Жасанды интеллект курсын қазір тегін де, ақылы да оқуға болады. Тегін мемлекеттік курстардың ішінде Astana Hub-тың ChatGPT курсы, мұғалімдерге арналған «Өрлеу» курсы және университет студенттеріне арналған AI-Sana бағдарламасы бар. Ал ЖИ-мен сурет, видео не фильм жасауға арналған курстарды көбіне жеке мектептер ұсынады. Сондықтан курсты мақсатыңызға қарай таңдаған дұрыс. Мысалға, мұғалімге аттестация үшін сертификат керек болуы мүмкін, ал балаңызға ертегіден мультфильм не өз қысқаметрлі фильміңізді жасағыңыз келсе, онда сізге сертификаттан гөрі дайын жұмысты өз қолыңызбен жасап шығуды үйрететін курс керек. Төменде осы курстарды тілі, форматы, сертификаты мен бағасы бойынша салыстырдық.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 15 минут
Жасанды интеллект курстары не үйретеді?
Курстардың атауы ұқсас болғанымен, ішінде үйрететін нәрсесі әртүрлі. Жалпы алғанда, оларды үш топқа бөлуге болады, әр топтың өз аудиториясы бар.
- ЖИ-ді күнделікті жұмыста қолдану. ChatGPT, Gemini сияқты құралдармен текст жазасыз, жоспар құрасыз, ақпаратты қысқаша жинақтайсыз. Мемлекеттік тегін курстар көбіне осы тақырыптан басталады.
- ЖИ-ді бағдарламалау. Мұнда Python тілін, машиналық оқытуды және нейрондық желілердің қалай жұмыс істейтінін үйренесіз. Бұл болашақ IT мамандарына арналған жол.
- ЖИ-мен шығармашылық жұмыс. ЖИ көмегімен сурет, видео және мультфильм жасайсыз, оларға дыбыс қосып, монтаж жасайсыз. Мұнда нәтиже бірден көзге көрінеді: алдымен бір кадр жасайсыз, кейін ролик, ал соңында тұтас фильм.
Сіздің көптен бері ойыңызда жүрген идеяңыз, сценарийіңіз бар ма? Онда үшінші топқа ерекше назар аударыңыз. Бұрын фильм мен мультфильмді алып студиялар қомақты қаржымен жасайтын, ал енді мұндай жұмысты үйде отырып-ақ жасай аласыз: кейіпкеріңізді суретке, суретті видеоға айналдырып, дауыс пен музыка қосып, тұтас оқиға құрастырасыз.
Сондықтан курс таңдағанда алдымен өзіңізге бір сұрақ қойыңыз: маған не керек? Егер мақсатыңыз анық болса, онда төмендегі кестеден өзіңізге сай курсты тез табасыз.
Жасанды интеллект тегін курсы: мемлекеттік бағдарламалар
Қазақстанда ЖИ-ді тегін үйренуге болатын бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Әрқайсысы әртүрлі адамдарға арналған, сондықтан өзіңізге қайсысы сай келетінін алдын ала қарап алыңыз. Төмендегі мәліметтің бәрін 2026 жылғы 25 қазанда ресми беттерден тексердік.
Astana Hub: «Жасанды интеллект негіздері: ChatGPT»
Бұл ChatGPT-ді қолдануға үйрететін онлайн курс. Astana Hub сайтындағы сипаттамаға қарағанда, курс Skillbox платформасында өтеді және Astana Hub қосымшасы мен платформасын пайдаланушыларға мүлдем тегін. Курсты кез келген адам оқи алады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде, ал бағдарламасы 2 блок пен 45 видеосабақтан тұрады.
Оқу үшін Astana Hub-та тіркелесіз: курс беті аккаунтыңызға кіргеннен кейін ашылады. Егер ChatGPT-мен енді танысып жатсаңыз, бұл жақсы бастама болады.
