Деректі фильм адамның, отбасының не компанияның тарихын мұрағат пен естеліктер арқылы сақтап қалады. Бұл бетте оны түсіру қанша тұратынын және жұмыс қалай жүретінін білесіз. Dańsaı Studios-та тапсырыс 500 000 ₸-ден, ал 3 минуттан ұзақ деректі фильм 2 000 000 ₸-ден басталады.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 11 минут

Сізде жазып алмаса ұмытылып кететін бір тарих бар ма? Мысалға, әкеңіздің өмір жолы, отбасыңыздың шежіресі немесе компанияңыздың алғашқы жылдары. Онда деректі фильм дәл сол үшін керек: оқиғаны көзімен көрген адамдар айтады, ал фото мен құжаттар оны растайды. Төменде фильмнің түрлерін, өз мысалымызды, жұмыс барысын және бағасын айтып береміз. Ал сізге белгілі бір күнге сыйлық керек болса, мерейтойға фильм бетінен бастаңыз.
Деректі фильм дегеніміз не?

Деректі фильм — бұл нақты адамдар мен оқиғалар туралы фильм. Оның негізі мұрағат, ескі фотолар, құжаттар және оқиғаны көзімен көрген адамдардың естеліктері. Яғни сценарий жиналған материалдан құралады, сондықтан жұмыс іздеу мен әңгімеден басталады.
| Форматы | Бұл не? | Қай кезде таңдайсыз? |
|---|---|---|
| Слайд-шоу | Музыкаға қойылған фотолар тізбегі | Тез әрі отбасы ішінде көрсету үшін керек болса. Оны өзіңіз де жасай аласыз |
| Мерейтойға фильм | Белгілі бір күнге сыйлық: мерейтой иесінің өмір жолы | Күні белгілі, ал фильмді тойда көрсеткіңіз келсе |
| Компания туралы ролик | Компанияны серіктестерге таныстыратын қысқа видео | Компанияңызды бүгінгі қалпында көрсету керек болса |
| Деректі фильм | Мұрағат пен естеліктерден құралған тарих | Болған оқиғаны және адамдардың дауысын келесі ұрпаққа сақтағыңыз келсе |
Деректі фильмнің үш түрі: адам, отбасы және компания
Адам туралы деректі фильм

Бұл — бір адамның өмір жолын оны білетін жандар айтып беретін фильм. Мысалға, әке туралы фильм, ана туралы фильм немесе сүйікті мұғаліміңіз, дәрігеріңіз не ауылыңыздың сыйлы азаматы туралы фильм. Мұндай фильмге балалары, шәкірттері, әріптестері не жерлестері тапсырыс бере алады.
Отбасы туралы фильм

Мұнда кейіпкер бүкіл әулет болады: ата-бабаңыз қайдан шыққан, кім қай жерде еңбек еткен, ұрпағы қалай тараған. Әулет туралы фильмнің материалы әдетте әр қаладағы туыстарыңыздың үйінде жатады, сондықтан кім жинайтынын және соңғы шешімді кім айтатынын алдын ала келісіп алған дұрыс.
Компания мен мекеме туралы деректі фильм

