Жасанды интеллект курсын неден бастау керек? Мақсатыңызға байланысты: алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызды жасап көргіңіз келсе, AI.Onai-дан бастаңыз, ал өз фильміңізді жасағыңыз келсе, бірден AI.Cinema-да кәсіби деңгейде оқыңыз.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 7 минут

Сіздің идеяңыз бар ма, бірақ қай курстан бастау керегін білмей жүрсіз бе? Онда осы бетті оқып шығыңыз. Dansai Academy-де екі жол бар: бірін кішкентай қадамнан бастайсыз, ал екіншісінде бірден кәсіби деңгейде оқисыз. Екі курс та қазақ тілінде, сабақтар жазбада, ал сурет пен видеоны жеке кабинетіңіздегі Dansai AI Studio платформасында жасайсыз.
Екі жол: кішкентай қадамнан бастау және кәсіби деңгейде оқу
Курс таңдамас бұрын өзіңізге бір сұрақ қойыңыз: маған не керек? Егер жасанды интеллектінің не істей алатынын өз қолыңызбен байқап көргіңіз келсе, бұл бір жол. Ал көптен бері ойыңызда жүрген идеяңызды дайын фильмге айналдырғыңыз келсе, бұл басқа жол. Мына кестеден айырмашылығы бірден көрінеді.
| Сұрағыңыз | AI.Onai | AI.Cinema |
|---|---|---|
| Кімге арналған? | Жасанды интеллектпен енді танысып жатқан адамға | Өз фильмін, мультфильмін жасағысы келетін адамға |
| Соңында не жасайсыз? | Алғашқы суреттеріңіз бен қысқа видеоңыз | Өз қысқаметрлі фильміңіз, идеядан монтажға дейін |
| Қандай курстар ашылады? | AI.Onai кіріспе курсы | Академияның жазбадағы барлық курсы: AI.Cinema, AI.Onai және 3D бағыты |
| Доступ қанша уақытқа? | 3 ай | 12 ай, мерзім ішінде жаңа сабақтар да ашыла береді |
| Dansai AI Studio | Ашылады, алғашқы жұмыстарыңызға токен сыйға беріледі | Ашылады, тұтас фильмге жететін токен сыйға беріледі |
| Бөліп төлеу | Kaspi Red арқылы 3 айға | Kaspi арқылы 12 айға |
| Мұғаліммен кездесу | Жоқ, бәрі жазбада | Жоқ, бәрі жазбада |
AI.Onai: кішкентай қадамнан бастау

AI.Onai — бұл жасанды интеллектке кіріспе курс. Ол нөлден бастайтын адамға арналған: ChatGPT пен Gemini-мен танысасыз, Google Flow-да видео жасап көресіз, ал Dansai AI Studio-да алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызды жасайсыз. Сабақтан кейін 10 практикалық тапсырма мен екі мини-жоба бар, олардың бәрі өміріңізге жақын тақырыпта:
- ескі фотоны қалпына келтіру, атамен бір кадрда тұру, баланың суретін жандандыру;
- тауардың жарнамалық кадрын жасау, өзіңізді мультфильм кейіпкеріне айналдыру;
- бонус тапсырмалар: кәсіби студиялық портрет, ұлттық киімдегі тарихи портрет, бөлмені жаңарту, мереке афишасы, қазақ ертегісінің кадры;
- мини-жоба «Отбасы тарихы»: бір фотодан 30 секундтық ролик жасайсыз;
- мини-жоба «Ертегі мультфильм».
Оған қоса кабинетте дайын промпт кітапханасы бар: 10 сурет промпты және 10 видео промпты, көшіріп алып, бірден қолданасыз.

Әрине, AI.Onai-дың да өзіндік шектеулері бар. Бұл кіріспе курс болғандықтан, академияның басқа курстары бұл тарифте ашылмайды, ал өз фильміңізді жасау жолы мұнда жоқ. Материалдар 3 ай ашық тұрады. Егер алғашқы нәтижені көріп, бұл іс маған ұнай ма, соны білгіңіз келсе, онда бұл тариф дәл соған арналған.
AI.Cinema: кәсіби деңгейде оқу
Сіздің керемет идея, сценарий, ойларыңыз бар ма? Онда академияның флагманы — AI.Cinema курсы сіз үшін арналған. Мұнда идеядан бастап дайын қысқаметрлі фильмге дейін барасыз, яғни сценарий, кейіпкер, кадр, дыбыс және монтаж, бәрін кезең-кезеңмен үйренесіз. Соңында өз фильміңіз қалады: 60 секундтық тизер немесе 3 минуттық қысқа фильм, оған қоса жеке style book.

