Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

Туған күнге видео жасау: отбасы фотоларынан ЖИ-мен видео құттықтау

Туған күнге видео жасау үшін 20–40 секундтық қысқа сценарий жазасыз, отбасы фотоларын жинайсыз, ең жақсы бір-екі суретті ЖИ (ИИ) арқылы жандандырасыз да, өз дауысыңыз бен музыканы қосып, телефонда монтаждайсыз. Мұндай видео құттықтау бір кеште дайын болады, ал жақын адамыңыз оны талай рет ашып көреді. Мысалға, анаңыздың жас кезіндегі суретінде ол ақырын жымияды, артындағы терезенің ақ пердесі желмен тербеледі, ал сіздің дауысыңыз естіледі: «Анашым, туған күніңізбен!» Сіздің де осылай құттықтағыңыз келетін жақын адамыңыз бар ма? Онда төменде идеядан бастап WhatsApp-қа жібергенге дейінгі жолды қадам-қадаммен көрсетеміз.

, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 11 минут

Орыс тілінде оқу

Туған күнге құттықтау видео жасау: 6 қадам

Жақсы видео құттықтау идеядан басталады. Сондықтан алдымен кімге, не айтатыныңызды шешесіз, содан кейін ғана фото мен құралдарға көшесіз. Төмендегі алты қадамның бәрін телефонмен де жасауға болады.

1-қадам: идеяны таңдап, қысқа сценарий жазыңыз

Алдымен үш сұраққа жауап беріңіз: видео кімге арналған, оған қандай тілек айтасыз және оны қай естелік арқылы айтасыз? «Денсаулығыңыз мықты болсын, бақытты болыңыз» деген жалпы тілекті бәрі айтады. Ал «Бала кезімде сіз маған ұйықтар алдында ертегі оқып беретінсіз» деген нақты естелік адамның жүрегіне бірден жетеді. Видеоның ұзақтығы 20–40 секунд болғаны дұрыс, себебі WhatsApp-та видеоны көбіне телефоннан ашып көреді, ал қысқа видеоны адам соңына дейін ықыласпен көреді. Ұзағырақ видеоны тойда үлкен экраннан көрсетуге қалдырыңыз.

Анаға видео құттықтау: 30 секундтық сценарий мысалы

Анаға видео құттықтаудың үлгі сценарийі
УақытыЭкранда не көрінеді?Не естіледі?
0–6 секундАнаңыздың жас кезіндегі фотосы жанданады: ол камераға қарап ақырын жымиядыСіздің дауысыңыз: «Анашым, мына суретте сіз жап-жассыз…»
6–18 секундОтбасы фотолары бірінен соң бірі ауысады: үйлену тойы, балаларымен түскен суреттер, ауылдағы үй«…содан бері бізді аялап өсірдіңіз, бар мейіріміңізді бізге бердіңіз»
18–26 секундБүгінгі суретте анаңыз немерелерімен бірге отырНемересінің дауысы: «Әже, туған күніңізбен!»
26–30 секундСоңғы кадрда «Туған күніңізбен, анашым!» деген жазу шығадыМузыка сәл қаттырақ естіледі

2-қадам: отбасы фотоларын жинаңыз

Анаңыздың бала кезінен бүгінге дейінгі 6–10 фотосы жеткілікті. Бауырларыңызбен ортақ WhatsApp чатына «Анамның ескі суреттері кімде бар?» деп жазсаңыз, әркім өзінде сақталған суретті жібереді. Тек анаңыз сол чатта болмасын, әйтпесе тосын сыйыңыз ашылып қалады. Қағаз фотоны сканерлеңіз немесе телефонмен түсіріңіз: фотоға жарық шағылыспасын, ал телефонды фотоға тура қаратып ұстаңыз. Фотоның ақ жиегін қиып тастаңыз және адамның беті анық көрінетін суреттерді таңдаңыз. Модель бұлыңғыр жерді өзі ойлап салады, сондықтан бет неғұрлым анық болса, видеода адам соғұрлым өзіне ұқсайды.