Бұл — кәсіпорынның, оқу орнының не ауданның тарихы туралы фильм: алғашқы жылдары, ісін бастаған адамдары, қиын шешімдері және бүгінгі күні. Мұндай фильмді мерейтойлық күнге де, мұражай мен сайтқа да дайындауға болады. Акиматтар мен мекемелерге жерлес тұлғалар туралы фильм де жасай аламыз. Ал компанияңызды серіктестерге қысқаша таныстыру керек болса, онда компания туралы ролик сізге ыңғайлырақ.
Мысал: «Айдынында жүзген ақ кеме» фильмі
Бұл — клиент тапсырысы емес, студиямыздың жұмысы және отбасылық тарих. Студия жетекшісі Бағлан Төлебай бұл деректі фильмді атасы Төлебай Орынбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өзі түсірді. Фильм қазақ тілінде, ұзақтығы шамамен 21 минут, ал YouTube-та 2026 жылдың тамызында жарияланды. Төмендегі мәліметтердің бәрін фильмнің сипаттамасынан алдық.
«Айдынында жүзген ақ кеме» деректі фильмі
Төлебай Орынбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай түсірілген қазақша деректі фильм. Студияның жұмысы, тапсырыс емес.
- Кейіпкері. Ел ішінде «Ақ Төкең» атанған Төлебай Орынбаев 1926 жылы Қаратереңде дүниеге келген. Қарапайым балықшыдан балық колхоздарының басшылығына дейін көтерілген. Қаратереңде күні бүгінге дейін «Төлебай дамбасы» аталып кеткен бөгет бар.
- Материалы. «Отбасымыздағы ескі мұрағаттарды қарап, суреттерді жинадым».
- Адамдары. «Атамды көзі көрген адамдармен сөйлестім. Олардың арасында атам туралы соңғы естеліктерді айтып отырған жандар да бар».
- Заманы. «Бұл фильм — сол жерде бүкіл ғұмырын өткізген адам және қазір жоқ болып кеткен теңіз туралы».
- Образы. «Ақ кеме атамның өмірімен байланысты. Ал ақ айдын оның ақ көңіліндей көрінеді».
Бұл фильм арқылы атамның өмірін, Аралдың өткенін және сол кезеңді көрген адамдардың естеліктерін сақтап қалғым келді.
— Бағлан Төлебай, фильмнің YouTube-тағы сипаттамасынан
Бұл мысалдан сіздің фильміңізге мына төрт нәрсені алуға болады:
- Адамдардан бастаңыз. Құжат мұрағатта жата береді, ал оқиғаны көзімен көрген адаммен сөйлесуді кейінге қалдырмаған дұрыс.
- Кейіпкердің заманын да көрсетіңіз. Ол өмір сүрген жер мен сол кезең көрсетілсе, көрермен кейіпкерді жақсырақ түсінеді.
- Бір образ табыңыз. Бұл бөлек-бөлек фото мен әңгімелерді бір оқиғаға байланыстырады.
- Фильм шыққан соң да естелік жинаңыз. Сипаттамада Бағлан Төлебай атасын көрген жандардан естелігін пікірге жазып қалдыруды сұрайды: «Әрбір естелік біз үшін маңызды».
Жұмыс барысы: брифтен дайын фильмге дейін

- Бриф. Алдымен сізбен сөйлесіп, фильмнің кім туралы екенін, не үшін керек екенін, қайда көрсетілетінін және қолыңызда қандай материал бар екенін анықтаймыз. Осыдан кейін нақты баға мен мерзімді айтамыз.
- Келісімшарт (договор). Бағасын, мерзімін, төлем тәртібін, түзетулер санын және құқықтарды келісімшартта бекітеміз.
- Материал жинау. Фото, видео мен құжаттарды жинап, кейіпкерді білетін адамдардың тізімін жасаймыз, ал олардың әңгімелерін жазып аламыз.
- Сценарий. Жиналған материалдан оқиға құрастырамыз: фильм немен басталады, қандай тарауларға бөлінеді, диктор не айтады. Содан кейін оны сізбен келісеміз.
- Сұхбат және түсірілім. Адамдарды немесе оқиға болған жерлерді камераға түсіру керек болса, шарттарын брифте бөлек ақылдасамыз.
- Жетіспейтін кадрлар. Ескі фотоларды қалпына келтіреміз, ал суреті сақталмаған сәттерді сізбен келісіп, жасанды интеллектпен жаңадан жасай аламыз.
- Монтаж, музыка және дыбыстау. Материалды монтаждап, диктордың дауысын, музыка мен дыбыстарды, титрлерді қосамыз.
- Түзетулер және дайын фильм. Алғашқы нұсқаны көріп, пікіріңізді айтасыз, ал біз керек жерін түзетеміз. Дайын фильмді сізге қажет форматта береміз: үлкен экран мен YouTube үшін көлденең 16:9, ал телефон үшін тік 9:16.
Тапсырысты WhatsApp-қа жазудан бастайсыз, сондықтан басқа қалада тұрсаңыз да, жаза беріңіз.
Мұрағатта жоқ кадрлар
Кейде маңызды оқиғаның бір де бір суреті сақталмайды, мысалға, ескі ауылдың, алғашқы цехтың немесе сол жылдардағы қаланың суреті. Мұндай жағдайда екі жол бар: оны диктордың дауысымен айтып беру немесе сахнаны жасанды интеллектпен, яғни ЖИ (ИИ) арқылы жаңадан жасау. Екінші жолда көрермен сол заманды өз көзімен көреді, бірақ оның да өз шарты бар: бұл қайта жасалған кадр, сондықтан оны мұрағат деп көрсетпейміз.
Мұндай сахналардың деңгейін «Қонаев» фильмінің трейлерінен көресіз. Бұл тапсырыс емес, студиямыздың өз жұмысы: 13 сахна, 80 кадр, 68 бейне үзінді, ұзақтығы 3:51 минут, түсірілім тобы жоқ. Трейлер YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады.
«Қонаев» фильмінің ресми трейлері
Дінмұхамед Қонаевтың өмірі туралы тарихи фильмнің трейлері, ұзақтығы 3:51. Студияның өз жұмысы, жасанды интеллектпен жасалған, тапсырыс емес.