«Өрлеу»: мұғалімдерге арналған ЖИ курсы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының MOOC платформасында мұғалімдерге арналған «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» курсы бар. Курс бетінде «Өрлеу» орталығымен қатар UNESCO да көрсетілген. Қазақша нұсқасы 8 сабақтан тұрады, жалпы ұзақтығы 6 сағат, ал соңында 25 сұрақтан тұратын қорытынды тест тапсырасыз. Курстың орыс тіліндегі нұсқасы да бар.
Курста ЖИ көмегімен сабақ жоспарын, тест пен тапсырмаларды, оқу материалдары мен сабаққа арналған суреттерді қалай жасауға болатыны көрсетіледі. Сондай-ақ ЖИ-дің ойдан шығарған жауаптарынан (галлюцинациясынан), плагиат пен дипфейктен қалай сақтануға болатынын да түсіндіреді. Яғни бұл курс, ең алдымен, сабағында ЖИ-ді қолданғысы келетін мұғалімдерге арналған. Платформа сипаттамасында курстар да, сертификаттар да тегін екені жазылған.
AI-Sana: университет студенттеріне арналған бағдарлама
AI-Sana бағдарламасы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған. Бірінші кезеңде студенттер Huawei, Coursera немесе Astana Hub платформаларының бірінде ЖИ-ге кіріспе курстан өтеді. Екінші кезең 8 аптаға созылады, студенттер аптасына 15 сағат оқиды. Бұл кезең Қазақстан университеттерінің студенттеріне тегін. Онда студенттер Google Colab-та Python тілінде код жазып, машиналық оқытудың негізін үйренеді, ал соңында командамен бірге стартап жобасын дайындайды.
Бағдарламаның келесі кезеңдеріне ағылшын тілін базалық деңгейде білу қажет, бірақ оны растайтын сертификат сұралмайды. Бұл бағдарлама ЖИ-дің қалай жұмыс істейтінін терең түсінгісі келетін, технология мен стартапқа қызығатын студенттерге арналған.
Tech Orda: IT мектебінде оқуға грант
Tech Orda бағдарламасы IT мектебінде оқуға грант береді. Грант 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына беріледі және бағдарламаға қосылған (аккредиттелген) жеке IT мектептеріндегі оқу ақысын жабады: онлайн не гибрид форматтағы оқуға 400 000 ₸-ге дейін, офлайн оқуға 500 000 ₸-ге дейін. Курс бұдан қымбат болса, айырмасын студент өзі төлейді. Курстардың арасында AI бағыты да бар.
Өтінімді ЭЦҚ арқылы бересіз. 5 курсқа дейін өтінім беруге болады, бірақ грант тек біреуіне беріледі. 2026 жылғы өтінім қабылдау 7 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында өтті, сондықтан келесі қабылдау қашан басталатынын сол беттен қарап отырыңыз. Курс қай тілде, қандай форматта өтетінін және соңында сертификат беріле ме, соны таңдаған мектебіңізден алдын ала сұрап алыңыз.
Dansai Academy-дің тегін сабақтары
Егер сізді шығармашылық бағыт қызықтырса, біздің тегін материалдар бетімізде бес видеосабақ бар: промпт пен сценарий жазудан бастап, суреттен видео жасау, кейіпкерді сөйлету және CapCut-та мультфильмге монтаж жасауға дейін. Сол жерде дайын промпттар да бар, бәрін тіркелусіз көре бересіз. Ал қай платформаларда видеоны тегін жасауға болатынын бөлек мақалада жаздық.
Ақылы курс не береді?
Тегін курстар негізді түсіндіріп, бағыт береді. Ал ақылы курста, әдетте, мына төрт нәрсе үшін ақша төлейсіз. Курс таңдағанда осы төртеуінің қайсысы бар екенін тексеріп алыңыз.
- Жүйелі практика. Әр сабақтан кейін тапсырма орындап, біртіндеп күрделірек жұмысқа өтесіз. Себебі дағды видео көргенде емес, өз қолыңызбен жасағанда қалыптасады.
