Бір ЖИ видеоның бағасы = бір клипке кететін кредит (токен) × бір кредиттің бағасы. Оны тек бірдей модель, ұзақтық, сапа және дыбыспен салыстыруға болады, әйтпесе сандардың мәні жоқ.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 7 минут

Тегін туралы бірден ашық айтайық: біздің Dansai AI Studio платформасында тегін генерация жоқ, токен пакеттері 4 990 ₸-ден басталады, оларды Kaspi QR арқылы подпискасыз төлейсіз. Видеоны тегін байқап көргіңіз келсе, Google Flow бар, ол туралы төменде жаздық. Ал әрі қарай кез келген платформада бір видеоның нақты бағасын қалай есептейтінді көрсетіп, теңгемен мысалдар келтіреміз.
Формула: бір клип қанша тұрады?
Платформалардың көбі видеоның өзін емес, ішкі валютасын сатады: кредит, токен немесе «жұлдызша». Сондықтан бір видеоның бағасын екі қадаммен есептейміз:
- Бір кредиттің бағасы. Тарифтің не пакеттің бағасын ішіндегі кредит санына бөлесіз. Мысалға, 200 кредит $15 тұрса, бір кредит $0,075 болады.
- Бір клиптің бағасы. Бір клипке кететін кредитті бір кредиттің бағасына көбейтесіз. Мысалға, 7 кредит × $0,075 = $0,53.
Бір клипке қанша кредит кететінін платформа тарифтер кестесінде немесе генерация батырмасының өзінде жазады. Бірақ бұл жеткіліксіз, әділ салыстыру үшін шарттар бірдей болуы керек:
- Модель мен нұсқасы бірдей. Мысалға, Veo 3.1 Lite пен Veo 3.1 бағасы бірнеше есе ерекшеленеді.
- Ұзақтығы бірдей. Бір платформа 4 секундтың бағасын жазады, екіншісі 5 не 8 секундтың.
- Сапасы мен дыбысы бірдей. 1080p пен 4K көбіне 720p-ден қымбат, дыбысқа да көбіне бөлек ақы алынады.
- Салық пен бағам. Долларлық баға көбіне салықсыз жазылады, ал қай бағаммен ақша алынатынын банкіңіз шешеді.
- Кредиттің жойылуы. Подписканың кредиті ай соңында жойылса, ал сіз оның жартысын ғана жұмсасаңыз, бір клиптің шын бағасы екі есе қымбат шығады.
- Дубльдер. Бірінші нұсқа сирек ұнайды, сондықтан клиптің бағасын әдетте неше рет қайталайтыныңызға көбейтіңіз.
Higgsfield-те бір видео қанша тұрады?

Higgsfield тарифтер беті бойынша 2026 жылғы 10 қарашада ай сайын төлегенде бір кредит Starter тарифінде $0,075 ($15-ке 200 кредит), Plus тарифінде $0,049 ($49-ға 1 000 кредит), ал Ultra тарифінде $0,043 ($129-ға 3 000 кредит) тұрады. Бағаға салық кірмейді. Енді Plus тарифімен бірнеше видеоны есептеп көрейік:
| Модель және баптаулары | Бір клипке кредит | Plus-та, $ | Шамамен теңгемен |
|---|---|---|---|
| Kling 2.5 Turbo, 1080p, 5 сек | ~6 | ≈ 0,29 | ≈ 130 ₸ |
| Kling 3.0, 720p, 5 сек | ~7 | ≈ 0,34 | ≈ 150 ₸ |
| Veo 3.1 Fast, 720p, 4 сек | ~16 | ≈ 0,78 | ≈ 350 ₸ |
| Veo 3.1, 720p, 4 сек | ~40 | ≈ 1,96 | ≈ 880 ₸ |
| Nano Banana Pro, сурет | 2 | ≈ 0,10 | ≈ 40 ₸ |
Бұл ең төменгі баға: айына 1 000 кредиттің бәрін жұмсасаңыз, бір клип осыншалық тұрады. Подписканың жұмсалмаған кредиті жойылады, ал ең аз төлем айына $15 тұратын Starter подпискасы, ол өзі ұзарып отырады. Higgsfield-ке Қазақстаннан қалай төлейтінді бөлек мақалада жаздық.
Тағы бір ескерту: Higgsfield тарифтерінде кейбір модельдер белгілі мерзімге Unlimited, яғни кредитсіз жұмыс істейді. 2026 жылғы 10 қарашада тариф карточкаларында Seedance 2.5, Nano Banana Pro, Seedream және GPT Image 2.6 тұр, мерзімі 7 күннен бір жылға дейін. Мұндай генерация кәдімгі кезекте жүреді және подписка белсенді тұрғанда ғана жұмыс істейді, ал бұл модельдерде клип үшін кредит жұмсалмайды.
Google Flow: видеоны шынымен тегін жасайтын жер

Егер тегін нұсқа керек болса, ашығын айтсақ, Google Flow-ды атаған дұрыс. Google анықтамасында жазылғандай, әр қолданушы күн сайын 50 Flow кредитін алады, ал 4, 6 немесе 8 секундтық Veo 3.1 Lite видеосы 720p сапада 10 кредит тұрады. Яғни күніне бес қысқа видеоға дейін тегін жасайсыз. Шектеулері де бар: подпискасыз адамға қарбалас сағаттарда (Астана уақытымен шамамен 19:00-ден 22:00-ге дейін) видео жасау ашылмауы мүмкін, жұмсалмаған күнделікті кредит келесі күнге көшпейді, ал Flow 18 жасқа толғандарға ғана ашық. Қазақстан Flow жұмыс істейтін елдердің тізімінде бар.
Google подпискалары Қазақстанда теңгемен сатылады: айына 2 690 ₸ тұратын Google AI Plus айына 200 Flow кредитін қосады, ал 9 990 ₸ тұратын Pro айына 1 000 кредит қосады. Veo 3.1 Lite видеосының бағасы бойынша Flow Studio-дан әлдеқайда аз шығады. Кемшілігі мынада: бұл бір компанияның платформасы, сондықтан ішіндегі модельдер де тек Google-дікі (Veo, Omni Flash, Nano Banana).
Dansai AI Studio: теңгемен және подпискасыз