Деректі фильмнің бағасы
Деректі фильмнің бірыңғай бағасы жоқ, себебі бір фильмге екі сұхбат жетеді, ал екіншісі үшін бірнеше қалаға бару керек болады. Алматыдағы орындаушылар ашық прайстарында 450 000 ₸-ден және 600 000 ₸-ден деп жазады, ал Kaspi Объявления сайтындағы бір хабарландыруда 3 000 000 ₸-ден деп тұр. Біз ашып көрген мемлекеттік сатып алу хабарландыруларында 642 857 ₸-ден 13 200 000 ₸-ге дейінгі сома жарияланған, бұл ҚҚС-сыз (без НДС). Бұл келісімшарттағы сома емес, хабарландырудағы сома.
| Қайдан алдық? | Не ұсынылады? | Онда қанша деп жазылған? |
|---|---|---|
| Алматыдағы видеографтың прайсы | Деректі фильм | 450 000 ₸-ден |
| Алматыдағы студияның прайсы | Адамдар, оқиғалар мен бизнес туралы деректі фильм, 5–30 минут, мерзімі 3–6 апта | 600 000 ₸-ден |
| Kaspi Объявления сайтындағы хабарландыру, Алматы | Адамдар, отбасылар, әулеттер мен компаниялар туралы деректі және презентациялық фильмдер | 3 000 000 ₸-ден |
| Мемлекеттік сатып алу | «Мойынқұм — 60» деректі-публицистикалық фильмі | 642 857 ₸, жарияланған сома |
| Мемлекеттік сатып алу | Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған деректі фильм | 2 678 571 ₸, жарияланған сома |
| Мемлекеттік сатып алу | Деректі фильм мен 10 видеороликті түсіру | 4 821 429 ₸, жарияланған сома |
| Мемлекеттік сатып алу | Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған деректі фильм | 13 200 000 ₸, жарияланған сома |
Бағаға не әсер етеді?
| Кезең | Не кіреді? | Ашық прайстарда қанша деп жазады? |
|---|---|---|
| Материал және сценарий | Мұрағат іздеу, туыстармен сөйлесу, фильмнің құрылымы, дикторға текст | Сценарийді өңдеу 60 000 ₸-ден |
| Сұхбат | Сұрақтарды дайындау, түсіру, дыбыс жазу | Сұхбат 120 000 ₸-ден |
| Түсірілім | Оператор, режиссер, басқа жерге бару | Монтажсыз бір сағат түсірілім 25 000 ₸-ден, түсірілімдегі режиссер сағатына 35 000 ₸ |
| Әуеден түсіру (аэросъёмка) | Ауылды, кәсіпорынды, жерді жоғарыдан көрсету | Бір сағат 30 000 ₸-ден |
| Мұрағатпен жұмыс | Ескі фотоларды қалпына келтіру және жандандыру | Материалдың көлеміне қарай |
| Монтаж | Фильмді жинау, түзетулер, түсін реттеу (цветокоррекция) | Ұзақтығы мен күрделілігіне қарай |
| Дыбыс | Диктор, музыка, титрлер | Диктордың дауысы 40 000 ₸-ден |
Dańsaı Studios-тағы бағасы
Бізде тапсырыс 500 000 ₸-ден басталады, бұл бағаға 30 секундқа дейінгі ролик жасаймыз. Деректі фильмге 30 секунд аз, сондықтан мына жолдарға қараңыз:
| Видеоның ұзақтығы | Бағасы | Дайын болу мерзімі |
|---|---|---|
| 1–3 минут, қысқа отбасы тарихы | 1 000 000 – 1 400 000 ₸ | 3–5 апта |
| 3 минуттан ұзақ, деректі фильм | 2 000 000 ₸-ден | Мерзімін жеке келісеміз |
- Диктордың дауысы: +50 000 ₸.
- Екінші тілдегі нұсқасы: +15 %.
- Тік нұсқасы: +10 %.
- Кейіпкерлер сөйлесе (lipsync): бағасы 20 %-ға өседі.
Мысалға, диктордың дауысы мен екінші тілдегі нұсқасы бар 1–3 минуттық фильмді калькулятор шамамен 1 200 000 – 1 700 000 ₸ деп есептейді. Өз нұсқаңыздың шамамен бағасын тапсырыс бетіндегі калькулятормен есептей аласыз, ал нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта бекітеміз.