3-қадам: ескі фотоны қалпына келтіріп, жандандырыңыз

Ескі фотода сызат пен дақ жиі болады. Оны алдымен сурет жасайтын модельмен, мысалға, Nano Banana Pro моделімен қалпына келтіресіз, ал дайын промптты тегін материалдар бетінен «Реставрация фото» деген атпен көшіріп аласыз. Толық нұсқаулықты ескі фотоны қалпына келтіру туралы мақалада жаздық.

Содан кейін бір-екі фотоны Суреттен видеоға (Image to video) әдісімен жандандырасыз: фотоны видео модельге жүктейсіз де, промптқа ондағы адамның қалай қозғалатынын жазасыз. Промптты тірі сөйлеммен жазыңыз: алдымен уақыт пен орынды, содан кейін кейіпкерді, соңында оның не істеп жатқанын айтасыз. Мысалға:

Жазғы күні ауылдағы үйдің алдында жас келіншек кішкентай баласын құшақтап тұр, ол камераға қарап ақырын жымияды, ал артындағы терезенің ақ пердесі желмен баяу тербеліп тұр. Камера қозғалмайды, келіншектің беті өзгермейді.

— Ескі отбасылық фотоға промпт мысалы

Бір видеоға бір-екі шағын қозғалыс жеткілікті, ал ұзақтығын 4–5 секундтан бастаңыз. Қозғалыс көп болса не камера адамды айналып өтсе, бет-әлпеті өзгеріп кетуі мүмкін. Барлық фотоны жандандыру міндетті емес. Қалған фотоларға монтажда баяу жақындау (зум) әсерін қоссаңыз, олар да тірі көрінеді. Бұл әдісті фотодан видео жасау мақаласында толық түсіндірдік.

Тегін бастауға да болады. Мысалға, Google Flow подпискасыз күніне 50 кредит береді: Gemini Omni Flash моделімен 8 секундтық 720p видео 12 кредит тұрады, яғни күніне төрт видео жасай аласыз. Тек кешкі уақытта, Алматы бойынша шамамен 19:00 мен 22:00 аралығында, подпискасыз видео жасалмай қалуы мүмкін, сондықтан жандандыруды күндіз жасап алған дұрыс. Flow Қазақстанда жұмыс істейді, бірақ оны тек 18 жасқа толғандар қолдана алады. Ал бастаушының тегін кредиті көбіне бір кадрды қайта-қайта жасауға кетеді: не беті өзгеріп кетеді, не фото қозғалмай қалады. Сондықтан кредитті жұмсамас бұрын суреттен видео жасаудың ретін тегін сабақтан көріп алыңыз.

4-қадам: қазақша дауыс қосыңыз

Ең жылы дауыс, әрине, өзіңіздің дауысыңыз. Тыныш бөлмеде телефонды аузыңыздан бір қарыстай қашықтықта ұстап, сценарийді асықпай оқыңыз да, екі-үш дубль жазып алыңыз. Немерелердің «Әже, туған күніңізбен!» деген дауысы одан да әсерлі шығады, оны да бөлек жазып алыңыз.

Өз дауысыңызды қосқыңыз келмесе, қазақша текстті оқитын нейросеттер бар. Мысалға, ISSAI Voice Studio платформасы қазақша текстті дауысқа айналдырады, оның тегін тарифі айына 40 минут береді және карта сұрамайды. Басқа құралдарды қазақша озвучка туралы мақалада салыстырдық. Тек біреудің дауысын оның рұқсатынсыз клондамаңыз.

5-қадам: музыка таңдаңыз

Видеоның көңіл-күйін музыка береді. Анаңыз жақсы көретін әнді қойсаңыз, ол бірден таниды. Тек видеоны Instagram-ға салсаңыз, белгілі әннің дыбысы өшіріліп қалуы мүмкін, сондықтан онда әуенді Instagram-ның өз музыка кітапханасынан таңдаған дұрыс. Ал әннің текстіне анаңыздың атын қосып, өз әніңізді Suno арқылы жасай аласыз. Suno-ның тегін тарифі күніне 50 кредит береді, бірақ онда әнді жүктеп алу шектеулі, ал коммерциялық құқық жоқ. Отбасылық құттықтауға коммерциялық құқық қажет емес, тек әнді видеоға қосу үшін оны жүктеп ала алатыныңызды алдын ала тексеріңіз.