- Кері байланыс. Мұғалім не куратор жұмысыңызды қарап, қай жерін түзету керек екенін айтады. Бұл әр тарифте бола бермейді, сондықтан алдын ала сұрап алыңыз.
- Дайын жоба. Жақсы курстың соңында портфолиоңызға қосатын жұмысыңыз қалады: ролик, мультфильм не қысқаметрлі фильм.
- Құралдар. Видео генерациясы бар платформалардың көбі ақылы, подпискасы доллармен төленеді. Кейбір курстар генерацияға қажет құралды бағаға қосып береді.
Мысалға, Skillbox-тың «Нейросети. Практический курс» курсы 3 айға созылады. Онда 120-дан астам практикалық сабақ пен 25-тен астам кейс бар. Үй тапсырмаларын куратор тексеріп, түсініктеме береді, ал курс соңында Lerna сертификатын аласыз. Курс беті орыс тілінде, ал оқу ақысын 12 айға бөліп төлеуге болады.
Dansai Academy курстары
Біздің академияда барлық сабақ қазақ тілінде және жазбада. Курстарыңыз жеке кабинетіңізде тұрады, төлемнен кейін бірден ашылады, ал оқитын уақытты өзіңіз таңдайсыз. Сурет пен видеоны кабинеттегі Dansai AI Studio платформасында жасайсыз: Nano Banana Pro, Veo 3.1, Kling 3.0 және Seedance 2.0 модельдері бір жерде тұр. Студия курс тарифімен бірге ашылады, ал генерацияға керекті токендер сыйға беріледі. Яғни сыртқы платформаларға бөлек подписка алу міндетті емес, VPN мен USD карта да қажет емес. Студияда не істеуге болатынын Dansai AI Studio туралы мақалада толық көрсеттік.
AI.Onai кіріспе курсында алғашқы суреттеріңіз бен қысқа видеоңызды жасайсыз. Мысалға, ескі фотоны қалпына келтіріп, суретті жандандырасыз. Ал AI.Cinema тарифінде академияның жазбадағы барлық курстары ашылады. Соның ішіндегі AI.Cinema курсында өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз: сценарийін жазып, кейіпкері мен кадрларын жасап, дыбыс қосып, монтаж жасайсыз. Бұл курстың сабақтары апта сайын ашылып, толығып отырады.
AI.Cinema курсында бастаушылар жиі қиналатын жерлерге бөлек сабақтар арналған. Мысалға, кейіпкердің беті мен киімі кадрдан кадрға өзгеріп кетпеуі үшін «Референстар» және «Кейіпкер паспорты» сабақтары бар. Ал дыбыс пен монтажға «Дыбыс, монтаж және дайын фильм» модулі арналған: онда дауыс пен диалогты, музыканы, монтаж бен түс коррекциясын бөлек-бөлек сабақпен түсіндіреміз, тіпті фильміңіздің тік нұсқасын шығаруды да көрсетеміз.
AI.Onai мен AI.Cinema тарифтерінде сабақтарды жазбадан, өз бетіңізше өтесіз. Ал өз жобаңызды мұғаліммен бірге жасағыңыз келсе, AI.Mentor Premium тарифі бар. Бұл — Бағлан Төлебаймен жеке менторлық: бір ай бойы аптасына екі рет онлайн кездесіп, өз фильміңіз бен рилстеріңізді бірге жасайсыз. Бұл тарифте де академияның барлық курсы ашық.
