Компанияға корпоративтік видео тапсырыс беру

Компанияңызға видео керек пе? Dańsaı Studios — Алматыдағы режиссер Бағлан Төлебайдың студиясы. Клиенттер мен қызметкерлерге жаңа жылдық құттықтау, имидж ролик, компания туралы фильм, жарнама және мерейтойға арналған ролик жасаймыз. Кадрларды жасанды интеллект (ЖИ, ИИ) және 3D арқылы жасап, қазақша не орысша дыбыстаймыз. Бағасы 250 000 ₸-ден.

  • 250 000 ₸-ден 30 секундқа дейінгі ролик
  • Жаңа жылға клиенттер мен ұжымды құттықтау
  • Қазақша және орысша
  • Келісімшартта бағасы мен мерзімі бекітіледі

Орыс тілінде оқу

«Қонаев» трейлерінен кадр: бағаналы үлкен залда қара костюм киген адамдар отыр

Компанияңыз туралы клиенттерге, серіктестерге, қызметкерлерге немесе тендер комиссиясына ұзақ текстпен емес, қысқа әрі әсерлі видеомен айтқыңыз келе ме? Онда бұл бет сіз үшін арналған. Сіз бізге не айтқыңыз келетінін және роликті қайда көрсететініңізді түсіндіресіз, ал сценарий, кадрлар, дауыс, музыка мен монтаж біздің мойнымызда. Түсірілім тобын жинап, актер іздеп, түсірілім орнын жалға алудың қажеті жоқ: кадрларды фотоларыңыз, логотипіңіз бен сипаттамаңыз бойынша жасанды интеллект пен 3D арқылы жасаймыз.

Компанияларға қандай видео жасаймыз?

  • Жаңа жылдық құттықтау. Клиенттер мен серіктестерге арналған қысқа ролик немесе қызметкерлерге арналған фильм: қысқы оқиға, соңында логотипіңіз бен қазақша не орысша құттықтау. Идеяларын және қашан бастау керек екенін «Компанияға жаңа жылдық ролик» мақаласында жаздық.
  • Имидж ролик. Сайтқа, көрмеге, тендерге немесе іс-шарадағы экранға арналған ролик. Ол кім екеніңізді, немен айналысатыныңызды және сізге неге сенуге болатынын көрсетеді. Толығырақ «Компанияға промо ролик» мақаласында.
  • Компания туралы фильм. 1–3 минуттық немесе одан да ұзақ оқиға: неден бастадыңыз, компанияны кім құрды, қандай қиындықтардан өттіңіз. Мұрағаттағы фотоларыңызды қалпына келтіріп, жандандырамыз.
  • Жыл қорытындысы. Жылдық жиналысқа арналған ролик: жылдың басты оқиғалары, көрсеткіштері және адамдары. Директор кадрда көрінбей, дауысымен ғана сөйлей алады, ал экранда жылдың оқиғалары көрсетіледі.
  • Корпоративке арналған видео. Компанияңыздың бөлімдері туралы әзіл фильм немесе мультфильм, оны жаңа жылдық кештегі (корпоративтегі) үлкен экранда көрсетесіз. Әріптестеріңіз өз фотолары бойынша кейіпкерге айналады. Адамдарды тек өздерінің келісімімен көрсетеміз.
  • Жарнама және өнім ролигі. Reels, TikTok, YouTube және сайтқа арналған 15–30 секундтық ролик. Қаптамасы әрпіне дейін дәл шығуы керек болса, тауарды 3D-де жасаймыз.
  • Компания мерейтойына ролик. Компания тарихын адамдар мен мұрағат арқылы айтамыз: алғашқы кеңсе, алғашқы команда, бүгінгі күн. Кадры қалмаған сәттерді естеліктер бойынша жасап шығамыз.

Қай формат керек екенін әлі білмесеңіз, ештеңе етпейді. Брифте видеоны кімге және қайда көрсететініңізді сұрап, мақсатыңызға сай форматты ұсынамыз.

Жаңа жылдық видео: қашан бастаған дұрыс?

«Қонаев» трейлерінен кадр: қысқы кеште кеңестік қаланың қар басқан көшесімен ескі көліктер келе жатыр
«Қонаев» трейлеріндегі түнгі көше, студиямыздың өз жұмысы. Бұл жаңа жылдық тапсырыс емес, жасанды интеллектпен қандай қысқы қала жасауға болатынының мысалы.