Бағдарламада 5 модуль мен 71 видеосабақ бар:
- Құралдар, сурет және видео жасау. Промпт негіздері, Тексттен суретке (Text to image), Суреттен видеоға (Image to video), Veo, Kling, Seedance обзорлары, камера қозғалысы. Соңында техникалық тест-ролик жасайсыз.
- Идея, сценарий, кейіпкер және фильм әлемі. Логлайн, басты кейіпкер, қақтығыс, сценарий мен диалог, кейіпкер паспорты, кейіпкердің тұрақтылығын ұстау. Соңында фильміңіздің сценарийі мен паспорттары дайын болады.
- Кино тілі және кадр жасау. План мен ракурс, композиция, жарық, барлық негізгі кадрларды (keyframe) жасау, сөйлейтін сахна. Соңында фильмнің өндірістік пакетін жинайсыз.
- Дыбыс, монтаж және дайын фильм. Дауыс пен музыка, монтаж, ырғақ, түс коррекциясы, титрлер, экспорт және тік нұсқа. Соңында аяқталған бір сахнаңыз болады.
- Өз фильміңді жаса! Жобаңыздың брифін жазып, шешімдеріңізді бекітіп, финалдық фильміңізді жасайсыз.
AI.Cinema тарифімен академияның жазбадағы барлық курсы ашылады: AI.Cinema, AI.Onai және 3D бағытындағы курстар. Яғни AI.Onai-ды бөлек алудың қажеті жоқ, ол осы тарифтің ішінде тұр. Материалдар 12 ай ашық, ал мерзім ішінде жаңа сабақтар қосымша төлемсіз ашыла береді.
Мұнда да екі нәрсені алдын ала біліп алған дұрыс. Біріншісі, AI.Cinema курсы әлі жазылып жатыр: сабақтары апта сайын ашылып, толығып отырады, яғни бағдарламадағы сабақтардың бәрі бірден ашық емес. Екіншісі, бұл тарифте тікелей эфир де, мұғаліммен жеке кездесу де жоқ: бәрін жазбадан, өз қарқыныңызбен өтесіз, ал сұрағыңызды WhatsApp-қа жаза аласыз.
Курста қандай деңгейге ұмтылатынымызды мына екі жұмыстан көресіз. Бұлар білім алушылардың емес, біздің өз жұмыстарымыз: «Қонаев» трейлері студия жұмысы, ал «Түлкі мен Арыстан» Бағлан Төлебайдың авторлық мультфильмі.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері
Студия жұмысы, 3:51. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған.

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі
Бағлан Төлебайдың авторлық жұмысы, 2:56. Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro-мен жасалды.
Қай курсты таңдаған дұрыс?

- Әлі ештеңе жасап көрмеген болсаңыз, онда алдымен тегін сабақтарды қараңыз: бес видеосабақ пен дайын промпттар бар, тіркелу қажет емес.
- Жасанды интеллектіні байқап көргіңіз келсе, мысалға, отбасыңыздың ескі фотосын жандандырғыңыз немесе дүкеніңіздің тауарына бір жарнамалық кадр жасағыңыз келсе, онда AI.Onai жетеді.
- Идеяңыз, сценарийіңіз, ойыңызда жүрген фильміңіз бар болса, онда бірден AI.Cinema тарифін алған дұрыс, себебі AI.Onai оның ішінде тұр.
- Өз жобаңызды мұғаліммен бірге жасағыңыз келсе, онда AI.Mentor Premium тарифі бар: Бағлан Төлебаймен бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесіп, өз фильміңіз бен рилстеріңізді бірге жасайсыз.
Ал кейбір мақсаттарға бұл курстар сай келмейді. Мысалға, аттестацияға мемлекеттік бағдарламаның сертификаты керек болса немесе Python мен машиналық оқытуды үйренгіңіз келсе, онда басқа курстарды қараңыз: оларды ЖИ курстарын салыстырған мақалада жинадық. Жасанды интеллектіні үйренудің жалпы жолын бөлек мақалада жаздық, ал біздің өзіміз туралы мына бетте ашық айтамыз.
AI.Onai-дан AI.Cinema-ға қалай өтесіз?
Бастап көріп, ұнаса, жоғарғы тарифке өтесіз, бұл солай ойластырылған. AI.Onai төлеміңіз AI.Cinema немесе AI.Mentor Premium тарифіне өткенде есепке алынады, ал кабинетіңіз бен жасаған жұмыстарыңыз сол күйі қалады. Бұл тек AI.Onai-дан жоғарғы тарифке өткенде болады.