6-қадам: CapCut-та монтаждаңыз

  1. Жаңа жоба ашып, фотолар мен жандандырылған видеоларды сценарийдегі ретпен қосасыз.
  2. Экранның төменгі жағындағы «Соотношение сторон» (Кадр форматы) батырмасынан 9:16 тік форматты таңдайсыз.
  3. Әр фотоға 3–4 секунд бересіз де, баяу жақындау (зум) әсерін қосасыз, сонда суреттер де тірі көрінеді.
  4. «Аудио» арқылы алдымен өз дауысыңызды, содан кейін музыканы қосасыз. Музыканың дыбысын дауыстан әлдеқайда төмен қойыңыз, әйтпесе сөз естілмей қалады.
  5. «Текст» арқылы соңғы кадрға «Туған күніңізбен, анашым!» деп жазасыз. Таңдаған шрифт қазақ әріптерін (ә, қ, ү, ө) дұрыс көрсете ме, тексеріңіз.
  6. Жоғарғы оң жақтағы «Экспорт» батырмасын басып, видеоны 1080p сапамен сақтайсыз.

Слайд-шоу жасаудың бүкіл ретін CapCut қазақша нұсқаулығында жаздық, ал монтаждың өзін тегін сабақтардың бесіншісінен видео түрінде көресіз.

WhatsApp пен Instagram-ға арналған формат

Видеоны қайда жіберетініңізге қарай оның форматы да, сапасы да өзгереді. Сондықтан монтаждан бұрын соны шешіп алыңыз.

WhatsApp пен Instagram талаптары 2026 жылғы қазанда олардың ресми анықтамаларынан тексерілді.
Қайда жібересіз?ФорматыНені ескеру керек?
WhatsApp чатТік (9:16) не көлденең (16:9)Жіберер алдында «HD-качество» (HD сапа) батырмасын таңдаңыз. WhatsApp видеоны сығып жібереді: әдетте интернет жылдам болса, 100 МБ пен 720p-ге дейін, баяу болса, 64 МБ мен 480p-ге дейін. Сапасы маңызды болса, видеоны «Документ» (Құжат) ретінде жіберіңіз, бұлай 2 ГБ-қа дейінгі файл жібере аласыз
WhatsApp статусТік (9:16)Статустағы видео 90 секундтан аспайды, ал HD сапа статусқа әзірге қолжетімсіз
Instagram ReelsТік (9:16)Разрешениесі кемінде 720 пиксель, ал кадр жиілігі секундына кемінде 30 кадр болсын. Профиліңіздегі мәзірден «Качество медиафайлов» бөлімін ашып, «Загружать в самом высоком качестве» (ең жоғары сапада жүктеу) функциясын қосыңыз
Тойда үлкен экрандаКөлденең (16:9)Видеоны 1080p сапамен сақтап, флешкаға жазып алыңыз. Той басталмай тұрып, оны залдағы экранда бір рет қосып көріңіз

Мерейтой, тұсаукесер және бесік тойға видео

Осы алты қадам басқа мерекеге де жарайды. 50, 60 не 70 жасқа толған әке-шешеңізге арналған ұзағырақ видеоның сценарийін мерейтойға видео жасау туралы мақалада бөлек жаздық.

Тұсаукесерге слайд-шоу жасасаңыз, баланың алғашқы жылын ай сайынғы фотолармен көрсетіңіз: туылған күні, алғашқы күлкісі, алғашқы қадамы. Бір-екі фотоны жандандыруға болады, мысалға, бала шарға қарап күліп тұрған сәтті. Бесік той мен сүндет тойға да осындай қысқа видео жасап, тойда үлкен экраннан көрсетесіз.

Әдеп: кімнің фотосын қолдануға болады?

