Бет ашылмай тұр ма?

Браузеріңіз ескі болуы мүмкін. Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — сілтемені де, бағаны да қолмен жібереміз.

Страница не открывается? Возможно, устарел браузер. Напишите нам в WhatsApp — пришлём ссылку и цену вручную.

WhatsApp-қа жазу · Написать в WhatsApp Немесе Chrome-ды жаңартып көріңіз · Или обновите Chrome

Higgsfield сияқты платформалар: қайсысын қай кезде қолдану қажет?

Higgsfield сияқты ЖИ (ИИ) платформалары көп: Google Flow, Kling, Runway, OpenArt, Krea, Magnific, Dreamina, ал қазақ тілінде жұмыс істегіңіз келсе, бізде Dansai AI Studio бар. Таңдау сізге не керегіне байланысты: тегін кредит пе, бір мықты модель бе, әлде көп модель бір аккаунтта тұрғаны ма?

, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 14 минут

Орыс тілінде оқу

Қысқы таңда қарлы тау бөктерінде қызыл шапан киген қыз қолына бүркітін қондырып тұр

Higgsfield мықты платформа, біз өзіміз де «Түлкі мен Арыстан» мультфильмін жасағанда оны қолдандық. Бірақ ол бәріне бірдей ыңғайлы бола бермейді: бағасы долларда, интерфейсінде қазақ және орыс тілі жоқ, ал құралдары өте көп. Интернетте мұндай платформаларды «Higgsfield аналоги» немесе «хигсфилд аналоги» деп іздейді. Сізге де осындай платформа керек пе? Онда бұл мақала көмектеседі: әрқайсысының ішінде не бар екенін, тегін не беретінін, бағасын және кімге ыңғайлы екенін ашық айтамыз. Ал біздің Dansai AI Studio платформасында Kling, Veo, Seedance және Nano Banana Pro модельдерімен қазақ тілінде жұмыс істейсіз, бірақ ол тегін емес және Higgsfield-ті толық алмастырмайды, оны да төменде ашық көрсетеміз. Барлық сан мен шартты 2026 жылғы 2 қарашада әр платформаның ресми бетінен тексердік.

Қай платформаны қай кезде қолдану қажет?

Алдымен Higgsfield-тің не беретінін еске түсірейік. Higgsfield AI — бұл көп модель мен кино құралдарын бір аккаунтқа жинаған платформа: онда Seedance, Kling, Veo, Nano Banana модельдері, сондай-ақ Cinema Studio, Soul ID және Lipsync Studio құралдары бар. Басқа платформалардың мықты жағы әртүрлі, сондықтан алдымен өзіңізге не керегін анықтап алыңыз:

  • Тегін байқап көргіңіз келсе. Google Flow-дан бастаңыз: ол күн сайын тегін кредит береді және Қазақстанда қолжетімді.
  • Бір видео модель жетсе. Kling-тің өз сайтын қараңыз, ал Seedance керек болса, Dreamina-ны қараңыз.
  • Бірнеше компанияның моделін бір аккаунтта салыстырғыңыз келсе. Runway, OpenArt, Krea немесе Magnific қолайлы, бұл жағынан олар Higgsfield-ке ең ұқсас.
  • Кино құралдары керек болса. Жанрды, дәуірді, камера қозғалысын батырма арқылы баптау үшін Higgsfield-тің Cinema Studio құралына қараңыз, онда сценарийді кадрларға бөліп беретін Mr. Higgs көмекшісі де бар.
  • Қазақ тілінде, теңгемен төлеп, курспен бірге жұмыс істегіңіз келсе. Dansai AI Studio-ны қараңыз: Kling, Veo, Seedance және Nano Banana Pro модельдері бір кабинетте тұр, ал промптты қазақша жазасыз. Бірақ ол тегін емес, курс тарифімен бірге ашылады.

Higgsfield сияқты платформаларды салыстыру кестесі

Кестеде әр платформаның ең төменгі ақылы тарифін жаздық. Көбінің бағасы жылдық төлемде төмендейді, ал жеңілдіктері жиі өзгереді, сондықтан тіркелер алдында сілтеме арқылы ресми бетін бір қарап шығыңыз.

