Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

Компанияға промо ролик: қалай жасалады және бағасы қанша?

Компанияға промо ролик (имиджевый ролик) сіздің кім екеніңізді және неге сізбен жұмыс істеген дұрыс екенін қысқа видеомен көрсетеді. Бұл бетте оның не үшін керек екенін, жұмыс қалай жүретінін, бағасына не әсер ететінін және Dańsaı Studios-қа қалай тапсырыс беретініңізді түсіндіреміз.

, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 10 минут

Орыс тілінде оқу

«Қонаев» трейлерінен кадр: Дінмұхамед Қонаев бағаналы үлкен залда тұр, артында костюм киген адамдар отыр

Мысалға, серіктесіңіз компанияңыздың сайтын алғаш рет ашты делік. Ұзақ текстті ол оқымай өтіп кетуі мүмкін, ал бір жарым минуттық видеодан қай жерден бастағаныңызды, немен айналысатыныңызды және кімдермен жұмыс істейтініңізді көреді. Компанияңыздың айтатын оқиғасы бар ма? Онда бұл бет сіз үшін арналған. Dańsaı Studios мұндай видеоны жасанды интеллект (ЖИ, ИИ) және 3D арқылы жасайды: сценарийден бастап монтаж бен дыбыстауға дейінгі бүкіл жұмысты өзіміз атқарамыз. Тапсырыс 500 000 ₸-ден басталады.

Имидж ролик, промо ролик және жарнаманың айырмашылығы

Үшеуі де компанияны таныстырады, бірақ әрқайсысының мақсаты бөлек. Имидж ролик (имиджевый ролик) компанияның өзі туралы айтады: тарихы, адамдары және оған неге сенуге болатыны. Промо ролик нақты бір жаңалыққа арналады, мысалға, жаңа өнімге, жаңа филиалға немесе іс-шараға. Ал жарнамалық ролик ең қысқасы: көрермен бір ғана әрекет жасауы керек, яғни WhatsApp-қа жазады, сайтқа кіреді немесе дүкенге келеді.

Бұл шекаралар шартты, бір видео екі мақсатқа да жарай береді. Сізге қайсысы керек екенін брифте бірге анықтаймыз.
ТүріНе туралы?Қайда көрсетесіз?Ұзақтығы
Имидж роликКомпанияның тарихы, адамдары, құндылықтарыСайт, таныстыру (презентация), көрме, залдағы экранӘдетте 30 секундтан 2–3 минутқа дейін
Промо роликЖаңа өнім, филиал, іс-шара, акцияInstagram, TikTok, YouTube, сайтӘдетте 15–60 секунд
Жарнамалық роликБір тауар немесе бір ұсынысReels, TikTok, таргет, теледидарӘдетте 15–30 секунд
«Қонаев» трейлерінен кадр: кеніште шаң басқан киім киген жұмысшылар қайламен жер қазып жатыр
«Қонаев» трейлерінен кадр. Бұл тапсырыс емес, студиямыздың өз жұмысы. Кадры қалмаған жылдарды жасанды интеллектпен осылай көрсетуге болады.

Компанияға промо ролик не үшін керек?

Мұндай видеоны көбіне компанияңызды әлі жақсы білмейтін адамдарға таныстыру қажет болғанда жасатады. Мысалға:

  • Сайт пен таныстыру. Серіктес не клиент сізбен екі-үш минутта танысады, ал сату бөліміңіз видеоны сілтемемен жібере салады.
  • Көрме, форум, конференция. Видео стендтегі не залдағы экранда жүреді. Кеңес: стендте дыбыс болмаса, субтитрді алдын ала ойластырған дұрыс.
  • Келіссөз бен тендер. Шешім қабылдайтын адам компанияңыздың тәжірибесін бірден көреді.
  • Жұмысқа шақыру. Жаңа қызметкер компанияңыздың қандай екенін және кіммен жұмыс істейтінін алдын ала көреді.
  • Компанияның мерейтойы. Адамдар мен мұрағат фотолары арқылы айтылған тарихты салтанатты кеште, сайтта және әлеуметтік желіде көрсетесіз.
  • Жаңа өнім немесе жаңа бағыт. Бұл жерде қысқа промо ролик керек, себебі әңгіме бір ғана жаңалық туралы болады.
  • Акиматтар мен мемлекеттік мекемелер. Мемлекеттік бағдарламаны қарапайым тілмен түсіндіретін ролик, жерлес тұлғалар туралы немесе мерекеге арналған видео. Сценарийді бірден қазақша жазамыз, сондықтан сөзі табиғи шығады.
Кинозалда көрермендер экраннан дала көрінісі бар фильмді көріп отыр
Мақалаға арналған иллюстрация: залдағы үлкен экранға видеоны көлденең, 16:9 форматында береміз.