Studio-да валюта токен деп аталады. Пакеттер: 500 токен 4 990 ₸, 1 000 токен 9 990 ₸ және 3 000 токен 24 990 ₸, әрқайсысы 90 күн жарамды. Яғни бір токен кіші екі пакетте шамамен 10 ₸, ал 3 000 токендік пакетте 8,33 ₸ тұрады. Бір клипке қанша токен кететінін Studio генерацияны бастамай тұрып батырмада жазады. 2026 жылғы 10 қарашадағы мысалдар:
| Модель және баптаулары | Бір клипке токен | Шамамен теңгемен |
|---|---|---|
| Kling 2.5 Turbo, 1080p, 5 сек, дыбыссыз | ✦ 41 | 340–410 ₸ |
| Veo 3.1 Lite, 720p, 8 сек, дыбысымен | ✦ 47 | 390–470 ₸ |
| Nano Banana Pro, 2K сурет | ✦ 18 | 150–180 ₸ |
Модельдердің ақысын модель провайдерлеріне доллармен төлейміз, сондықтан батырмадағы токен саны айына бір рет доллар бағамына қарай түзетіледі. Сол себепті жоғарыдағы кесте мысал ғана, ал нақты сан әрқашан батырмада және Studio бетіндегі «бір пакеттен қанша видео шығады» деген есепте тұрады. Генерация сәтсіз аяқталса, токендеріңіз қайтарылады.
Studio қай кезде ыңғайлы? Kaspi QR арқылы бір рет төлейсіз, подписка да, долларлық карта да керек емес; бір шотта Google (Veo), Kuaishou (Kling) және ByteDance (Seedance) модельдері тұр; интерфейсі қазақша не орысша, промптты да осы тілдерде жазасыз. Ал қай кезде ыңғайлы емес? Егер күн сайын генерация жасап, подписканы толық жұмсасаңыз, үлкен платформаның подпискасы толық жұмсалғанда бір клипке азырақ баға береді, ал тегін байқап көру үшін Google Flow бар. Ерінді дауысқа сай қозғалту мен озвучка Studio-да әзірге жоқ.
Higgsfield-тің тегін баламасы бар ма?
| Платформа | Тегін не бар? | Ең аз төлем | Қалай төлейсіз? |
|---|---|---|---|
| Higgsfield | Free, бірақ видео жоқ, ватермаркпен | Айына $15 (≈ 6 700 ₸) + салық | Подписка: карта, Apple Pay |
| Google Flow | Күніне 50 кредит (Veo 3.1 Lite-пен 5 видеоға дейін) | Google AI Plus айына 2 690 ₸ | Google подпискасы |
| Dansai AI Studio | Жоқ | 4 990 ₸ бір рет, 90 күнге | Kaspi QR немесе карта, подпискасыз |
Барлық модельдері бар, толық тегін Higgsfield баламасын біз таппадық: әр генерацияның ақысын біреу төлейді. Тегін байқап көру (Flow-дың күнделікті кредиті сияқты) және төлеудің әртүрлі жолдары бар. Платформаларды мүмкіндігі бойынша Higgsfield сияқты платформалар деген шолуда салыстырдық.
Ал Higgsfield-тің өзін меңгергіңіз келсе, біз қазақ және орыс тілінде Higgsfield бойынша курс дайындап жатырмыз (бұл Higgsfield-тің ресми курсы емес).
Жиі қойылатын сұрақтар
Higgsfield-ті тегін қолдануға бола ма?
Тек қарап шығу үшін: тегін тарифте айлық кредит жоқ, бір уақытта бір генерация жасайсыз, ал жұмыстарда ватермарк тұрады. Видео үшін айына $15-тен басталатын подписка керек.
ЖИ видеоны тегін қай жерде жасауға болады?
Ресми әрі шынымен тегін нұсқаның бірі Google Flow: күніне 50 кредит береді, бұл бірнеше қысқа Veo 3.1 Lite видеосына жетеді. Dansai AI Studio-да тегін генерация жоқ, пакеттер 4 990 ₸-ден басталады, подписка жоқ.
Dansai AI Studio-да бір видео қанша тұрады?
Модельге, ұзақтығына, сапасына және дыбысына байланысты. 2026 жылғы 10 қарашада Veo 3.1 Lite-тың 720p, 8 секундтық, дыбысы бар видеосы ✦ 47 тұрды, яғни пакетке қарай шамамен 390–470 ₸. Нақты санын Studio генерацияға дейін батырмада көрсетеді.
Токен бағасы неге кейде өзгереді?
Модельдердің ақысын модель провайдерлеріне доллармен төлейміз, сондықтан генерацияға кететін токен саны айына бір рет бағамға қарай түзетіледі. Пакеттің теңгедегі бағасы бұдан өзгермейді.
Dansai AI Studio токендері жойыла ма?
Иә, пакет 90 күн жарамды, одан кейін қалған токендер жойылады. Ай сайын ақша алынбайды: келесі пакетті керек кезде ғана сатып аласыз.