Higgsfield сияқты платформалар, 2026 жылғы 2 қарашадағы ресми беттер бойынша
ПлатформаІшінде не бар?Тегін не береді?Ақылы тариф неден басталады?
Higgsfield AISeedance, Kling, Veo, Nano Banana және өз құралдары: Cinema Studio, Soul ID, Lipsync StudioШектеулі тегін тариф бар, бірақ оған видео модельдер кірмейді, коммерциялық мақсатта қолдануға да рұқсат жоқStarter: айына $15, бірақ модельдердің бір бөлігі ғана ашық. Барлық модельдер Plus тарифінде: айына $49, жылдық төлемде $39
Google FlowGoogle-дың өз модельдері: Veo 3.1, Gemini Omni Flash, Nano Banana ProКүніне 50 кредит, қолданбағаны келесі күнге қалмайды. Gemini Omni Flash моделімен 8 секундтық 720p клип 12 кредит тұрадыGoogle AI Plus: айына $4,99, бірақ бағасы елге қарай өзгеруі мүмкін
Kling AIKling-тің өз модельдері: Kling 4.0, Kling 3.0 және қозғалысты көшіретін Motion ControlПодпискасыз қолданушы ай сайын тегін кредит алады, ол 31 күн жарамды. Ватермаркты алып тастау, 1080p пен 4K және коммерциялық мақсатта қолдану тек подпискадаStandard: алғашқы ай $6,99, кейін айына $8,8
RunwayӨз Gen-4.5 моделі, сондай-ақ Kling, Seedance, Nano Banana Pro, дауыс пен музыка жасау125 кредит бір рет қана беріледі, қайта толмайды. Тегін тарифтегі әр видеода ватермарк қаладыStandard: айына $15, жылдық төлемде $12
OpenArt100-ден астам сурет, видео және аудио моделі, кейіпкер жасау, раскадровка7 күнге 40 сынақ кредиті: шамамен 40 сурет, ал видео кірмейдіStarter: айына $14, жылдық төлемде $13. Коммерциялық мақсатта қолдану Plus тарифінен басталады
KreaӨз Krea 3 моделі, сондай-ақ Veo, Seedance, Kling, Nano Banana, суреттің сапасын 22K-ға дейін арттыруКүніне 100 units (Krea кредитті осылай атайды), карта сұралмайды. Ашық құралдары: Krea 3, Krea Agent және суретті сол сәтте шығаратын (real-time) модельдер, ал видео модельдер кірмейдіBasic: айына $9, жылдық төлемде $5. Видео модельдердің бәрі Pro тарифінде ашылады: айына $35, жылдық төлемде $21
Magnific (бұрынғы Freepik)Сурет, видео, аудио модельдері, сапаны арттыру және сток: 250 миллионнан астам дайын фото, видео, вектор мен PSD файлТарифтер бетінде тегін тариф көрсетілмегенPremium: айына €15, жылдық төлемде €10,50
DreaminaСурет пен видео, оның ішінде Seedance 2.5 моделіТегін нұсқасы бар, бірақ кредит саны жазылмағанBasic: жылдық төлемде айына шамамен 6 530 ₸, бір айлық төлемде 9 990 ₸. Бағасын теңгемен Қазақстаннан ашқанда көрсетеді
Dansai AI StudioVeo, Kling, Seedance, Nano Banana Pro, Gemini Omni FlashТегін емес: курс тарифімен бірге ашылады, токен сыйға беріледіТеңгемен төлейсіз, бағасы тарифтер бетінде

Әр платформаның мықты жағы

Google Flow: тегін бастауға ыңғайлы

Google Flow — бұл Google-дың сурет пен видео жасайтын платформасы. Мұнда подпискасыз да күніне 50 кредит аласыз, яғни Gemini Omni Flash моделімен күніне 8 секундтық 4 клип жасайсыз. Кейіпкер (Characters) мен аватар жасау да тегін тарифке кіреді. Платформа Қазақстанда қолжетімді, тілдер тізімінде қазақ тілі де бар, бірақ ол 18 жасқа толғандарға ғана ашық, ал Google нәтиже жақсы шығу үшін промптты ағылшынша жазуға кеңес береді. Бір шектеуі бар: көп адам кіретін кешкі уақытта, Қазақстан уақытымен шамамен 19:00–22:00 аралығында, подпискасыз видео жасай алмай қалуыңыз мүмкін. Veo модельдері туралы бөлек нұсқаулық жаздық.