Промо роликте нені көрсетуге болады?

Алдымен бір негізгі ойды таңдаған дұрыс: көрермен видеоны көріп болған соң компанияңыз туралы не есінде сақтауы керек? Оқиғаны сол ойдың айналасына құрамыз. Әдетте материал мынадай болады:

  • Компанияның тарихы. Неден бастадыңыз, алғашқы командада кім болды. Ескі фотоларды жасанды интеллектпен қалпына келтіріп, жандандырамыз, ал кадры қалмаған сәттерді, мысалға, алғашқы кеңсеңізді естеліктер мен сипаттамалар бойынша жасап шығамыз.
  • Адамдар. Негізін қалаушы мен қызметкерлерді тек өздерінің келісімімен және фотолары бойынша көрсетеміз.
  • Өнім. Тауарыңыз әрпіне дейін дәл шығуы керек болса, оны фотоңыздан аламыз немесе 3D-де жасаймыз, ал айналасын жасанды интеллектпен жасаймыз.
  • Басқа заман не басқа жер. Компанияңызды өткен ғасырда, тауда немесе басқа қалада көрсетуге болады, ол үшін сапарға шығудың да, актер мен декорацияның да қажеті жоқ.
  • Брендтің өз кейіпкері. Маскотты 3D-де жасаған сенімдірек, себебі оның моделін келесі роликтерде қайта қолдана бересіз.
«Қонаев» трейлерінен кадр: қысқы кеште кеңестік қаланың қар басқан көшесімен ескі көліктер келе жатыр
«Қонаев» трейлеріндегі түнгі көше. Өткен жылдардың қаласы жасанды интеллектпен жасалған, түсірілім тобы болған жоқ.

Біздің жұмыстарымыздан мысалдар

Бірден ашығын айтайық: бұл мысалдарда аты аталған тапсырыс беруші жоқ. Сондықтан бұл жұмыстар арқылы кадрдың деңгейін бағалаңыз. Бірінші мысал: студиямыздың 2022 жылғы 3D анимация жинағы. Онда жидек пен кофе дәндері, шоколад, су шашыраған жемістер, бөтелкелер, құлаққап және 3D кейіпкерлер бар.

Жинақтың YouTube-тағы сипаттамасында студия тауарды фотореалистік 3D анимациямен көрсететіні және толық компьютерлік графикамен (CGI) жарнама жасайтыны жазылған, мақсаты: «клиенттеріміздің өнімдері әдемі көрінуі үшін» (ағылшын тілінен аударма). Сол жерде клиент берген CAD файлмен де жұмыс істеуге, 3D модельді нөлден де жасауға болатыны айтылған. Ол клиенттердің кім екені сипаттамада көрсетілмеген, сондықтан біз де атамаймыз. Компанияларға анимациялық жарнама жасауды 2019 жылы да ұсынғанбыз, ол кезде студия Dańsaı Entertainment деп аталатын.

Tea Ceremony: су шашырап тұрған үш Dańsai Tea банкасы, алдыңғысы лимон дәмімен
Tea Ceremony: студияның 2024 жылғы өнім визуализациясы, материалдар мен жарықты зерттеуге арналған жұмыс. Банкадағы атау өзіміздікі.

Ал сізге тауар емес, оқиға керек болса, деңгейін «Қонаев» тарихи фильмінің трейлерінен көресіз. Бұл тапсырыс емес, студиямыздың өз жұмысы. «Қонаев» фильмі арнайы жүйемен жасалды: трейлерде 13 сахна, 80 кадр және 68 бейне үзінді бар, ұзақтығы 3:51 минут. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған, ал YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен жолы туралы тарихи фильмнің трейлері, ұзақтығы 3:51. Студиямыздың өз жұмысы.