Желтоқсанда клиенттерге компаниялардан құттықтау көп келеді, бірақ олар соңына дейін тек оқиғасы бар видеоны көреді: кейіпкер, шағын сюжет және сол сюжеттің ішіндегі брендіңіз. Мерзімді видеоны көрсететін күннен бастап кері қарай санаңыз. Төменде видеоны 25 желтоқсанда көрсету үшін жасалған есеп тұр, жұмыс мерзімін ең ұзақ нұсқасымен алдық:

Бұл мерзімге келісімшарт жасасуға және компания ішінде келісуге кететін уақыт кірмейді.
ФорматЖұмыс мерзіміЕң кеші қашан бастау керек?
30 секундқа дейінгі құттықтау1–2 апта11 желтоқсан
1 минутқа дейінгі ролик2–3 апта4 желтоқсан
1–3 минуттық фильм3–5 апта20 қараша

Кестедегі күн өтіп кетсе де, жаза беріңіз: кестеде ең ұзақ мерзім алынған. Сізге керек күнге үлгеретін-үлгермейтінімізді және видео қандай форматта болатынын брифте айтамыз. Сценарийді компанияңызда кім бекітетінін алдын ала шешіп қойыңыз: ол адам желтоқсанда іссапарда болса, жұмыс тоқтап қалады.

Біздің жұмыстарымыз

Төменде Dańsaı Studios YouTube арнасындағы студиямыздың өз жобалары тұр, олар тапсырыспен жасалмаған. Компаниялардың тапсырысымен жасалған роликтерді мұнда көрсетпейміз, бірақ осы жұмыстардан қандай кадр, кейіпкер және дыбыстау жасайтынымызды көресіз.

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

Қазақ тіліндегі тарихи фильмнің трейлері, ұзақтығы 3:51 минут: 13 сахна, 80 кадр, 68 бейне үзінді. Түсірілім тобы жоқ, бәрі жасанды интеллектпен жасалған, ал YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады.

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі

Қазақ ертегісі бойынша жасалған мультфильм, 2:56. Осындай стильде брендіңіздің кейіпкерін немесе корпоративке арналған фильм жасауға болады.

«Алпамыс» пилоттық мультфильмі

«Алпамыс» пилоттық мультфильмі

Классикалық 3D анимация: кейіпкерлердің моделі, риггингі және анимациясы, 6:07. Режиссерлері Бағлан Төлебай мен Шыңғыс Әділхан.

Tea Ceremony: су шашырап тұрған үш Dańsai Tea банкасы, алдыңғысы лимон дәмімен
Tea Ceremony: студияның 2024 жылғы өнім визуализациясы, тапсырыс емес. Өнім ролигінде тауарыңыз осылай көрінеді.

Компаниялармен қалай жұмыс істейміз?

  • Қазақша және орысша

    Сценарийді аудармай, бірден қазақша жазамыз, сондықтан сөзі табиғи шығады. Екінші тілдегі нұсқасы керек болса, оны да жасаймыз.

  • Режиссер басқарады

    Студия жетекшісі — Бағлан Төлебай, «Қазақфильм» резиденті, Нархоз университетінің аға оқытушысы. Нейрожелі режиссер қойған тапсырманы орындайды.

  • Алдымен келісеміз

    Сценарийді, раскадровканы және кейіпкерлерді кадрлар жасалмай тұрып сізбен бекітеміз, сондықтан басшылығыңыз дайын роликтен күтпеген ештеңе көрмейді.

  • Келісімшарт бойынша

    Бағасын, мерзімін, төлем тәртібін, түзетулер санын және роликтің құқығын жұмыс басталмай тұрып келісімшартқа жазамыз.

Корпоративтік видеоның бағасы

Бағасы ең алдымен видеоның ұзақтығына байланысты. Құттықтау мен жарнамаға әдетте 1 минутқа дейінгі ролик жетеді, ал компания туралы фильмге 1–3 минут керек.

Бұл — AI-видео, музыка мен дыбыстары бар бір форматтағы роликтің алдын ала есебі. Нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта бекітеміз.
Видеоның ұзақтығыБағасыДайын болу мерзімі
30 секундқа дейін250 000 – 350 000 ₸1–2 апта
1 минутқа дейін350 000 – 500 000 ₸2–3 апта
1–3 минут500 000 – 700 000 ₸3–5 апта
3 минуттан ұзақ1 000 000 ₸-денМерзімін жеке келісеміз

Бағаға мыналар да әсер етеді:

  • диктордың дауысы: +50 000 ₸;
  • кейіпкерлер кадрда сөйлесе (lipsync): бағасы 20 %-ға өседі;
  • AI-видеоның орнына 3D анимация: бағасы шамамен 1,6 есе жоғары;
  • Reels пен WhatsApp статусына арналған тік нұсқасы: +10 %;
  • екінші тілдегі нұсқасы, мысалға, қазақшаға қоса орысша: +15 %.