Курста қандай деңгейге ұмтылатынымызды студиямыздың жұмыстарынан көре аласыз. Мысалға, «Қонаев» фильмінің ресми трейлерін түсірілім тобынсыз, толығымен жасанды интеллектпен жасадық. Трейлер 2025 жылдың желтоқсанында жарияланып, YouTube-та 60 мыңнан астам көрілім жинады. «Қонаев» фильмі арнайы жүйемен жасалды, ал AI.Cinema курсында сіз де фильмді дәл осы жүйемен жасауды үйренесіз: алдымен идея мен сценарий, сосын кейіпкер мен кадр, ең соңында дыбыс пен монтаж. Трейлердің қалай жасалғанын «Қонаев» фильмі қалай жасалды? деген мақалада толық айтып бердік.
«Қонаев» фильмінің ресми трейлері
Ұзақтығы 3 минут 51 секунд. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған.
Жасанды интеллект бойынша сертификат алу: кімге қажет?
Сертификат туралы жиі сұрайды, ал жауабы мақсатыңызға байланысты. Кейде сертификат шынымен керек, ал кейде жасаған жұмысыңыз одан әлдеқайда көп нәрсе айтады.
Мұғалімдерге. Біліктілікті арттыру мен аттестация кезінде курстан өткеніңізді растайтын құжат сұралуы мүмкін. «Өрлеу» MOOC платформасының сипаттамасында сертификаттар тегін берілетіні жазылған. Бірақ қай курстың сертификаты аттестацияға есепке алынатынын мектебіңіздегі әдіскерден (методистен) не білім бөлімінен алдын ала сұрап алған дұрыс.
Студенттерге және IT саласына баратындарға. Сертификат резюмеңізде не бағдарламаға іріктеуде қосымша дәлел бола алады. Дегенмен сертификаттың өзі біліміңізді толық көрсетпейді, сондықтан жасаған жобаңыз бен жазған кодыңыз да маңызды.
Видео, жарнама және фильм жасағысы келетіндерге. Мұнда сертификаттан гөрі портфолио маңызды. Жұмысыңызды көрген адам құжатқа емес, роликтің өзіне қарайды: кадрдың сапасына, кейіпкердің тұрақтылығына, дыбыс пен монтажға. Сондықтан шығармашылық курста ең бастысы, соңында қолыңызда дайын жұмыс қалуы керек.
Dansai Academy-де курсты толық аяқтаған соң кабинетіңізде сертификат пайда болады. Оның жеке нөмірі бар, оны dansai.kz сайтында онлайн тексеруге болады. Бұл — академияның өз сертификаты, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат емес. Ал AI.Cinema курсында ең басты нәтиже, әрине, өзіңіз жасаған қысқаметрлі фильм.
Портфолиодағы жұмыс қандай болатынын мысалмен көрейік. Төмендегі «Түлкі мен Арыстан» мультфильмін академия негізін қалаушы Бағлан Төлебай жасады. Онда қазақ ертегісі бүгінгі тілмен айтылады, ал мультфильм курста қолданылатын құралдармен жасалды: Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro.
«Түлкі мен Арыстан»: жасанды интеллектпен жасалған қазақша мультфильм
Қазақ тілінде жасанды интеллект курсы бар ма?
Иә, бар. Astana Hub-тың ChatGPT курсы қазақ және орыс тілдерінде, «Өрлеу» курсының да бөлек қазақша нұсқасы бар. Ал Dansai Academy-де барлық курс басынан аяғына дейін қазақ тілінде.
Біздің курстарда ағылшынша білу міндетті емес. Интерфейстегі қажетті ағылшын сөздерін сабақта түсіндіреміз, ал Dansai AI Studio-да промптыңызды қазақша жаза бересіз. Director AI функциясы — промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді: оны қоссаңыз, қазақша жазған ойыңызды таңдалған модельге сай кәсіби ағылшын промптына айналдырады. Орысша оқитын таныстарыңыз болса, оларға орыс тіліндегі шолуымызды жібере аласыз.