Композиция, дұрыс промпт, кадр және оқиға ырғағын үйлестіріп, кино тілі арқылы AI-мен фильмді премиум сапаға жеткіземіз.

— Бағлан Төлебай, студия жетекшісі

Жұмыс барысы: брифтен дайын видеоға дейін

  1. Бриф. Алдымен сізбен WhatsApp-та не қоңырау арқылы сөйлесіп, видеоның мақсатын, кімге арналғанын, қайда көрсетілетінін және ұзақтығын анықтаймыз. Осыдан кейін нақты баға мен мерзімді айтамыз.
  2. Келісімшарт (договор). Бағасын, мерзімін, төлем тәртібін, түзетулер санын және құқықтарды келісімшартта бекітеміз.
  3. Сценарий мен раскадровка. Идеяңызды сценарийге айналдырамыз, ал дайын сценарийіңіз болса, соны негізге аламыз. Содан кейін әр сахнаны кадрларға бөліп, раскадровка жасаймыз, яғни әр кадрда не көрінетіні алдын ала белгілі болады.
  4. Стиль мен кейіпкерлер. Сынақ кадрлар жасап, видеоның стилін және кейіпкерлердің келбетін сізбен бірге бекітеміз. Осыдан кейін кейіпкер видеоның басынан аяғына дейін бір қалпында қалады.
  5. Кадрлар. Әр кадрды жасап, қозғалысқа келтіреміз. Әрқайсысын бірнеше нұсқада жасап, ең жақсысын таңдаймыз және модель жіберген қатені түзетеміз. Дәлдік керек жерде 3D қолданамыз.
  6. Монтаж және дыбыстау. Клиптерді монтаждап, қазақша не орысша дыбыстауды (озвучканы), музыка мен дыбыстарды, жазулар мен логотипті қосамыз.
  7. Түзетулер. Алғашқы нұсқаны көріп, пікіріңізді айтасыз, ал біз керек жерін түзетеміз. Түзетулер санын келісімшартта бекітеміз.
  8. Дайын видео. Видеоны сізге қажет форматта береміз: сайт, YouTube және экран үшін көлденең 16:9, ал Reels пен TikTok үшін тік 9:16.
Сол жақта бір промпттан шыққан сегіз түрлі бет, оң жақта референспен жасалған екі сахна, екеуінде де бет бірдей
Кейіпкерді неге алдын ала бекітеміз? Сол жақтағы кадрлар референссіз жасалған: промпт бір, бірақ бет әр жолы басқа шығады. Оң жақтағы екі кадр референспен жасалған, бет бірдей. Кадрлар AI.Cinema курсының сабағынан алынды.

Промо роликтің бағасына не әсер етеді?

  • Ұзақтығы. Видео неғұрлым ұзақ болса, ойлап табатын, жасайтын және тексеретін кадр соғұрлым көп болады.
  • Жасалу жолы. AI-видео, 3D анимация немесе екеуін біріктіру. 3D анимацияның бағасы шамамен 1,6 есе жоғары.
  • Кейіпкерлер мен сахналар саны. Әр кейіпкерді жасап, барлық сахнада бірдей ұстау керек, ал жаңа локация қосылса, фон мен жарыққа да жұмыс қосылады.
  • Дыбысы. Музыка мен дыбыстар, диктордың дауысы немесе сөйлейтін кейіпкерлер (lipsync).
  • Нұсқалары. Instagram мен TikTok-қа арналған тік нұсқасы, екінші тілдегі нұсқасы, қысқартылған нұсқасы.
  • Сіздің материалыңыз. Қанша мұрағат фотосын қалпына келтіру керек және тауар түпнұсқамен әрпіне дейін сәйкес келуі керек пе.
  • Қайда көрсетесіз. Әлеуметтік желі, сайт, теледидар немесе көшедегі экран. Форматы мен көрсету құқығы осыған байланысты.
Шөбі сарғайған далада жалғыз отырған түлкі, «Түлкі мен Арыстан» мультфильмінің кадры
«Түлкі мен Арыстан» мультфильмінен кадр. Бұл тапсырыс емес, Бағлан Төлебайдың өз жұмысы, Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro құралдарымен жасалды. Өз кейіпкеріңіз жұмысты көбейтеді, есесіне көрерменнің есінде қалады.