Kling AI: бір мықты модель керек болса

Kling — бұл өз видео модельдерін шығаратын платформа, яғни Higgsfield-те тұрған Kling моделін осы компания жасайды. Сайтының орысша нұсқасы бар. Ресми бетте жазылғандай, Kling 4.0 бір генерацияда 30 секундқа дейін видео шығарады. Егер сізге басқа компаниялардың модельдері керек болмаса, онда модельдің өз сайтында жұмыс істеу ыңғайлы. Толығырақ Kling AI нұсқаулығында көрсеттік.

Runway: өз моделі де, басқалардың моделі де бар

Runway-дің өз Gen-4.5 моделі бар, сонымен қатар ақылы тарифте Kling, Seedance және Nano Banana Pro модельдері де ашық. Яғни Higgsfield сияқты бірнеше компанияның моделін бір жерде қолданасыз, ал дауыс пен музыканы да сол жерде жасайсыз. Сайтының тілдер тізімінде ағылшын, жапон, корей, француз және португал тілдері бар, ал қазақ және орыс тілі жоқ.

OpenArt: кейіпкер мен раскадровка бір жерде

OpenArt-та 100-ден астам модель бар, ал кейіпкерді референс суреттен жасап, кітапханаға сақтайсыз да, жаңа видеоларда қайта қолданасыз. Director режимі алдымен фильміңізді раскадровка етіп сахна-сахнасымен көрсетеді, содан кейін керек кадрға пікір жазып, сол кадрды ғана түзетесіз. Бір нәрсені ескеріңіз: тегін сынақ кредитіне видео кірмейді, сондықтан видеоны тексеру үшін бірден ақылы тариф алуға тура келеді.

Krea: дизайн мен күрделі жобаларға арналған құралдар

Krea-да промптты жазып отырған кезде суретті бірден шығаратын (real-time) модельдер, өз суреттеріңізбен модель үйрету (LoRA) және бірнеше модельді бір тізбекке қосатын Krea Nodes құралы бар. Бұл құралдар дизайнмен не күрделі жобамен жұмыс істейтін адамға ыңғайлы. Ал видео модельдерге келсек, Basic тарифінде олардың бір бөлігі, ал Pro тарифінде барлығы ашылады.

Magnific (бұрынғы Freepik): дизайнерге ыңғайлы

Freepik 2026 жылдың сәуірінде атауын Magnific деп өзгертті, сондықтан бұрынғы сілтеме енді осы сайтқа апарады. Мұнда ЖИ модельдерімен қатар сток бар, яғни дайын фото, видео, вектор мен PSD файлдар, ал жылдық тарифте кредит ай сайын жойылмайды, бір жылға жарамды. Егер сіз дизайнмен жұмыс істесеңіз және сізге сток та керек болса, бұл ыңғайлы нұсқа.

Dreamina: Seedance керек болса

Dreamina-да Seedance 2.5 моделі ашылды, ал Қазақстаннан ашқанда бағасы теңгемен көрсетіледі. Ватермаркты алып тастау, видеоның ұзақтығы мен сапасын арттыру және ерінді дауысқа сай қозғалту (Lip sync) ақылы тарифте ашылады. Коммерциялық мақсатта қолдану туралы тариф беті нақты жауап бермейді, оны Dreamina шарттарынан қарау керек.

Тарифті таңдағанда неге қарайсыз?