  • Өз фотоларыңызды не отбасыңыздың фотоларын қолданыңыз. Суретте басқа адамдар да болса, видеоны желіге салмас бұрын олардың келісімін сұраңыз. Ал марқұм болған туысыңыздың суретін жандандырмас бұрын отбасыңызбен ақылдасыңыз.
  • Баланың суретін қолдану-қолданбауды ата-анасы шешеді. Ондай суретті ата-анасының аккаунтынан, сенімді платформада ғана өңдеңіз, ал белгісіз сайттар мен боттарға жүктемеңіз.
  • Танымал адамның бейнесін пайдаланбаңыз. Интернетте «Путиннен құттықтау» не «жұлдыздан құттықтау» деген видеолар жиі кездеседі. Бұл дипфейк (deepfake), яғни адамның бейнесі мен дауысын оның рұқсатынсыз көшіру. Google Flow мұндай видеоны мүлде жасамайды, ал біз мұндай видео жасамаймыз және оны үйретпейміз.
  • ЖИ-мен жасалғанын көрсетіңіз. Қазақстанның 2025 жылғы 17 қарашадағы «Жасанды интеллект туралы» заңында ЖИ жасаған туындыларды таңбалау талабы бар. Видеоны желіге салсаңыз, сипаттамасына «ЖИ-мен жасалған» деп жазып қойыңыз.

Dansai AI Studio: фотоны қалпына келтіру мен жандандыру бір жерде

Сыртқы платформалардың әрқайсысының өз аккаунты, кредиті мен подпискасы бар, ал бағасы көбіне долларда. Біздің курстарда оқысаңыз, сыртқы платформалардың орнына фотоны жеке кабинетіңіздегі Dansai AI Studio платформасында қалпына келтіріп, жандандыра бересіз. Яғни VPN де, USD карта да қажет емес. Studio курс тарифімен бірге ашылады, ал токендер тарифпен бірге сыйға беріледі.

«Суреттер» режимінде ескі фотоны референс етіп жүктейсіз де, Nano Banana Pro моделімен қалпына келтіресіз. Ал «Видео» режимінде дайын фотоны «Бастапқы кадр» орнына қойып, Veo 3.1, Kling 3.0 Pro не Gemini Omni Flash моделімен жандандырасыз. Промптты қазақша жазасыз, ал Director AI функциясы — промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді. Черновикті токенді аз жұмсайтын Veo 3.1 Lite моделімен жасап, қозғалыс ұнаса ғана финалдық нұсқаны жақсы модельмен шығарасыз. Модельдер тізімі провайдерлерге қарай өзгеруі мүмкін.

Бірден айта кетейік, Studio-да текстті дауысқа айналдыратын құрал да, суретті сөйлететін lipsync құралы да жоқ. Сондықтан дауысты өзіңіз жазасыз не сыртқы нейросетті қолданасыз, ал монтажды CapCut-та жасайсыз. Сөйлейтін фото керек болса, суретті сөйлету туралы мақаланы оқыңыз.

Біздің студия жасаған жұмыстар

Отбасы тарихы біз үшін де жақын тақырып. Академия негізін қалаушы Бағлан Төлебай атасы, қайраткер Төлебай Орынбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ол кісі туралы «Айдынында жүзген ақ кеме» деректі фильмін түсірді. Фильм отбасы мұрағаты мен атасын білген адамдардың әңгімелеріне сүйеніп жасалды. Ал жасанды интеллектпен не жасауға болатынын «Қонаев» фильмінің трейлерінен көресіз. Қонаев фильмі арнайы жүйемен жасалды: ұзақтығы 3:51 минут болатын трейлерде 13 сахна, 80 кадр және 68 бейне үзінді бар, ол YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады. Бағлан Төлебай — «Қазақфильм» резиденті, Нархоз университетінің аға оқытушысы, жасанды интеллект пен машиналық оқыту бойынша докторант.

«Айдынында жүзген ақ кеме»: қайраткер Төлебай Орынбаевтың өмірі

«Айдынында жүзген ақ кеме»: қайраткер Төлебай Орынбаевтың өмірі

Деректі фильм, 21:03

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

«Қонаев» фильмінің ресми трейлері

Жасанды интеллектпен жасалған трейлер, 3:51

Видео құттықтау жасауды қайдан үйренуге болады?

Бастау үшін тегін сабақтарымызды көріңіз, оларға тіркелудің қажеті жоқ. Ал жасанды интеллектіні жалпы неден бастап үйрену керегін бөлек мақалада түсіндірдік.

