Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.
Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.
Қазақстандық платформа, интерфейсі қазақ тілінде. Kaspi QR арқылы теңгемен төлейсіз: шетелдік карта мен VPN керек емес, подписка да жоқ. Бұл курс емес: токен пакетін бір рет сатып аласыз да, қалаған модельге жұмсай бересіз. Veo, Kling, Seedance, Nano Banana Pro және басқа модельдер бір жерде тұр.
Нақты жұмыстар: фото реставрациясы, портрет, тауар және Dansai Studios фильмдері мен мультфильмдерінен кадрлар. Модельдің аты жазылған жұмыс сол модельмен жасалған, қасында Studio-дағы бір генерацияның бағасы тұр.
Подписка жоқ: картаңыздан ай сайын ақша алынбайды. Теңгемен төлейсіз, шетелдік карта мен VPN керек емес.
Сайтқа кіргеннен бастап дайын файлды жүктеп алғанға дейін алты қадам.
Пакет 90 күн жарамды. Токенді кез келген модельге жұмсайсыз. Сандар қазіргі бағамен есептелген. Бір генерацияға қанша токен кететіні модельге, ұзақтығына, сапасына және дыбысы бар-жоғына байланысты. Нақты бағасы іске қосар алдында батырмада көрінеді.
Генерация шықпай қалса, жұмсалған токен шотыңызға өзі қайтып түседі, бізге жазудың қажеті жоқ. Ал модель бос болмаса, Studio кезек босағанда генерацияны өзі қайта іске қосады.
Пакет сатып алған сәттен бастап 90 күн жарамды. Мерзімі біткенде қалған токен жойылады, келесі пакетке ауыспайды.
Қазақ және орыс тілдерінде. Тілді Studio-ның жоғарғы жағындағы KZ / RU батырмасымен ауыстыра аласыз.
Жоқ. Теңгемен Kaspi QR не банк картасы арқылы төлейсіз. Studio dansai.kz сайтында ашылады, модельдерге біздің сервер арқылы қосыласыз, сондықтан VPN қажет емес.
Иә, Studio телефонның браузерінде де ашылады. Генерация серверде жүреді, сондықтан қуатты телефонның қажеті жоқ. Ал ұзақ жобалармен компьютерде жұмыс істеу ыңғайлырақ.
Галерея сіз жұмыс істеген браузерде, яғни өз компьютеріңізде не телефоныңызда сақталады (серверде емес). Сондықтан керек суреттер мен видеоларды жүктеп алып отырыңыз.
Токен ақша емес: ол ақшаға айырбасталмайды және ақшалай қайтарылмайды, бұл жария офертаның 7-бөлімінде жазылған. Төлемге қатысты сұрағыңыз болса, кабинеттегі «Менің сатып алуларым» бөлімінен өтінім қалдырыңыз не dansaiofficial@gmail.com поштасына жазыңыз. Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.
Dansai AI Studio — платформа, курс емес. Мұнда токен сатып алып, сурет пен видео жасайсыз, ішінде тек Studio-ны қалай қолдануды көрсететін қысқа сабақ бар. Жасанды интеллектіні жүйелі түрде үйренгіңіз келсе, ол үшін бөлек курстарымыз бар.
Ерінді дауысқа сай қозғалту (lip-sync) және текстті дауысқа айналдыру, яғни озвучка (TTS), әзірге жоқ.
Токен ақша емес: оны ақшаға айналдырып шығарып алуға болмайды, ал пакеттің мерзімі біткенде қалған токен жойылады.
Бастапқы фотолар Wikimedia Commons-тан: Абай, Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов (public domain); «Рахат» шоколады (Duman Amangali, CC BY 4.0); бөлме (Sevela.p, CC BY-SA 3.0); баланың суреті (MrAlanKoh, CC0). Суреттер қиылып, кішірейтілген.