Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

Dansai Academy: неге бізде оқу керек?

Dansai Academy — жасанды интеллект пен 3D графиканы қазақ тілінде үйрететін онлайн-академия. Неге бізде оқу керегін тексеруге болатын нәрселермен көрсетеміз: жұмыстарымыз, курс жетекшісі, оқу форматы және шектеулеріміз.

, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 6 минут

Орыс тілінде оқу

«Қонаев» трейлерінен кадр: Дінмұхамед Қонаев бағаналы үлкен залда, қара костюм киген адамдардың арасында отыр

Сіздің керемет идея, сценарий, ойларыңыз бар ма? Онда оқитын жеріңізді мұқият таңдаған дұрыс, себебі курсқа ақшаңыз бен уақытыңызды жұмсайсыз. Төмендегінің бәрін өзіңіз тексере аласыз: фильмдеріміз YouTube-та ашық тұр, тегін сабақтарды тіркелусіз көресіз, ал шектеулерімізді де жасырмай жаздық.

Біздің өз қолымызбен жасаған фильмдер

Мұғалімнің деңгейін оның жұмысынан көресіз. Сондықтан ең алдымен біздің жұмыстарды қараңыз. Бұлар тапсырыс емес, студияның және автордың өз жобалары, ал білім алушылардың жұмыстарын бұл бетке қоймадық.

«Қонаев» фильмінің трейлері

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

Студия жұмысы, 3:51. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған.

Бұл — Дінмұхамед Қонаевтың өмірі туралы тарихи фильмнің трейлері. Ұзақтығы 3:51, ішінде 13 сахна, 80 кадр және 68 бейне үзінді бар. Трейлерді 2025 жылдың желтоқсанында жарияладық, ол YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады. Ең бастысы, «Қонаев» фильмі арнайы жүйемен жасалды, ал AI.Cinema курсында сол жүйені кезең-кезеңмен үйренесіз. Қалай жасалғанын бөлек мақалада бүге-шүгесіне дейін айтып бердік.

Мультфильм, қысқа фильм және деректі фильм

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі

Бағлан Төлебайдың авторлық жұмысы, 2:56.

«Бэтмен Алматыда» қысқа фильмі

«Бэтмен Алматыда» қысқа фильмі

Фан-арт жоба, 1:46.

  • «Түлкі мен Арыстан». Қазақ ертегісінің желісімен жасалған қысқа мультфильм. Бұл Бағлан Төлебайдың авторлық жұмысы, Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro-мен жасалды.
  • «Бэтмен Алматыда». Алматының түтіні туралы қысқа фильм, Seedance 2.0-мен жасалды, басты рөлде Руслан Берденов. Бұл фан-арт жоба, ешқандай ресми тапсырыс емес.
  • «Айдынында жүзген ақ кеме». Бағлан Төлебайдың атасы Төлебай Орынбаев туралы деректі фильм, 21:03. Ол атасының туғанына 100 жыл толуына орай түсірілген, ішінде отбасылық мұрағат пен атасын көзі көрген адамдардың естеліктері бар.

«Айдынында жүзген ақ кеме» деректі фильмі

Қайраткер Төлебай Орынбаевтың өмірі туралы отбасылық деректі фильм, 21:03.

3D анимация және ойын

«Ер Төстік оқиғалары» постері: Ер Төстік қараңғы орманда жалмауыз кемпірмен айқасып жатыр
«Ер Төстік оқиғалары» ойын жобасының постері.

Жасанды интеллектке дейін де студия 3D анимациямен айналысып келді. Мысалға, «Алпамыс» пилоттық мультфильмі (3D анимация, 6:07, режиссерлері Бағлан Төлебай мен Әділхан Шыңғыс) және «ЕрТөстік оқиғалары» смартфон ойыны. Барлық жұмысты Жобалар бетінен көресіз.

Курсты кім жүргізеді?

«Қонаев» трейлерінен кадр: бұлтты күні кеніште киімі шаң-топырақ болған жұмысшылар жер қазып жатыр
Кеніштегі сахна: Бағлан Төлебай авторы болған «Қонаев» фильмінен кадр.

