталықтары
Мұғалімдер сабаққа керекті сурет пен видеоны өздері дайындауды үйренеді.

Командаңызға не үйретеміз?
Бағдарламаны тапсырмаңызға қарай алты тақырыптан құрамыз. Олардың бәрі AI.Onai мен AI.Cinema курстарымызда бар.
- Промпт және сурет. Керекті кадрды алу үшін промптты қалай жазу керек. Тексттен суретке (Text to image), суреттен суретке (Image to image), референстер, YouTube, Instagram және TikTok үшін 16:9, 9:16, 1:1 форматтары, сурет модельдерін салыстыру.
- Тауар жарнамасы. Тауардың жарнамалық кадры, кәсіби студиялық портрет, мереке афишасы. Тауар мен кейіпкердің тұрақтылығын кадрдан кадрға қалай ұстау керек.
- Жасанды интеллектпен видео. Тексттен видеоға (Text to video), суреттен видеоға (Image to video), бастапқы және соңғы кадр (Start + End), бір клипте бірнеше кадр (Multi-shot), камера қозғалысы. Veo, Kling және Seedance модельдерінің айырмашылығы және қай тапсырмаға қайсысын таңдаған дұрыс.
- Идея және сценарий. Логлайн, 6–8 оқиғадан тұратын қысқа сюжет, сценарий мен диалог, оларды ЖИ-мен бірге жазу. Кейіпкер мен локация паспорты: кейіпкердің тұрақтылығын әр сахнада ұстау үшін.
- Кино тілі. Shot list, план мен ракурс, композиция, жарық пен түс, визуалды стиль. ЖИ кадрындағы ақауларды роликке түспей тұрып қалай тауып, түзету керек.
- Дыбыс және монтаж. Дыбыстың төрт қабаты, дауыс пен музыка, монтаж бен ырғақ, түс коррекциясы, титрлер, экспорт және тік нұсқа.
Жарнамалық ролик осының бәрін бір жерге жинайды: тауардың кадры, қозғалыс, дауыс пен музыка, монтаж және тік нұсқа. Оның қалай жасалатынын қадам-қадаммен «ЖИ арқылы жарнама видео жасау» мақаласында жаздық.


Оқу форматтары
Бір күндік интенсив
Бір күн бойы командаңызбен бірге алғашқы промпттан бастап дайын суреттер мен қысқа видеоға дейін жасаймыз. Бұл бүкіл команда негізін бірге үйренуі үшін ыңғайлы.
Қысқа сабақтар сериясы
Арасында практикаға уақыт қалатын бірнеше сабақ. Қызметкерлеріңіз өз тапсырмаларымен жасап көреді, ал келесі сабақта шыққан жұмысты бірге талдаймыз.
Компанияңызға арналған жеке бағдарлама
Егер нақты нәтиже керек болса, мысалға, жарнамалық кадрлар сериясы не тауар туралы ролик, онда бағдарламаны соның айналасында құрамыз.
Сабақ қазақ не орыс тілінде өтеді, тілін өзіңіз таңдайсыз. Онлайн өте ме, әлде офисіңізде ме және топта қанша адам болады, мұның бәрін сөйлескенде шешеміз.
Жұмыс қалай жүреді?
- Қысқаша сөйлесу. Кім оқитынын және командаңыз немен айналысатынын айтасыз, ал біз сметасын айтамыз.
- Бағдарлама. Форматты, тақырыптарды, тілді және күндерін келісеміз.
- Келісімшарт. ЖК «Dansai» атынан келісімшарт (договор) жасаймыз: бағдарлама, күндер, сома және төлем тәртібі сонда жазылады.
- Сабақтар. Сабақты Бағлан Төлебай жүргізеді. Қызметкерлеріңіз тауарыңыздың не қызметіңіздің мысалында өз қолымен жасайды.
- Нәтиже. Әр қатысушыда сабақта жасаған өз жұмыстары қалады. Келісім бойынша Dansai-дың ішкі сертификатын береміз.

Сабақты кім жүргізеді?
Бағлан Төлебай — Dansai Academy негізін қалаушы және Dańsaı Studios студиясының жетекшісі, «Қазақфильм» резиденті, Нархоз университетінің аға оқытушысы, компьютерлік ғылымдар магистрі, жасанды интеллект пен машиналық оқыту бойынша докторант.
Үйрететін нәрсесін өзі де жасайды. Мысалға, «Қонаев» фильмінің трейлері (3:51) түсірілім тобынсыз, жасанды интеллектпен жасалған: 13 сахна, 80 кадр, 68 бейне үзінді, YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым. Ал «Түлкі мен Арыстан» мультфильмі Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro құралдарымен жасалды. Бұл студиямыздың өз жұмыстары, тапсырыспен жасалмаған.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері
Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен жолы туралы тарихи фильмнің трейлері, ұзақтығы 3:51. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған.