Практикамен үйренгіңіз келсе, кіріспе AI.Onai курсынан бастаңыз. Ондағы тапсырмалар дәл осы мақаладағы жұмысқа ұқсайды: «Ескі фотоны қалпына келтіру», «Атамен бір кадрда», «Баланың суретін жандандыру», ал «Отбасы тарихы» мини-жобасында бір фотодан 30 секундтық ролик жасайсыз. Бонус тапсырмалар арасында «Мереке афишасы» мен «Ұлттық киімдегі тарихи портрет» те бар. Практиканы Dansai AI Studio-да жасайсыз, ал тариф шарттарын тарифтер бетінен көресіз. Кейін AI.Cinema тарифіне өтсеңіз, AI.Onai-ға төлеген ақшаңыз есепке алынады.

Сіздің керемет идеяңыз, айтқыңыз келетін отбасы тарихыңыз бар ма? Онда AI.Cinema курсы сіз үшін арналған. Бұл курста өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз. Барлық сабақ қазақ тілінде және жазбада, ағылшын тілін білу міндетті емес. Ал жақын адамыңызға арналған премиум фильмді дайын күйінде алғыңыз келсе, оны біздің студия жасап береді, бағасы 500 000 ₸-ден басталады. Олай болса, алғашқы құттықтауыңызды жасауға кеттік!

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күнге видео құттықтауды тегін жасауға бола ма?

Иә, тегін бастауға болады. CapCut-тың тегін нұсқасында фотолардан слайд-шоу жинайсыз, Google Flow подпискасыз күніне 50 кредит береді, ал ISSAI Voice Studio-ның тегін тарифі айына 40 минут қазақша дауыс береді. Бірақ тегін кредит дубльдерге тез кетеді, ал кейбір платформада ватермарк қалады.

Телефонмен құттықтау видео жасауға бола ма?

Иә, бәрін телефонмен жасай аласыз. Генерация платформаның серверінде жүреді, сондықтан қуатты телефон керек емес, интернет болса жеткілікті. Монтажды CapCut қосымшасында жасайсыз, ал Dansai AI Studio телефонның браузерінде де ашылады.

Анаға видео құттықтауда не айтуға болады?

Жалпы тілектен гөрі бір нақты естелік әсерлірек, мысалға: «Бала кезімде сіз маған ұйықтар алдында ертегі оқып беретінсіз». Содан кейін алғысыңызды айтып, бір тілекпен аяқтайсыз. Үш-төрт сөйлем 30 секундтық видеоға дәл жетеді.

Видео құттықтау неше секунд болуы керек?

WhatsApp-қа жіберетін видеоға 20–40 секунд жеткілікті, ал WhatsApp статусындағы видео 90 секундтан аспайды. Тойда үлкен экраннан көрсетілетін видео 1–2 минут бола алады.

Танымал адамның атынан видео құттықтау жасауға бола ма?

Біз мұндай видео жасамаймыз және оны үйретпейміз. Танымал адамның бейнесі мен дауысын оның рұқсатынсыз қолдану дипфейк болып саналады, ал Google Flow танымал адамдардың видеосын мүлде жасамайды. Құттықтауды өз отбасыңыздың фотоларымен және өз дауысыңызбен жасаңыз, сонда ол әлдеқайда жылы шығады.

Компьютерді жақсы білмеймін, ЖИ-мен видео жасауды үйрене аламын ба?

Иә, нөлден бастауға болады: камера мен монтаж тәжірибесі алдын ала қажет емес. Сабақтар қазақ тілінде, ал Dansai AI Studio-да промптты қазақша жаза бересіз. Алдымен тегін сабақтарды көріп, өзіңізге ұнай ма, соны тексеріңіз.

Тегін құралдар бар болса, курс не үшін керек?

Бір құттықтауға тегін құралдар жетуі мүмкін. Ал әр мерекеге отбасы тарихын айтатын видео не тұтас фильм жасағыңыз келсе, промпт, кадр, кейіпкердің тұрақтылығы, дыбыс пен монтажды бір жүйеге келтіру керек. Курста осы жолды қазақ тілінде, қадам-қадаммен өтесіз.

Тағы оқыңыз