Тек подписканың бағасына қарау жеткіліксіз, себебі екі платформаның бағасы бірдей болғанымен, сол ақшаға шығатын видео саны әртүрлі болады. Сондықтан мына төрт нәрсені салыстырыңыз:

  • Кредит неше видеоға жетеді? Мысалға, ресми беттер бойынша Higgsfield Starter-дегі 200 кредит Seedance 2.0 Fast моделінің шамамен 11 видеосына жетеді, Krea Basic тарифі сол модельдің шамамен 15 видеосына жетеді, ал Runway Standard-тағы 625 кредит Gen-4.5 моделінің 52 секундына жетеді. Модельдері мен ұзақтығы әртүрлі болғандықтан, бұл сандар бағдар ғана береді.
  • Кредит келесі айға ауыса ма? Higgsfield, OpenArt, Google Flow және Krea-ның Basic, Pro, Max тарифтерінде подпискаға берілген кредит ауыспайды, Runway-де тек Max тарифінде ауысады, ал Kling-те ай сайынғы кредит 31 күн жарамды. Яғни жұмсамаған кредитіңіз көбіне жойылады.
  • Жарнамаға қолдануға бола ма? Егер видеоңыз жарнамаға не тапсырысқа керек болса, тарифтің шартын алдын ала қараңыз. Мысалға, Higgsfield мен Kling бұған ақылы тарифте рұқсат береді, OpenArt Plus тарифінен, ал Krea Basic тарифінен бастап рұқсат береді.
  • Бағасы қай валютада? Higgsfield, Kling, Runway, OpenArt пен Krea бағасын долларда көрсетеді, Magnific еурода, ал Dreamina Қазақстаннан ашқанда теңгемен көрсетеді. Подписка алмас бұрын картаңызбен төлем жасауға бола ма, соны тексеріп алыңыз.

Ең дұрысы, платформаны бір кадрмен тексеріп көріңіз. Бір промптты алып, тегін кредит беретін екі-үш платформада жасап көріңіз де, нәтижесін салыстырыңыз: кейіпкердің беті өзгерді ме, қозғалысы шынайы ма, кредит қанша кетті? Мысалға:

Қысқы кеште ауыл шетінде жас жігіт атын жетектеп келе жатыр, артында терезелерінен жарық түскен үйлер көрінеді, ал камера оның артынан баяу ілеседі.

— Промпт мысалы

Бұл платформаларда промптты ағылшынша жазған сенімдірек, сондықтан мысалды алдымен аударып алыңыз: оған ChatGPT немесе Gemini көмектеседі. Промпт жазудың ережелерін бөлек мақалада түсіндірдік.

Dansai AI Studio-да не бар?

Сізге Higgsfield сияқты көп модель бір аккаунтта керек, бірақ қазақ тілінде жұмыс істеп, теңгемен төлегіңіз келе ме? Онда біздің платформамызды қараңыз. Dansai AI Studio — бұл жеке кабинетіңіздегі сурет пен видео генерациялайтын платформа. Яғни сыртқы Google Flow, Higgsfield AI құралдарының орнына бірден біздің Dansai AI Studio платформасында жобаларыңызды, курс практикасын жасай бересіз.

Dansai AI Studio-ның «Суреттер» режиміндегі промпт панелі: референс, Nano Banana Pro моделі, 16:9 формат, 2K сапа
Dansai AI Studio-ның «Суреттер» режимі: референс, промпт, модель, формат және сапа бір панельде.

Мысалға, кейіпкеріңізді «Суреттер» режимінде Nano Banana Pro моделімен жасайсыз, ал сурет ұнаса, оны ашып, «Видео жасау» батырмасын басасыз. Сурет «Видео» режиміне бастапқы кадр болып барады, сонда Kling, Veo не Seedance моделін таңдап, промптқа қозғалысты ғана жазасыз.

Dansai AI Studio-ның «Видео» режимі: «Кадрлар» ішіне бастапқы және соңғы кадр қосылған
«Видео» режимі: бастапқы кадрды, қаласаңыз соңғы кадрды да «Кадрлар» ішіне қосасыз, ал астына қозғалысты жазасыз.