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі
Бағлан Төлебайдың қазақ ертегісі бойынша жасаған мультфильмі, ұзақтығы 2:56.
Қандай құралдар қолданамыз?
Сабақта курстарымыздағы құралдарды көрсетеміз: ChatGPT, Gemini, Google Flow, Higgsfield AI және Dansai AI Studio. Dansai AI Studio — бұл жеке кабинетіңіздегі біздің платформамыз: Nano Banana Pro, Veo 3.1, Kling 3.0 Pro және Seedance 2.0 бір жерде тұр, VPN мен USD картасы қажет емес. Промптты қазақша не орысша жаза бересіз. Director AI функциясы — промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді.

Оның өзіндік шектеулері де бар. Studio курс тарифімен бірге ашылады, токендер тарифке сыйға беріледі. Мұнда дауыс жасайтын құрал мен lip-sync жоқ, ал Higgsfield AI мен Google Flow подпискасы бөлек төленеді. Тобыңызға доступ (рұқсат) қалай беріледі, генерацияның ақысын кім төлейді, мұны сөйлескенде келісіп, сметаға жазамыз. Модельдер тізімі жеткізушілердің шартына қарай өзгеруі мүмкін.
Компанияға алдын ала нені шешіп алған дұрыс?
- Адамдардың беті. Кадрда қызметкеріңіз не клиентіңіз болса, алдымен оның рұқсатын алыңыз.
- Ішкі деректер. Жабық құжаттарды, клиенттер базасын және әлі жарияланбаған тауарды бөгде сервистерге жүктемеген дұрыс. Сондықтан практикаға арналған материалдарды бірге таңдаймыз.
- Таңбалау. 2025 жылғы 17 қарашада қол қойылған «Жасанды интеллект туралы» заң жасанды интеллектпен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді таңбалау талабын енгізді (Ақорда). Оны жарнамаңызға қалай қолдану керегін заңгеріңізбен нақтылаңыз.
Басқа нәрсе керек болса
- Бір адам оқиды. Онда қазақ тіліндегі жазылған курстар жарайды: кішкентай қадамнан бастау үшін AI.Onai, ал кәсіби деңгейде оқу үшін AI.Cinema. Шарттары тарифтер бетінде, ал алдымен тегін сабақтарды көріп алуға да болады.
- Дайын ролик керек. Оны студиямыз жасап береді: видео мен фильмге тапсырыс беру.
Өтінім қалдырыңыз
Кім оқитынын, неше адам екенін және қандай тапсырма барын жазыңыз. Сметасын қысқаша сөйлескеннен кейін айтамыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Компания қызметкерлерін оқыту қанша тұрады?
Ашық бағасы жоқ, себебі әр компанияның бағдарламасы бөлек. Сметасын қысқаша сөйлескеннен кейін айтамыз: ол қатысушылар санына, сабақтың ұзақтығына, өтетін жеріне және қолданатын құралдарға байланысты. Сома мен төлем тәртібін ЖК «Dansai» жасайтын келісімшартта бекітеміз.
Бұл курстарыңыздан несімен ерекшеленеді?
AI.Onai мен AI.Cinema — қазақ тіліндегі жазылған курстар: адам оларды өз қарқынымен өзі өтеді, онда тікелей эфирдегі сабақ жоқ. Ал компанияға арналған оқыту бөлек қызмет: тобыңызға мұғаліммен өтетін сабақтар, қазақ не орыс тілінде, бағдарламасы компанияңыздың жұмысына қарай құрылады.
Оқыту қай тілде өтеді?
Қазақ не орыс тілінде, тілін сабақ басталмай тұрып таңдайсыз. Жазылған курстарымыз тек қазақ тілінде, сондықтан орысша оқитын топқа олар қосымша материал бола алмайды.
Сертификат бересіздер ме?
Келісім бойынша қатысушылар Dansai-дың ішкі сертификатын алады. Бұл академиямыздың өз құжаты, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат емес.
Қызметкерлерге дайындық пен мықты компьютер керек пе?
Жоқ. Нөлден бастауға болады, ал генерация серверде жүреді, сондықтан кез келген ноутбук жарайды. Ағылшынша білу міндетті емес, интерфейстегі керекті сөздерді сабақта түсіндіреміз.
Оқыту онлайн өте ме, әлде офисте ме?
Онлайн не офисіңізде өтетінін сөйлескенде келісеміз. Біз Алматыдамыз.
Оқудан кейін сатылым өсе ме?
Мұны уәде етпейміз, себебі сатылым тауарға, жарнамаға және басқа да көп нәрсеге байланысты. Біз дағдыны үйретеміз: қызметкерлеріңіз сурет пен қысқа видео жасауды меңгереді, ал алғашқы жұмыстарын сабақта-ақ жасайды.
Бұрын қай компанияларды оқыттыңыздар?
Компанияға арналған оқыту біз үшін жаңа қызмет, сондықтан мұнда компания атаулары мен пікірлер жоқ. Деңгейімізді ашық жұмыстарымыздан, мысалға, «Қонаев» трейлерінен және тегін сабақтарымыздан көре аласыз.