Тегін және ақылы курстарды салыстыру
Негізгі айырмашылықтарды бір кестеге жинадық. Басқа ұйымдар мен мектептер туралы мәліметті олардың ресми беттерінен алдық, ал Dansai бағалары тарифтер бетінде тұр.
| Курс | Тілі | Форматы | Кімге арналған | Сертификат | Практика | Бағасы |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Astana Hub: ChatGPT курсы | қазақ, орыс | онлайн, 2 блок, 45 видеосабақ | кез келген адамға | ресми бетте айтылмаған | ChatGPT-ді қолдану | тегін, Astana Hub-та тіркелу керек |
| «Өрлеу»: Оқу үдерісі және ЖИ | қазақ, бөлек орысша нұсқасы бар | онлайн, 8 сабақ, 6 сағат, қорытынды тест | мұғалімдерге | иә, платформа сипаттамасы бойынша тегін | сабақ жоспары, тест, оқу материалы, сурет | тегін |
| AI-Sana | келесі кезеңдерге ағылшын тілінің базалық деңгейі қажет | 1-кезең: онлайн кіріспе курс; 2-кезең: 8 апта, аптасына 15 сағат | студенттерге, магистранттар мен докторанттарға | ресми бетте айтылмаған | Python, машиналық оқыту, командалық стартап жобасы | 2-кезең университет студенттеріне тегін |
| Tech Orda гранты | мектепке байланысты | онлайн, гибрид не офлайн | 18–45 жастағы ҚР азаматтарына | мектепке байланысты | мектептің бағдарламасына байланысты | грант: онлайн оқуға 400 000 ₸-ге дейін, офлайн оқуға 500 000 ₸-ге дейін |
| Skillbox: Нейросети | курс беті орыс тілінде | онлайн, 3 ай, 120-дан астам сабақ | жаңадан бастаушыларға да | Lerna сертификаты | 25-тен астам кейс, үй тапсырмасын куратор тексереді | ақылы, 12 айға бөліп төлеу |
| Dansai: AI.Onai | қазақ | жазбадағы сабақтар, жеке кабинет, 3 айға ашық | ЖИ-мен енді танысатындарға | курсты толық аяқтаған соң | ескі фотоны қалпына келтіру, суретті жандандыру, алғашқы қысқа видео; Dansai AI Studio-да токен сыйға | Тарифтер бетінде |
| Dansai: AI.Cinema | қазақ, ағылшынша білу міндетті емес | жазбадағы сабақтар, жеке кабинет, 12 айға ашық, жаңа сабақтар ашылып отырады | өз фильмін не мультфильмін жасағысы келетіндерге, нөлден бастаушыларға да | курсты толық аяқтаған соң | идеядан дайын қысқаметрлі фильмге дейін: сценарий, кейіпкер, кадр, дыбыс, монтаж; Dansai AI Studio-да токен сыйға, VPN мен USD картасыз | Тарифтер бетінде, Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеуге болады |
Жасанды интеллект курсы Алматыда ма, әлде онлайн ба?
Көп адам курсты өз қаласынан, мысалға, Алматыдан іздейді. Офлайн оқудың өз артықшылығы бар: мұғаліммен бетпе-бет кездесіп, топпен бірге оқисыз. Ал онлайн курста қай қалада не ауылда тұрсаңыз да, өзіңізге ыңғайлы уақытта оқисыз, әрі жолға уақыт кетпейді.
Егер офлайн оқығыңыз келсе, Tech Orda бағдарламасындағы IT мектептерін қараңыз да, курстың форматын сол жерден нақтылаңыз. Ал біздің курстардың бәрі онлайн: Алматыда, Шымкентте не Атырауда тұрсаңыз да, сабақтар бірдей ашылады. Генерация серверде жүреді, сондықтан кез келген ноутбук жарайды, ал видеосабақтарды тіпті смартфонмен де көре бересіз.
Курстың бағасы мен пікірлерін қалай тексересіз?
Баға курстың түріне қарай әртүрлі. Мемлекеттік курстар тегін, Tech Orda гранты оқу ақысын белгілі бір сомаға дейін жабады, ал жеке мектептердің бағасы олардың сайттарында тұрады. Біздің тарифтеріміздің бағасы мен бөліп төлеу шарттарын тарифтер бетінен көре аласыз.