Higgsfield-те іздеген нәрселеріңіз бізде қалай тұрғанын мына кестеден көресіз:

Dansai AI Studio мүмкіндіктері, 2026 жылғы 2 қараша. Модельдер жиі жаңарады, сондықтан тізім өзгеріп тұрады
Higgsfield-те не іздейсіз?Dansai AI Studio-да не бар?
Видео модельдерKling 3.0 Pro, Kling 2.6 Pro, Kling 2.5 Turbo, Veo 3.1 (Lite, Fast және толық нұсқасы), Seedance 2.5, Seedance 2.0, Seedance 2.0 Mini, Gemini Omni Flash, Grok Imagine Video
Сурет модельдеріNano Banana Pro, GPT Image 2, Seedream 5.0 Pro, Grok Imagine
Суреттен видеоға (Image to video)Бастапқы кадрды, қаласаңыз соңғы кадрды да қосасыз
Кейіпкердің тұрақтылығын ұстауSoul ID жоқ, бірақ референс суреттер мен «Менің элементтерім» кітапханасы бар: кейіпкер мен локацияны бір рет сақтап, Kling 3.0 Pro моделінде промптқа «@» белгісімен қосасыз
Бір клипте бірнеше кадр (Мульти-шот)Kling 3.0 Pro моделінде бар: 5 кадрға дейін, жалпы 15 секундқа дейін
Сапаны арттыру (Upscale)30 секундқа дейінгі видеоға бар: 480p, 720p видеоны 1080p сапасына, ал 1080p видеоны 4K сапасына көтересіз

Оған қоса Studio-да мына нәрселер ыңғайлы:

  • VPN мен USD картасыз. Тарифті де, қосымша токенді де теңгемен төлейсіз: Kaspi QR, Kaspi Red немесе Visa, Mastercard картасымен.
  • Промпт қазақша не орысша. Director AI функциясы — промптыңызды генерация сәтті шығу үшін барынша күшейтеді. Ол батырманы өшіріп қойсаңыз да болады. Интерфейсі де қазақ және орыс тілінде.
  • Бір кабинет. Сабақтарыңыз бен генерацияңыз бір жерде тұр: академияда үйренген біліміңізді сыртқа шықпай тікелей осы жерде қолдана аласыз.
  • Токеніңіз қайтарылады. Генерация сәтсіз аяқталса, жұмсалған токен шотыңызға қайта түседі. Қанша токен кететінін батырмадан алдын ала көресіз.

Dansai AI Studio-да не жоқ?

Енді ашығын айтайық, Studio бәрін алмастырмайды:

  • Ерінді дауысқа сай қозғалту (Lipsync) мен текстті дауысқа айналдыру (Text to speech) жоқ. Оларды басқа платформада жасайсыз, жолын суретті сөйлету және қазақша дауыс мақалаларында көрсеттік.
  • Cinema Studio-дағыдай камера қозғалыстарының дайын кітапханасы жоқ, сценарийді кадрларға бөліп беретін Mr. Higgs сияқты ЖИ көмекшісі де жоқ. Камера қозғалысын промптқа өзіңіз жазасыз.
  • Модельдері Higgsfield-тегіден аз: негізгі сурет және видео модельдері ғана тұр, мысалға, Sora мен Wan жоқ.
  • Тегін емес. Studio курс тарифімен бірге ашылады, токен тарифпен бірге сыйға беріледі, ал ол таусылса, қосымша пакет сатып аласыз. Токеннің де өту мерзімі бар, ал бағасын тарифтер бетінен көресіз.
  • Жасаған жұмыстарыңыз серверде емес, браузеріңіздегі галереяда сақталады, сондықтан ұнағанын бірден жүктеп алыңыз.

Яғни Cinema Studio-ның кино құралдары не Lipsync керек болса, Higgsfield ыңғайлырақ. Ал қазақ тілінде оқып, практиканы бір жерде жасағыңыз келсе, Dansai AI Studio сізге ыңғайлы болады. Екеуін қатар қолдануға да болады: AI.Cinema сабақтарында Higgsfield AI мен Google Flow-ды да көрсетеміз, ал оларға подписка алу өз қалауыңыз.