Бағасы мен мерзімі

Dańsaı Studios-та тапсырыс кез келген формат бойынша 500 000 ₸-ден басталады. Кестеде AI-видео, музыка мен дыбыстары бар роликтің шамамен бағасы тұр. Өз нұсқаңызды тапсырыс бетіндегі калькулятормен есептей аласыз.

Бұл — алдын ала есеп. Нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта (договорда) бекітеміз.
Видеоның ұзақтығыБағасыДайын болу мерзімі
30 секундқа дейін500 000 – 700 000 ₸1–2 апта
1 минутқа дейін700 000 – 1 000 000 ₸2–3 апта
1–3 минут1 000 000 – 1 400 000 ₸3–5 апта
3 минуттан ұзақ2 000 000 ₸-денМерзімін жеке келісеміз
  • 3D анимация: бағасы шамамен 1,6 есе жоғары.
  • Диктордың дауысы: +50 000 ₸. Кейіпкерлер сөйлесе (lipsync): бағасы 20 %-ға өседі.
  • Тік нұсқасы: +10 %, екінші тілдегі нұсқасы: +15 %.

Мысалға, диктордың дауысы, тік нұсқасы және екінші тілдегі нұсқасы бар, 1 минутқа дейінгі AI-ролик шамамен 950 000 – 1 350 000 ₸ тұрады. Бұл нақты тапсырыс емес, есептің мысалы ғана. Төлем тәртібін, түзетулер санын және роликтің құқығын келісімшартта бекітеміз.

Жасанды интеллектпен жасалған видео туралы не білген дұрыс?

Жасанды интеллектпен жұмыс істеудің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан оларды келісімшартқа дейін айтып қоямыз. Мысалға, модель тауарыңызды ұқсатып салады, бірақ пішінін не этикеткадағы әріптерін өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан тауарды фотоңыздан аламыз немесе 3D-де жасаймыз, ал жазулар мен логотипті монтажда қоямыз. Ұзақ монолог кезінде ерін қозғалысы сөзбен сәйкеспей қалады, сондықтан компания туралы роликте диктордың дауысы сенімдірек. Ал көп адам жиналған сахналарда қате көбірек шығады, оларды ауыстыруға немесе қайта жасауға тура келеді.

Ою-өрнекті кесеге құйылған шай, жанында бауырсақ салынған табақ
Бұл кадрды блогымыз үшін жасанды интеллектпен текст бойынша жасадық. Бұл мысал ғана, тапсырыс емес.

Қазақстанның 2025 жылғы 17 қарашадағы «Жасанды интеллект туралы» заңының 21-бабында пайдаланушылар тауардың, жұмыс пен қызметтің жасанды интеллект жүйелері арқылы жасалғаны туралы хабардар етілуге тиіс деп жазылған. Сондықтан роликті қалай таңбалайтынымызды видео дайын болғанға дейін бірге келісеміз.

Брифке не дайындаған дұрыс?

  • Мақсаты мен негізгі ойы. Көрермен видеоны көріп болған соң компанияңыз туралы не түсінуі керек?
  • Қайда көрсетесіз? Сайт, көрме, әлеуметтік желі, теледидар, залдағы экран.
  • Материалдарыңыз. Вектордағы логотип, фирмалық түстер, мұрағат фотолары, тауардың суреттері.
  • Тілі. Қазақша, орысша немесе екеуі де.
  • Мысалдар. Өзіңізге ұнайтын екі-үш ролик және олардың нақты несі ұнайтыны.
  • Мерзімі мен бюджеті. Видеоны қай күні көрсетесіз және қандай сомаға сыйғызу керек.
  • Кім келіседі? Соңғы сөз айтатын бір адам болса, түзетулерге кететін уақыт қысқарады.
«Қонаев» трейлерінен кадр: бағаналы үлкен залда қара костюм киген адамдар отыр
«Қонаев» трейлерінен кадр. Ресми жиын мен залды толтырған адамдар жасанды интеллектпен жасалған.