Пікірлерді оқу пайдалы, бірақ одан да сенімді үш жол бар. Біріншіден, курс авторының өз жұмыстарын қараңыз. Мысалға, курс жетекшісі Бағлан Төлебай — «Қазақфильм» резиденті, Нархоз университетінің аға оқытушысы, ал оның студиясы жасаған «Қонаев» трейлерін жоғарыда көрдіңіз. Екіншіден, курстың тегін сабақтарын көріп, түсіндіру мәнері сізге ұнай ма, соны байқаңыз. Үшіншіден, төлемес бұрын ақшаны қайтару (возврат) шарттарын оқып шығыңыз.
Мақсатыңызға қарай курсты қалай таңдайсыз?
- ChatGPT-мен енді танысып жатсаңыз, Astana Hub-тың тегін курсынан бастаңыз.
- Мұғалім болсаңыз және сабақта ЖИ-ді қолданғыңыз келсе, «Өрлеу» MOOC платформасындағы тегін курсты қараңыз. Аттестацияға қай сертификат керек екенін алдын ала нақтылаңыз.
- Университет студенті болсаңыз және ЖИ-ді бағдарламалау жағынан үйренгіңіз келсе, AI-Sana бағдарламасына назар аударыңыз.
- IT мамандығын грантпен оқығыңыз келсе, Tech Orda-ның келесі қабылдауын күтіңіз.
- ЖИ-мен сурет пен видео жасап көргіңіз келсе, тегін сабақтардан бастаңыз, кейін AI.Onai кіріспе курсына өтуге болады.
- Өз фильміңізді не мультфильміңізді жасағыңыз келсе, қазақ тіліндегі кәсіби жасанды интеллект курсы AI.Cinema дәл осыған арналған: онда идеядан бастап дайын қысқаметрлі фильмге дейін өзіңіз жасайсыз.
Қай жолды таңдасаңыз да, практиканы тоқтатпаңыз. Курс бағыт береді, ал дағды әр жаңа жұмысыңызбен бірге өседі. ЖИ-ді үйренуді неден бастау қажет екенін жасанды интеллект үйрену туралы мақаламызда толық жаздық. Ал ЖИ-мен видео жасау, мультфильм жасау және суретті сөйлету жолдарын бөлек мақалаларда қадам-қадаммен көрсеттік.
Dansai Academy-де оқудың ерекшелігі неде?
Егер мақсатыңыз анық болса, яғни өз идеяңыздан фильм, мультфильм не ролик жасағыңыз келсе, онда біздің курстар дәл сіз үшін арналған. Біздің академия ерекшелігі — жасанды интеллектіні жай ғана таныстырып қоймай, оны кәсіби деңгейде үйрету. Біз ірге тасынан бастап әрбір қадамын бүге-шүгесіне дейін түсіндіреміз, сондықтан студиясыз, командасыз, миллиондаған бюджетсіз өз фильміңізді жасауды үйренесіз.
- Курс соңында өз фильміңіз болады. Сценарийден бастап монтажға дейін оның әр кезеңін өз қолыңызбен жасайсыз.
- Қазақ тілінде, ағылшынша білмесеңіз де болады. Барлық сабақ басынан аяғына дейін қазақ тілінде, ал промптыңызды қазақша жаза бересіз.
- Өз уақытыңызда оқисыз. Сабақтар жазбада, 12 айға ашық, ал жаңа сабақтар ашылып отырады.
- Dansai AI Studio, токен сыйға. Сыртқы платформаға доллармен подписка алу міндетті емес: бәрін жеке кабинетіңізде жасайсыз, VPN де керек емес.
- Kaspi арқылы бөліп төлеу. AI.Cinema тарифін 12 айға бөліп төлеуге болады.