Академияның негізін қалаушы және AI.Cinema курсының жетекшісі — Бағлан Төлебай. Сайтта оның жолы туралы былай жазылған: «13 жыл 3D графикада · 300+ түлек · 2019 жылдан бері · 30+ жоба». Ал өзі туралы қысқаша айтсақ:

  • «Қазақфильм» резиденті;
  • Нархоз университетінің аға оқытушысы;
  • компьютерлік ғылымдар магистрі;
  • ЖИ және машиналық оқыту бойынша докторант;
  • «Қонаев», «Түлкі мен Арыстан», «Ер Төстік» жобаларының авторы.

AI.Mentor Premium тарифіндегі жеке менторлықты да Бағлан Төлебайдың өзі жүргізеді.

Барлық сабақ қазақ тілінде

Біздің басты ұстанымымыз — білімді қазақ тілінде беру. Әр курс, материалдарымыз басынан аяғына дейін қазақ тілінде.

— Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы

Ағылшынша білу міндетті емес, себебі құралдардағы керек сөздердің бәрін сабақта түсіндіреміз. Промптты да қазақша жаза бересіз. Мысалға: «Таңғы уақытта тұман басқан далада батыр ат үстінде шауып келеді, баяу қозғалып жатыр». Ал орысша сабақ бізде жоқ, мұны да ескеріңіз.

Сол жақта промпт, оң жақта сол промпт бойынша жасалған кадр: түлкі тымақ киген бүркітші қарлы тауда ат үстінде қолына бүркітін қондырып отыр
Қазақша промпт және сол промпт бойынша жасалған кадр.

Dansai AI Studio жеке кабинетіңізде

Dansai AI Studio-ның «Видео» режимі: «Кадрлар» ішіне бастапқы және соңғы кадр қосылған
Dansai AI Studio-ның «Видео» режимі: бастапқы кадрды, қаласаңыз соңғы кадрды да қосасыз, ал астына промптты жазасыз.

Сабақты көріп болған соң, сыртқа шықпай, сурет пен видеоны сол кабинетте жасайсыз. Dansai AI Studio-да Nano Banana Pro, Veo 3.1, Kling 3.0 Pro және Seedance 2.0 модельдері бір жерде тұр, VPN мен USD карта қажет емес. Director AI функциясы промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді. Генерация серверде жүреді, сондықтан қатты бір мықты компьютердің қажеті жоқ. Толығырақ Dansai AI Studio туралы мақалада жаздық.

Шектеулеріміз: алдын ала біліп алыңыз

Қысқы кеш: қар жауып тұрған кең көшемен ескі көліктер келе жатыр, көше шамдарынан сарғыш жарық түсіп тұр
«Қонаев» фильміндегі қысқы көше.

Кез келген курстың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сатып алғаннан кейін көңіліңіз қалмауы үшін, шектеулерімізді осында ашық жазамыз.

  • AI.Onai мен AI.Cinema толығымен жазбада. Эфир, вебинар, поток және кинокөрсетілім бұл тарифтерде жоқ, үй тапсырмасын мұғаліммен талдау да жоқ. Сұрағыңызды WhatsApp-қа жазасыз. Мұғаліммен жеке кездесу тек AI.Mentor Premium тарифінде бар.
  • AI.Cinema курсы әлі жазылып жатыр. Бағдарламада 5 модуль мен 71 видеосабақ бар, бірақ сабақтар апта сайын ашылып, толығып отырады. Егер бүкіл курс бірден дайын болуы керек болса, мұны ескеріңіз.
  • Dansai AI Studio тегін емес. Ол курс тарифімен бірге ашылады, токендер тарифпен бірге сыйға беріледі, ал токен таусылса, қосымша пакетті сол кабинеттен аласыз. Studio-да озвучка мен lip-sync құралдары жоқ.
  • Жұмысқа орналастыруды да, табысты да уәде етпейміз. Біз кәсіп үйретеміз, ал нәтиже өз еңбегіңізге байланысты.
  • Сертификат — академияның өз сертификаты. Курсты толық аяқтаған соң кабинетіңізде жеке нөмірі бар сертификат пайда болады, оны dansai.kz сайтында онлайн тексеруге болады. Бірақ бұл мемлекеттік үлгідегі құжат емес.