Мерзімі, келісімшарты және құқықтары

3 минуттан ұзақ фильмнің мерзімін брифтен кейін айтамыз. Мысалға, Алматыдағы бір студия 5–30 минуттық деректі фильмге 3–6 апта деп жазады. Мерзімге ең қатты әсер ететін нәрсе адамдармен кездесу мен мұрағат іздеу, сондықтан фильмді көрсететін күн белгілі болса, оны бірден айтыңыз.
Бағасын, мерзімін, төлем тәртібін, түзетулер санын және құқықтарды келісімшартта (договорда) бекітеміз. Брифте фильмді қайда көрсететініңізді де айтыңыз: отбасыңызда ма, сайтта ма, YouTube-та ма, әлде теледидарда ма.
Кейіпкерлердің келісімі және ЖИ-мен жасалғанын таңбалау

- Адамдарды тек келісіммен көрсетеміз. Сұхбат берген адам өз сөзінің фильмге кіретінін білуі керек.
- Марқұмның дауысын отбасының келісімінсіз қайталамаймыз. Оқиғаны диктор немесе туыстарыңыздың өзі айтып бере алады.
- Фактілерді бірге тексереміз. Адам естелік айтқанда жылдар мен есімдерді шатастырып алуы мүмкін, сондықтан оларды монтажға дейін сізбен бірге құжатпен салыстырамыз.
- ЖИ-мен жасалғанын таңбалау. Қазақстанда 2025 жылғы 17 қарашада қол қойылған «Жасанды интеллект туралы» заң жасанды интеллектпен жасалған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді таңбалау талабын енгізді (Ақорданың хабарламасы). Фильміңізді қалай таңбалайтынымызды дайын фильмді бермей тұрып келісеміз.
Видеоны өзіңіз жасағыңыз келсе
Егер сізге отбасылық фотолардан жасалған қарапайым видео керек болса, онда оны өзіңіз де жасай аласыз: мерейтойға видео жасау мақаласында қадам-қадаммен көрсеттік. Ал жасанды интеллектіні үйренгіңіз келсе, AI.Cinema курсын қараңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Деректі фильм түсіру қанша тұрады?
Алматыдағы орындаушылар ашық прайстарында 450 000 ₸-ден және 600 000 ₸-ден деп жазады, ал Kaspi Объявления сайтындағы бір хабарландыруда 3 000 000 ₸-ден деп тұр. Dańsaı Studios-та 1–3 минуттық фильм 1 000 000 – 1 400 000 ₸, ал 3 минуттан ұзақ фильм 2 000 000 ₸-ден басталады. Нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта бекітеміз.
Әке туралы фильмге тапсырыс беруге бола ма?
Иә, болады. Ол үшін әр жылдардағы фото мен құжаттар және ол кісі туралы айтып бере алатын адамдар керек. Фильм мерейтойға дайындалып жатса, мерейтойға фильм бетін де қараңыз.
Шежіре фильм жасайсыздар ма?
Иә, отбасы тарихы туралы фильмді жасай аламыз. Бізге әр үйден жиналған фото мен видео, есімдер мен жылдар, үлкендердің әңгімелері және соңғы шешімді айтатын бір адам керек. Әңгімелерді телефонға жазып алсаңыз да болады. Материал жететінін не жетпейтінін қолыңыздағыны көрген соң брифте айтамыз.
Компания туралы деректі фильмнің корпоративтік фильмнен айырмашылығы неде?
Корпоративтік фильм компанияны серіктестер мен жаңа қызметкерлерге таныстырады. Ал деректі фильм оның тарихын мұрағат пен ісін бастаған адамдардың естеліктері арқылы айтып береді, сондықтан оған көбірек дайындық керек.
Деректі фильм қанша уақытта дайын болады?
1–3 минуттық фильм 3–5 аптада дайын болады, ал 3 минуттан ұзақ фильмнің мерзімін брифтен кейін айтып, келісімшартта бекітеміз. Мерзімге ең қатты әсер ететін нәрсе адамдармен кездесу мен мұрағат іздеу.
Фильм қазақ тілінде бола ма?
Иә, «Айдынында жүзген ақ кеме» қазақ тілінде түсірілген. Керек болса, орысша нұсқасын да жасаймыз, екінші тілдегі нұсқасы бағаға 15 % қосады.
Камерамен түсіресіздер ме, басқа қалаға барасыздар ма?
Мұны брифте ақылдасып, бөлек есептейміз, себебі бәрі кімді және қай жерде түсіру керек екеніне байланысты. Туыстарыңыздың әңгімесін телефонға жазып алсаңыз да болады, ал фото мен видеоны файл ретінде жібересіз.
Тапсырыспен түсірілген деректі фильмдеріңізді көруге бола ма?
Қазір ашық портфолиомызда мұндай фильм жоқ. Біз өз жұмысымыз, «Айдынында жүзген ақ кеме» фильмін көрсетеміз және оны тапсырыс деп атамаймыз. Студияның басқа жұмыстарын жобалар бетінен көре аласыз.