Бірден толық курсқа жазылғыңыз келмесе, тегін сабақтардан не кіріспе AI.Onai курсынан бастаңыз: AI.Onai-ға төлеген ақшаңыз кейін жоғарғы тарифке өткенде есепке алынады. Ал сізге дайын фильм не мультфильм керек болып, оны өзіңіз жасауға уақытыңыз болмаса, онда студиямызға тапсырыс бере аласыз.
Олай болса, өз фильміңізді жасауға кеттік!
Жиі қойылатын сұрақтар
Жасанды интеллект курсын тегін қайдан өтуге болады?
Astana Hub-та ChatGPT бойынша тегін курс бар, ол қазақ және орыс тілдерінде. Мұғалімдерге «Өрлеу» MOOC платформасында тегін курс бар, ал университет студенттеріне AI-Sana бағдарламасы арналған. ЖИ-мен видео жасауды тегін байқап көргіңіз келсе, тегін материалдар бетіндегі бес видеосабақтан бастаңыз.
Жасанды интеллект бойынша сертификатты қалай алуға болады?
Сертификат, әдетте, курсты толық аяқтап, қорытынды тапсырманы орындаған не тест тапсырған соң беріледі. Мысалға, «Өрлеу» курсының соңында 25 сұрақтан тұратын қорытынды тест бар. Мұғалім болсаңыз, аттестацияға қай сертификат есепке алынатынын мектебіңізден алдын ала сұраңыз.
«Өрлеу» жасанды интеллект курсы тегін бе?
Иә. «Өрлеу» MOOC платформасының сипаттамасы бойынша курстар да, сертификаттар да тегін. Мұғалімдерге арналған «Оқу үдерісі және ЖИ» курсының қазақша және орысша нұсқасы бар, ұзақтығы 6 сағат.
Қазақ тілінде жасанды интеллект курсы бар ма?
Иә. Astana Hub пен «Өрлеу» курстарының қазақша нұсқасы бар. Dansai Academy-де барлық сабақ қазақ тілінде, ағылшынша білу міндетті емес: қажетті сөздерді сабақта түсіндіреміз.
Жасанды интеллект курсы қанша тұрады?
Мемлекеттік курстар тегін, ал Tech Orda гранты IT мектебіндегі оқу ақысын онлайн оқуға 400 000 ₸-ге дейін, офлайн оқуға 500 000 ₸-ге дейін жабады. Жеке мектептердің бағасы олардың сайттарында тұрады. Dansai Academy тарифтерінің қазіргі бағасы мен бөліп төлеу шарттарын тарифтер бетінен көре аласыз.
Dansai курсын бітірген соң сертификат беріле ме?
Иә. Курсты толық аяқтаған соң кабинетіңізде жеке нөмірі бар сертификат пайда болады, оны dansai.kz сайтында онлайн тексеруге болады. Бұл — академияның өз сертификаты, мемлекеттік үлгідегі құжат емес.
Жасанды интеллект курсын телефоннан оқуға бола ма?
Иә, видеосабақтарды телефоннан көре аласыз. Dansai AI Studio-да генерация серверде жүреді, сондықтан алғашында смартфон да жарай береді. Ал үлкен жобаларға (ұзақ ролик, монтаж) ноутбук не компьютер болғаны дұрыс.
Dansai курсын бөліп төлеуге бола ма?
Иә. AI.Cinema тарифін Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеуге болады. Тарифтердің қазіргі бағасы мен төлем шарттары тарифтер бетінде тұр.
ЖИ-ді бұрын қолданып көрмегенмін, курсты нөлден бастауға бола ма?
Иә. AI.Cinema курсы жасанды интеллектіні бұрын қолданбаған адамға есептелген: камера мен монтажды алдын ала білу қажет емес, кино тілін де осы жерде үйренесіз. Алдымен байқап көргіңіз келсе, тегін сабақтардан не кіріспе AI.Onai курсынан бастаңыз.