Өз нұсқаңызды осы жерде есептеңіз: ұзақтығын, стилін және дауысын таңдаңыз. Шыққан баға өтініміңізге қосылады, ал біз сізге WhatsApp-қа жазамыз.

Бағасы ұзақтығына қарай
Видеоның ұзақтығыБағасыДайын болу мерзімі
30 секундқа дейін250 000 – 350 000 ₸1–2 апта
1 минутқа дейін350 000 – 500 000 ₸2–3 апта
1–3 минут500 000 – 700 000 ₸3–5 апта
3 минуттан ұзақ1 000 000 ₸-денМерзімін жеке келісеміз
  • 3D анимация: бағасы шамамен 1,6 есе жоғары.
  • Диктордың дауысы: +50 000 ₸. Кейіпкерлер сөйлесе (lipsync): бағасы 20 %-ға өседі.
  • Тік нұсқасы: +10 %, екінші тілдегі нұсқасы: +15 %.

Бұл — алдын ала есеп. Нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта (договорда) бекітеміз.

Жұмыс барысы

  1. Бриф. Сізбен WhatsApp-та не қоңырау арқылы сөйлесіп, видео кімге арналғанын, қайда көрсетілетінін және қай күнге керек екенін анықтаймыз. Осыдан кейін бағасы мен мерзімін айтамыз.
  2. Келісімшарт (договор). Бағасын, мерзімін, төлем тәртібін, түзетулер санын және құқықтарды келісімшартта бекітеміз.
  3. Сценарий мен раскадровка. Сценарийді өзіміз жазамыз немесе сіздікін негізге аламыз, содан кейін әр сахнаны кадрларға бөліп, сізбен келісеміз.
  4. Стиль мен кейіпкерлер. Сынақ кадрлар жасап, видеоның стилін және кейіпкерлердің келбетін бірге бекітеміз. Осыдан кейін стиль соңына дейін өзгермейді.
  5. Кадрлар. Әр кадрды бірнеше нұсқада жасап, ең жақсысын таңдаймыз және модель жіберген қатені түзетеміз.
  6. Монтаж және дыбыстау. Дыбыстауды (озвучканы), музыка мен дыбыстарды, жазулар мен логотипті қосамыз.
  7. Түзетулер. Алғашқы нұсқаны көрсетеміз, ал түзетулерді келісімшартта жазылған көлемде енгіземіз.
  8. Дайын видео. Видеоны қажет форматта береміз: экран, сайт және YouTube үшін көлденең 16:9, ал Reels пен WhatsApp үшін тік 9:16.

Басқа қалада тұрсаңыз да, жаза беріңіз: брифті WhatsApp пен қоңырау арқылы өткіземіз, сондықтан корпоративтік видеоға Алматыдан ғана емес, Қазақстанның кез келген қаласынан тапсырыс бере аласыз.

Брифке не дайындаған дұрыс?

  • Мақсаты мен негізгі ойы. Көрермен видеоны көріп болған соң компанияңыз туралы не түсінуі керек?
  • Қайда көрсетесіз? Клиенттерге жіберетін хабарлама, залдағы экран, сайт, көрме, әлеуметтік желі немесе теледидар.
  • Материалдарыңыз. Вектордағы логотип, фирмалық түстер, мұрағат фотолары, тауардың суреттері.
  • Тілі. Қазақша, орысша немесе екеуі де.
  • Мысалдар. Өзіңізге ұнайтын екі-үш ролик және олардың нақты несі ұнайтыны.
  • Мерзімі мен бюджеті. Видеоны қай күні көрсетесіз және қандай сомаға сыйғызу керек.
  • Кім бекітеді? Соңғы сөз айтатын бір адам болса, түзетулерге кететін уақыт қысқарады.

Жасанды интеллект, қызметкерлердің келісімі және таңбалау

Жасанды интеллектпен жұмыс істеудің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан оларды келісімшартқа дейін айтып қоямыз. Мысалға, модель тауарыңызды ұқсатып салады, бірақ пішінін не этикеткадағы әріптерін өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан тауарды фотоңыздан аламыз немесе 3D-де жасаймыз, ал жазулар мен логотипті монтажда қоямыз. Ұзақ монолог кезінде ерін қозғалысы сөзбен сәйкеспей қалады, сондықтан директордың ұзақ құттықтауын кадр сыртындағы дауыспен берген сенімдірек.