Екі жолда да Dansai AI Studio бар

Видео генерациясы бар платформалардың көбі шетелдік, подпискасы доллармен төленеді. Ал біздің курстарда оқысаңыз, сурет пен видеоны жеке кабинетіңіздегі Dansai AI Studio платформасында жасайсыз: Nano Banana Pro, Veo 3.1, Kling 3.0 Pro және Seedance 2.0 модельдері бір жерде тұр, VPN мен USD карта қажет емес. Модельдер тізімі өзгеріп тұруы мүмкін.
Studio тарифпен бірге ашылады, ал токендер тарифпен бірге сыйға беріледі. Промптты қазақша жазасыз, ал Director AI функциясы промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді. Studio-да озвучка мен lip-sync құралдары жоқ, оларға бөлек сервис керек болады. Толығырақ Dansai AI Studio туралы мақалада жаздық.
Оқу форматы және тарифтері
Бағасын мына карточкалардан көресіз, онда сайттағы нақты баға тұр. AI.Cinema-ны Kaspi арқылы 12 айға, AI.Onai-ды Kaspi Red арқылы 3 айға бөліп төлеуге болады. Kaspi QR, Kaspi Red немесе картамен төлесеңіз, сабақтар бірден ашылады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жасанды интеллект курсын неден бастаған дұрыс?
Мақсатыңыздан бастаңыз. Алғашқы суреттеріңіз бен видеоңызды жасап көргіңіз келсе, AI.Onai кіріспе курсы жетеді. Өз қысқаметрлі фильміңізді жасағыңыз келсе, AI.Cinema тарифін алыңыз, AI.Onai оның ішінде тұр. Ал алдымен ақша жұмсамай көргіңіз келсе, тегін сабақтардан бастаңыз.
Нөлден бастасам бола ма? Камера, монтаж білу керек пе?
Иә, нөлден бастауға болады: курс жасанды интеллектіні бұрын қолданбаған адамға арналған. Камера мен монтажды алдын ала білу қажет емес.
AI.Onai-дан кейін AI.Cinema-ға өтуге бола ма?
Иә, солай ойластырылған. AI.Onai төлеміңіз жоғарғы тарифке өткенде есепке алынады, ал кабинетіңіз бен жасаған жұмыстарыңыз сол күйі қалады.
Бірден AI.Cinema-дан бастасам бола ма?
Иә. Бірінші модуль құралдар мен промпт негіздерінен басталады, ал AI.Onai курсы да осы тарифпен бірге ашылады. Егер идеяңыз анық болса, бұл жол ыңғайлы.
Бөліп төлеуге бола ма?
Иә. AI.Cinema-ны Kaspi арқылы 12 айға, AI.Onai-ды Kaspi Red арқылы 3 айға бөліп төлей аласыз. Бағасы тарифтер бетінде тұр.
Телефонмен оқуға бола ма?
Иә, сабақтарды телефоннан көре аласыз, ал генерация серверде, Dansai AI Studio платформасында жүреді. Алғашында смартфон жарай береді. Үлкен жобаларға (ұзақ ролик, монтаж) ноутбук не компьютер болғаны дұрыс.
Ағылшынша білу керек пе?
Міндетті емес. Барлық сабақ қазақ тілінде, ал құралдардағы керек сөздердің бәрін сабақта түсіндіреміз.
Мұғаліммен оқуға бола ма?
AI.Onai мен AI.Cinema жазбада өтеді, тікелей эфир жоқ. Бағлан Төлебаймен жеке оқығыңыз келсе, AI.Mentor Premium тарифі бар: бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесесіздер.