Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

Dansai AI Studio: Veo, Kling және Nano Banana бір жерде, VPN мен USD картасыз

Жасанды интеллектпен бір видео жасау үшін көбіне бірнеше шетелдік сайтқа тіркеліп, әрқайсысына бөлек подписка алып, доллармен төлеуге тура келеді. Dansai AI Studio-да бәрі бір жерде: Veo, Kling, Seedance және Nano Banana Pro модельдері жеке кабинетіңізде тұр, промптты қазақша жазасыз, ал VPN мен USD карта керек емес. Бұл мақалада платформаның не екенін, алғашқы видеоңызды қалай жасайтыныңызды және платформаға қалай қол жеткізетініңізді түсіндіреміз.

, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 10 минут

Бір видео үшін бес сайт

Мысалға, сізде жақсы идея бар: атаңыздың ескі фотосын жандандырып, отбасыңызға көрсеткіңіз келеді немесе дүкеніңізге қысқа жарнама ролигі керек. Интернеттен «жасанды интеллект видео жасау сайт» деп іздейсіз де, әуре-сарсаңға түсесіз. Суретті бір платформада жасайсыз, видеоны екіншісінде, ал үшіншісіндегі модель қозғалысты жақсырақ шығарады деп естисіз. Промптты ағылшын тіліне аудару үшін төртінші сайтты ашасыз, ал видеоның сапасын арттыру үшін бесіншісін іздейсіз.

Әр сайтқа бөлек тіркеліп, бөлек подписка аласыз. Бағасы долларда, сондықтан USD карта керек, интерфейсі ағылшынша, ал кейбіріне кіру үшін VPN іздеуге тура келеді. Бір видео жасап болғанша, көңіліңіз суып қалуы мүмкін.

Ал енді басқа көріністі елестетіңіз. Жеке кабинетіңізді ашып, Dansai AI Studio-ға кіресіз. Промптты қазақша жазасыз, мысалға: «Кешкі уақытта ауыл шетінде күн батып барады, ескі қақпаның алдында ақ орамал таққан әже немересін күтіп тұр». Director AI батырмасын қосып, генерацияны бастайсыз. Біраз уақыттан кейін видеоңыз галереяда пайда болады. Модельдер де, токендеріңіз де, жобаларыңыз да бір терезеде тұр, ал интерфейсі қазақ тілінде.

Сіздің керемет идеяңыз бар ма? Онда Dansai AI Studio сіз үшін арналған: идеяңызды сурет пен видеоға дәл осы жерде айналдырасыз.

Dansai AI Studio деген не?

Dansai AI Studio — бұл өзіңіздің мультимедиалық шығармашылық туындыңызды жасайтын платформа. Мысалға: видео, суреттер генерация жасай аласыз (фильм, клип, дизайн және т.б.). Ең бастысы: біздің академияда үйренген біліміңізді сыртқа шықпай тікелей осы жерде қолдана аласыз.

— Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы

Яғни сыртқы Google Flow, Higgsfield AI құралдарының орнына бірден біздің Dansai AI Studio платформасында жобаларыңызды, курс практикасын жасай бересіз. Платформа dansai.kz сайтындағы жеке кабинетіңізде тұр. Генерация біздің серверде жүреді, сондықтан қуатты компьютер қажет емес. Ал Higgsfield AI мен Google Flow-ды сабақтарда да көрсетеміз, оларға подписка алу өз қалауыңыз.

Екі режим: «Суреттер» және «Видео»

Платформада екі режим бар. Әр режимнің өзіне тән AI модельдері, баптаулары және галереясы бар. Керек модельді тізімнен таңдайсыз да, жұмысты жалғастыра бересіз.

Dansai AI Studio режимдері мен модельдері, 2026 жылғы қазандағы жағдай
РежимМодельдерНе жасайсыз?
«Суреттер»Nano Banana Pro, Seedream 5.0 Pro, GPT Image 2, Grok ImagineТексттен суретке (Text to image): кейіпкер, постер, фильмнің алғашқы кадры. Суреттен суретке (Image to image): референс сурет арқылы
«Видео»Veo 3.1, Kling 3.0 Pro, Seedance 2.0 және олардың жеңіл, жылдам нұсқалары (Veo 3.1 Lite, Kling 2.5 Turbo, Seedance 2.0 Mini)Тексттен видеоға (Text to video), Суреттен видеоға (Image to video), бастапқы және соңғы кадр арқылы видео

Модельдер жиі жаңарып отырады, сондықтан Studio-дағы тізім де өзгеріп тұрады. Жаңа модельдер қосылады, ал модельді ұсынатын компанияның шарты өзгерсе, кейбірі ауысуы мүмкін. Сондықтан нұсқаның нөмірін жаттаудың қажеті жоқ, әр модельдің мықты жағын білсеңіз жеткілікті.