Қызметкерлерді, басшыны және компанияның негізін қалаушыны тек өздерінің келісімімен көрсетеміз: бұл олардың бетіне де, дауысына да, корпоративке арналған әзіл сахналарға да қатысты. Белгілі адамдар мен саясаткерлердің атынан құттықтау жасамаймыз.

Қазақстанның 2025 жылғы 17 қарашадағы «Жасанды интеллект туралы» заңының 21-бабында пайдаланушылар тауардың, жұмыс пен қызметтің жасанды интеллект жүйелері арқылы жасалғаны туралы хабардар етілуге тиіс деп жазылған. Сондықтан роликті қалай таңбалайтынымызды видео дайын болғанға дейін бірге келісеміз.

Командаңыз өзі үйренгісі келсе

Әлеуметтік желіге ролик апта сайын керек болса, өз қызметкеріңізді үйреткен тиімдірек. Ол үшін компания қызметкерлеріне жасанды интеллектіні үйрету бағдарламасы және сабақтары қазақ тіліндегі AI.Cinema курсы бар.

Жиі қойылатын сұрақтар

Корпоративтік видео қанша тұрады?

30 секундқа дейінгі ролик 250 000 ₸-ден басталады. 1 минутқа дейінгі ролик 350 000 – 500 000 ₸, 1–3 минуттық фильм 500 000 – 700 000 ₸, ал 3 минуттан ұзақ видео 1 000 000 ₸-ден тұрады. Өз нұсқаңыздың шамамен бағасын осы беттегі калькулятордан көресіз, ал нақты бағасын брифтен кейін келісімшартта бекітеміз.

Компанияға жаңа жылдық видеоны уақытында жасап үлгересіздер ме?

Видеоны 25 желтоқсанда көрсету керек болса және жұмыс мерзімін ең ұзақ нұсқасымен есептесек, 30 секундқа дейінгі құттықтауды 11 желтоқсаннан, 1 минутқа дейінгі роликті 4 желтоқсаннан, ал 1–3 минуттық фильмді 20 қарашадан кешіктірмей бастау керек. Күн өтіп кетсе де, жаза беріңіз: үлгеретін-үлгермейтінімізді брифте айтамыз.

Кеңсе мен қызметкерлерді түсіру керек пе?

Жоқ, кадрларды жасанды интеллектпен және 3D-де жасаймыз, ал негізге фотоларыңыз бен мұрағатыңызды, логотипіңізді аламыз. Нақты адамдарды тек өздерінің келісімімен көрсетеміз. Егер сізге дәл камерамен түсірілім керек болса, брифте айтыңыз, біздің тәсіл сізге жарай ма, соны бірден талқылаймыз.

Тауарымызды көрсетуге бола ма?

Иә. Тауарды фотоңыздан аламыз, ал қаптамасы әрпіне дейін дәл болуы керек болса, 3D-де жасаймыз. Жазулар мен логотипті монтажда қоямыз, себебі нейрожелілер текстті жиі қатемен жазады.

Видеоны қазақ тілінде жасайсыздар ма?

Иә. «Қонаев» пен «Түлкі мен Арыстан» қазақ тілінде жасалған. Сценарийді бірден қазақша жазамыз, ал екінші тілдегі нұсқасы бағаға 15 % қосады.

Компанияларға жасаған жұмыстарыңызды көрсете аласыздар ма?

Сайтта тек өз жұмыстарымызды көрсетеміз: «Қонаев», «Түлкі мен Арыстан», «Алпамыс» және Tea Ceremony өнім визуализациясы. Кадрдың деңгейін солардан көре аласыз. Ал ролигіңіздің стилі мен кейіпкерлерін сынақ кадрларда сізбен бірге бекітеміз.

Қалай төлейміз және қандай құжат беріледі?

Бағасын, төлем тәртібін, мерзімін және роликтің құқығын жұмыс басталмай тұрып келісімшартқа жазамыз. Бухгалтерияңызға қандай құжат керек екенін брифте айтыңыз.

Дайын видеоның құқығы кімге тиесілі болады?

Видеоны қайда және қалай қолдануға болатынын келісімшартта (договорда) бекітеміз. Сондықтан брифте видеоны қайда көрсететініңізді айтыңыз: сайтта, әлеуметтік желіде, теледидарда немесе көшедегі экранда.

Тағы оқыңыз