Оқуды қалай бастайсыз?

Адам жарқыраған ұзын баспалдақтың етегінде жоғары қарап тұр
Иллюстрация: оқуды кішкентай қадамнан да, бірден кәсіби деңгейден де бастауға болады.
  • Тегін. Тегін сабақтар бетінде бес видеосабақ пен дайын промпттар бар, тіркелу қажет емес. Сабақтың қалай өтетінін сол жерден көресіз.
  • Кішкентай қадамнан бастау: AI.Onai. Кіріспе курс: алғашқы суреттеріңіз бен қысқа видеоңызды жасайсыз, мысалға, ескі фотоны қалпына келтіріп, суретті жандандырасыз. Kaspi Red арқылы 3 айға бөліп төлеуге болады, ал төлеміңіз жоғарғы тарифке өткенде есепке алынады.
  • Кәсіби деңгейде оқу: AI.Cinema. Өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз, академияның жазбадағы барлық курсы да ашық тұрады. Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеуге болады.
  • Жеке жұмыс: AI.Mentor Premium. Бағлан Төлебаймен бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесіп, өз фильміңіз бен рилстеріңізді бірге жасайсыз.

AI.Onai мен AI.Cinema-ның айырмашылығын бөлек мақалада кесте қылып жаздық. Бағасын мына карточкалардан көресіз, онда сайттағы нақты баға тұр.

Жиі қойылатын сұрақтар

Dansai Academy деген не?

Бұл — қазақстандық онлайн-академия: жасанды интеллектіні, 3D графиканы және анимацияны қазақ тілінде үйретеді. Негізін қалаған Бағлан Төлебай. Курстарды ЖК «Dansai» (Алматы) сатады, оқу толығымен онлайн, сондықтан кез келген қаладан оқи аласыз.

Dansai Academy туралы пікірлер қайда?

Бұл бетте білім алушылардың пікірін келтірмедік, себебі расталмаған текст қойғымыз келмейді. Оның орнына өзіңіз тексере алатын нәрселер бар: фильмдеріміз YouTube-та ашық, тегін сабақтарды тіркелусіз көресіз, ал сұрағыңызды WhatsApp-қа жаза аласыз.

Оқуды бітірген соң жұмысқа орналастырасыздар ма?

Жоқ, жұмысқа орналастыруды да, табысты да уәде етпейміз. Курс кәсіп пен тәжірибе береді, ал нәтиже оны қалай қолданғаныңызға және өз еңбегіңізге байланысты.

Сертификат бересіздер ме?

Иә. Курсты толық аяқтаған соң кабинетіңізде сертификат пайда болады, оның жеке нөмірі бар, dansai.kz сайтында онлайн тексеріледі. Бұл — академияның өз сертификаты, мемлекеттік үлгідегі құжат емес.

Ақшаны қайтаруға бола ма?

Сатып алар алдында сізге оферта-шартты ұсынамыз, шешімді онымен танысқаннан кейін қабылдайсыз. Оқуды тоқтатқыңыз келсе, алдымен қолжетімділікті 1 айға дейін мұздатуды ұсынамыз. Ақшаны қайтару шкаласы офертада: материалдар әлі ашылмаса — 50%, ашылған болса — 25%, бағдарламаның жартысынан көбі өтілсе не 14 күннен асса — қайтарылмайды. Бұдан бөлек Kaspi-дың бөліп төлеу комиссиясы мен жұмсалған токендердің құны ұсталады.

Мұғаліммен оқуға бола ма?

AI.Onai мен AI.Cinema жазбада өтеді. Бағлан Төлебаймен жеке оқығыңыз келсе, AI.Mentor Premium тарифі бар: бір ай бойы аптасына екі рет жеке онлайн кездесесіздер, күндерін бірге белгілейсіздер.

Жасым 18-ге толмады. Оқи аламын ба?

Иә, оқи аласыз. Тек төлемді ата-анаңыз жасайды: тапсырыс бергенде сізге арнайы сілтеме беріледі, оны ата-анаңызға жібересіз, олар келісімін растап төлейді.

Тағы оқыңыз