Промпт панелі және Director AI

Промпт панелінде жасағалы жатқан туындыңыздың промптын жазып, қандай AI модель қолдану керек, форматын анықтап, жобаңызды жасауды бастайсыз. Ал Director AI функциясы промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді: қазақша немесе орысша жазған ойыңызды таңдалған модельге лайықтап, кинематографиялық ағылшын тілінде қайта жазады. Оны қосқанда режиссерлік мәнерді де таңдайсыз: кинематографиялық, табиғи, жарнамалық, деректі немесе эпикалық. Ол батырманы өшіріп қойсаңыз да болады.

Модельге нақты қандай промпт кеткенін генерацияны ашып, «Director AI: модельге кеткен промпт» деген жерден көресіз. Бұл өзі жақсы сабақ: уақыт өте келе ағылшынша промпт жазуды да үйреніп аласыз.

Токен: ЖИ валютасы

Токен — бұл ЖИ валютасы. Әр генерация жасаған сайын сіздің токендеріңіз жұмсалып отырады. Бір генерацияның құны модельге, видеоның ұзақтығына, сапасына (720p, 1080p) және дыбысына байланысты. AI модельді таңдап, баптауларды енгізгеннен кейін қанша токен жұмсалатыны батырманың өзінде санмен көрсетіледі, яғни оны генерацияны бастамай тұрып білесіз. Ал генерация сәтсіз аяқталса, токендеріңіз қайтарылады.

Референс суреттер және «Менің элементтерім»

Модельге тек текст емес, сурет те бере аласыз. «Суреттер» режимінде промпттың жанындағы «+» батырмасын басып, кейіпкердің фотосын, заттың суретін немесе стиль үлгісін қосасыз. Қосылған суреттер промпттың үстінде бір қатар болып тұрады. Суреттердің реті маңызды, себебі модель «бірінші суреттегі адам» дегенді осы қатардағы орнына қарап түсінеді. Ретін тінтуірмен де, телефонда саусақпен де сүйреп ауыстыра аласыз.

Ал кейіпкеріңіз бірнеше видеода қайталанатын болса, оны «Менің элементтерім» кітапханасына бір рет сақтап қоясыз: кейіпкердің, заттың немесе локацияның фотосын қосып, оған ат бересіз. Kling 3.0 Pro моделінде промптқа «@» белгісін жазсаңыз, элементтеріңіздің тізімі ашылады да, керек кейіпкерді таңдайсыз, мысалға @Әже. Бір видеоға төрт элементке дейін қосуға болады. Осылай кейіпкердің тұрақтылығын ұстау әлдеқайда оңай болады.

Сапаны арттыру

Видеоны алдымен төменірек сапада (мысалға, 720p) жасап, нәтиже ұнаса ғана сапасын көтеруге болады. Ол үшін видеоны ашқанда немесе карточканың «⋯» мәзірінде «Сапаны арттыру» батырмасы бар: 480p немесе 720p видеоны 1080p сапасына, ал 1080p видеоны 4K сапасына дейін көтересіз. Терезеде видеоның қазіргі сапасы мен арттырғаннан кейінгі сапасы, ұзақтығы және бағасы алдын ала көрсетіледі. Ол 30 секундқа дейінгі видеоларға арналған. Бұл да токен үнемдеудің бір жолы: дубльдерді жылдам жасап, ең сәттісінің ғана сапасын арттырасыз.

Жобалар мен галерея

Барлық жасаған жұмыстарыңыз галереяда пайда болады. Әр жасаған жобаңызды жеке-жеке жіктеп қарауға болады. Және жоба мәзіріндегі «Файлға сақтау» арқылы файл қылып та сақтай аласыз. Бұл сіздің компьютеріңізде сақталады (серверде емес). Басқа құрылғыда жобаны «Файлдан ашу» арқылы ашасыз, ал zip қылып жүктеп алуға да болады.

Алғашқы видеоңыз: 5 қадам

Ең сенімді жол — бірден видео жасамай, алдымен суреттен бастау. Себебі сурет тезірек жасалады, оған токен де аз жұмсалады, ал кейіпкердің беті, киімі мен жарығы суретте алдын ала бекітіледі. Төменде бір кейіпкермен басынан аяғына дейін өтеміз.

1-қадам: Studio-ны ашыңыз

Жеке кабинетіңізге кіріп, Dansai AI Studio-ны ашасыз. Алғаш кіргенде қысқа нұсқаулық платформаны көрсетіп шығады, ал жоғарыдағы «?» түймесі оны қайта ашады. Генерация панелі алғашында пленкамен жабық тұрады: алдымен сабақты көріп аласыз, ал дайын болғанда пленканы басып, бір-ақ рет алып тастайсыз.

2-қадам: алғашқы кадрды жасаңыз

«Суреттер» режимінде Nano Banana Pro моделін таңдап, промптты қазақша жазасыз. Алдымен уақыт пен орынды, содан кейін кейіпкерді, соңында оның не істеп жатқанын айтыңыз. Director AI батырмасын қосуды ұмытпаңыз. Мысалға:

Кешкі уақытта ауыл шетінде күн батып барады, ескі қақпаның алдында ақ орамал таққан әже немересін күтіп тұр, айналаға алтын түсті жұмсақ жарық түсіп тұр.

— Промпт мысалы

Форматын да осы жерде шешіп алыңыз. Видеоның форматы бастапқы кадрдан алынады, сондықтан тік видео (9:16) керек болса, суретті де бірден сол форматта жасаңыз.

3-қадам: суретті видеоға жіберіңіз

Сурет ұнаса, оны ашып, «Видео жасау» батырмасын басасыз. Сурет «Видео» режиміне бастапқы кадр болып барады. Яғни видеоңыз дәл осы кадрдан басталады, ал әженің беті мен киімі көбіне сол күйінде сақталады.

4-қадам: қозғалысты жазыңыз

Суретте көрініп тұрған нәрсені қайта сипаттаудың қажеті жоқ, модель оны көріп тұр. Промптқа енді не болатынын ғана жазасыз: кейіпкер не істейді және камера қалай қозғалады. Мысалға:

Әже алыстан келе жатқан немересін көріп, күлімсірейді де, оған қарай баяу жүре бастайды, ал камера оның артынан ақырын ілеседі.

— Промпт мысалы

Содан кейін модельді (Veo, Kling немесе Seedance) және видеоның ұзақтығын таңдайсыз. Батырмада қанша токен жұмсалатыны көрінеді, соны көріп, генерацияны бастайсыз.

5-қадам: нәтижені тексеріңіз

Видео галереяда пайда болады. Ұнаса, жүктеп аласыз немесе «Сапаны арттыру» арқылы сапасын көтересіз. Ұнамаса, промптты түзетіп, дубль жасайсыз. Әр жолы бір ғана нәрсені өзгерткен дұрыс, сонда нәтижеге не әсер еткенін түсінесіз.

Жасанды интеллектпен жасалған жұмыстарымыз

Төменде біздің өз қолымызбен жасаған фильмдеріміз тұр. Олардың бәрі сіз оқитын курстардағы құралдармен жасалды.

«Қонаев» фильмінің трейлері

«Қонаев» фильмі арнайы жүйемен жасалды. Түсірілім тобы болған жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған. Трейлер YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады. Мұндай фильмде идея, сценарий, кейіпкер, кадр, дыбыс пен монтаж бір-бірімен байланысты: пайплайн, құрылым бар, әр кадрда сапа стандарты сақталады. AI.Cinema курсы дәл осы жолды идеядан бастап дайын фильмге дейін көрсетеді.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

Жасанды интеллектпен жасалған трейлер, 3:51

«Түлкі мен Арыстан» және «Бэтмен Алматыда»

«Түлкі мен Арыстан» — Бағлан Төлебайдың авторлық мультфильмі, ол қазақ ертегісін бүгінгі тілмен айтып береді. Мультфильм Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro-мен жасалды. Ал «Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі экшн сахналарды да жасауға болатынын көрсетеді: Руслан Берденов Бэтмен болып Алматы смогына қарсы шығады, ал төбелес, қуалау және қала үстіндегі айқас сахналары Seedance 2.0 арқылы түсірілді. Veo, Nano Banana Pro және Seedance модельдері бүгін Dansai AI Studio-да бар.

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі

Қазақша AI-мультфильм, 2:56

«Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі

«Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі

Жасанды интеллектпен жасалған экшн, 1:46

Dansai AI Studio-ға қалай қол жеткізесіз?

Dansai AI Studio академияның AI-тарифтерімен бірге ашылады. Әр генерацияның артында модельдің нақты құны тұр, сондықтан оған токен жұмсалады, ал токенді тарифпен бірге сыйға аласыз. Кабинетке тіркеліп кірсеңіз, платформаны еркін қарап шығуға болады, ал генерация жасау үшін тариф керек.

  • AI.Onai: жұмсақ бастау. Жасанды интеллектке кіріспе курс: барлық сабақ жазбада, төлемнен кейін бірден ашылады. Dansai AI Studio-да токен сыйға: алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызды осында жасайсыз, VPN мен USD картасыз.
  • AI.Cinema: толық жол. Өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз. Академияның жазбадағы барлық курстары ашылады, ал AI.Cinema сабақтары апта сайын толығып отырады. Dansai AI Studio-да токен сыйға: тұтас фильмге жетеді. Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеуге болады. Толығырақ AI.Cinema бағыты бетінде.

Токен таусылса, қосымша пакетті сол Studio-ның ішінен «+» батырмасы арқылы сатып аласыз. Тарифтердің бағасы мен құрамын тарифтер бетінен көресіз. Ал алдымен тегін бастап көргіңіз келсе, тегін видео сабақтарымыз бар, оларға тіркелу қажет емес.

Идеяңызды Dansai AI Studio-да суретке және видеоға айналдырасыз, ал AI.Cinema курсында одан тұтас фильм жасауды үйренесіз. Олай болса, шедевр жасауға кеттік!

Жиі қойылатын сұрақтар

Dansai AI Studio үшін VPN керек пе?

Жоқ. Платформа dansai.kz сайтындағы жеке кабинетіңізде ашылады, ал модельдерге біздің сервер арқылы қосыласыз. Сондықтан VPN орнатудың қажеті жоқ.

USD карта керек пе?

Жоқ. Тарифті де, қосымша токен пакетін де теңгемен төлейсіз: Kaspi QR, Kaspi Red немесе Visa, Mastercard картасымен. Модельдердің әрқайсысына бөлек шетелдік подписка алудың қажеті жоқ.

Промптты қазақша жазуға бола ма?

Иә. Промптты қазақша немесе орысша жазып, Director AI батырмасын қосасыз: ол ойыңызды таңдалған модельге лайықтап, кинематографиялық ағылшын тілінде қайта жазады. Ал Director AI батырмасын өшірсеңіз, промпт модельге сіз жазған күйінде кетеді, ондайда ағылшынша жазған дұрыс. Studio интерфейсі де қазақ тілінде.

Телефоннан видео жасауға бола ма?

Иә. Генерация серверде жүреді, сондықтан телефонның қуаты маңызды емес: Studio телефонның браузерінде де ашылады. Алғашында смартфон жарай береді, ал үлкен жобаларға (ұзақ ролик, монтаж) ноутбук не компьютер ыңғайлырақ. Бір ескерту: галерея әр құрылғының браузерінде бөлек сақталады, сондықтан басқа құрылғыда жалғастыру үшін жобаны файлға сақтап, сол файлды ашасыз.

Токен деген не және ол қанша видеоға жетеді?

Токен — бұл ЖИ валютасы: әр генерацияға токен жұмсалады. Бір генерацияның құны модельге, видеоның ұзақтығына, сапасына және дыбысына байланысты, сондықтан сол токендер бірде бірнеше қысқа клипке, бірде бір ұзақ видеоға жетеді. AI.Onai тарифіндегі токен алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызға жетеді, ал AI.Cinema тарифінде тұтас фильмге жетеді. Қанша токен жұмсалатынын генерацияға дейін батырмадан көресіз, ал сәтсіз аяқталған генерацияға жұмсалған токен қайтарылады.

Жасаған видеоларым қайда сақталады?

Галереяда, яғни өз браузеріңізде, серверде емес. Әр жобаңызды жеке-жеке жіктеп, файл қылып компьютеріңізге сақтай аласыз немесе zip қылып жүктеп аласыз. Кеңес: браузердің деректерін тазаласаңыз, галерея да өшіп қалуы мүмкін, сондықтан ұнаған жұмыстарыңызды бірден жүктеп алыңыз.

Dansai AI Studio-ны тегін қолдануға бола ма?

Кабинетке тіркеліп, платформаны еркін қарап шығуға болады, бірақ генерация тегін емес: оған токен жұмсалады. Токен академияның AI-тарифтерімен бірге сыйға келеді. Алдымен тегін бастап көргіңіз келсе, тегін видео сабақтарымызды тіркелусіз көріңіз.

Тағы оқыңыз