Компания туралы роликке тапсырыс беру

Компанияңызға промо ролик керек болса, төмендегі батырма арқылы WhatsApp-қа жазыңыз: қандай компания, видео қай күнге керек және қайда көрсетесіз. Басқа қалада тұрсаңыз да, жаза беріңіз: брифті WhatsApp пен қоңырау арқылы өткіземіз. Студияның басқа жұмыстарын жобалар бетінен көресіз, ал «Қонаев» қалай жасалғанын бөлек мақалада түсіндірдік.

Ал мұндай видеоны өзіңіз жасауды үйренгіңіз келсе, кіріспе AI.Onai курсынан бастай аласыз немесе бірден AI.Cinema курсында кәсіби деңгейде оқи аласыз. Екеуінің де шарттарын тарифтер бетінен көресіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Компанияға промо ролик қанша тұрады?

Dańsaı Studios-та тапсырыс 500 000 ₸-ден басталады. AI-видео, музыка мен дыбыстары бар 1 минутқа дейінгі ролик шамамен 700 000 – 1 000 000 ₸, ал 1–3 минуттық ролик шамамен 1 000 000 – 1 400 000 ₸ тұрады. Нақты бағасын брифтен кейін айтып, келісімшартта бекітеміз.

Промо ролик қанша уақытта дайын болады?

30 секундқа дейінгі ролик 1–2 аптада, 1 минутқа дейінгі ролик 2–3 аптада, ал 1–3 минуттық ролик 3–5 аптада дайын болады. Ұзағырақ видеоның мерзімін жеке келісеміз. Нақты мерзімді келісімшартта бекітеміз.

Имидж ролик пен промо роликтің айырмашылығы неде?

Имидж ролик компанияның өзі туралы айтады: тарихы, адамдары және оған неге сенуге болатыны. Промо ролик нақты бір жаңалыққа арналады, мысалға, жаңа өнімге немесе іс-шараға, және әдетте қысқарақ болады. Кейде бір видео екі мақсатқа да жарайды, оны брифте анықтаймыз.

Кеңсе мен қызметкерлерді түсіру керек пе?

Жоқ, кадрларды жасанды интеллектпен және 3D-де жасаймыз, ал негізге фотоларыңыз бен мұрағатыңызды аламыз. Нақты адамдарды тек өздерінің келісімімен көрсетеміз. Егер сізге дәл өндірістегі түсірілім керек болса, брифте айтыңыз, біздің тәсіл сізге жарай ма, соны бірден талқылаймыз.

Басқа компанияларға жасаған жұмыстарыңызды көрсете аласыздар ма?

Мысалдарымызда аты аталған тапсырыс беруші жоқ: 2022 жылғы 3D жинақ клиенттердің атынсыз шыққан, ал «Қонаев» пен «Түлкі мен Арыстан» өз жұмыстарымыз. Деңгейін солардан көре аласыз. Ал ролигіңіздің стилі мен кейіпкерлерін сынақ кадрларда сізбен бірге бекітеміз.

Роликтің орысша нұсқасын да жасайсыздар ма?

Иә, жасаймыз. Қазақша не орысша дыбыстаймыз, екі нұсқасын да жасауға болады. Екінші тілдегі нұсқасы бағаға 15 % қосады. Сценарийді бірден қазақша жазамыз, сондықтан кейіпкерлер табиғи сөйлейді.

Сценарийім жоқ, тапсырыс беруге бола ма?

Иә, болады. Сценарийді жазу — біздің жұмыстың бір бөлігі. Сіз идеяңызды немесе мақсатыңызды айтасыз, ал біз оны сценарий мен раскадровкаға айналдырып, сізбен келісеміз.

Дайын видеоның құқығы кімге тиесілі болады?

Видеоны қайда және қалай қолдануға болатынын, құқықтың кімге тиесілі болатынын келісімшартта (договорда) бекітеміз. Сондықтан брифте видеоны қайда көрсететініңізді айтыңыз: сайтта, әлеуметтік желіде, теледидарда немесе көшедегі экранда.

Тағы оқыңыз