«Түлкі мен Арыстан»: Higgsfield қолданылған мультфильміміз

Higgsfield пен басқа модельдерді өз жұмыстарымызда да қолданамыз. «Түлкі мен Арыстан» мультфильмін академия негізін қалаушы Бағлан Төлебай Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro құралдарымен жасады. Ал «Бэтмен Алматыда» экшн қысқаметрлі фильмі Seedance 2.0 арқылы жасалды.

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі

«Түлкі мен Арыстан» қазақша мультфильмі

Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro құралдарымен жасалған AI-мультфильм, 2:56

«Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі

«Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі

Seedance 2.0 арқылы жасалған экшн, 1:46

Бағлан Төлебай — «Қазақфильм» резиденті, Нархоз университетінің аға оқытушысы, компьютерлік ғылымдар магистрі, ЖИ және машиналық оқыту бойынша докторант. Ал біздің студия жасаған «Қонаев» фильмінің трейлері YouTube-та 60 мыңнан астам қаралым жинады. Қонаев фильмі арнайы жүйемен жасалды, ол туралы «Қонаев» фильмі қалай жасалды? деген мақалада жаздық.

Келесі қадам: өз қысқаметрлі фильміңіз

Платформа сізге құрал береді, бірақ фильм жасау үшін сценарий, кейіпкер, кадр, дыбыс пен монтаж бір-бірімен байланысуы керек. Сіздің керемет идеяңыз, сценарийіңіз бар ма? Онда AI.Cinema курсы сіз үшін арналған: өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз. Барлық сабақ қазақ тілінде және жазбада, ағылшын тілін білу міндетті емес. AI.Cinema тарифін Kaspi арқылы 12 айға бөліп төлеуге болады, шарттарын тарифтер бетінен көресіз.

Алдымен байқап көргіңіз келсе, тегін сабақтарымыздан немесе кіріспе AI.Onai курсынан бастаңыз: Dansai AI Studio осы тарифпен де ашылады. Кейін AI.Cinema тарифіне өтсеңіз, AI.Onai-ға төлеген ақшаңыз есепке алынады. Жасанды интеллектіні жалпы неден бастап үйрену керегін бөлек мақалада түсіндірдік. Олай болса, алғашқы кадрыңызды жасауға кеттік!

Жиі қойылатын сұрақтар

Higgsfield-тің тегін аналогы бар ма?

Тегін кредит беретін платформалар бар, бірақ әрқайсысының өз шектеуі бар. Мысалға, Google Flow күніне 50 кредит береді, Kling подпискасыз қолданушыға ай сайын кредит береді, ал Runway 125 кредитті бір рет қана береді. Тегін нұсқаларды бөлек мақалада толық салыстырдық.

Higgsfield-ке ең ұқсас платформа қайсы?

Бірнеше компанияның моделін бір аккаунтқа жинауы жағынан Runway, OpenArt, Krea және Magnific ұқсас. Ал жанрды, дәуірді және камера қозғалысын батырмамен баптайтын Cinema Studio — Higgsfield-тің өз құралы. Дәл сондай құрал керек болса, алдымен Higgsfield-ті қараңыз.

Higgsfield пен Kling-тің айырмашылығы неде?

Kling — бұл өз модельдерін шығаратын платформа, ал Higgsfield-те Kling-пен қатар Seedance, Veo, Nano Banana және басқа модельдер бір аккаунтта тұр. Егер сізге тек Kling керек болса, оның өз сайты жеткілікті. Ал бір сахнаны бірнеше модельде салыстырғыңыз келсе, Higgsfield ыңғайлырақ.

Higgsfield бе, әлде Google Flow ма?

Google Flow тегін бастауға ыңғайлы: күніне 50 кредит береді, ішінде Google-дың Veo, Gemini Omni Flash және Nano Banana Pro модельдері бар. Higgsfield-те модель көбірек, сондай-ақ Cinema Studio мен Lipsync Studio құралдары бар, бірақ оның тегін тарифіне видео модельдер кірмейді. Алдымен Flow-да байқап көріп, құралы жетпесе, Higgsfield-ке өтуге болады.

Қазақша жұмыс істейтін платформа бар ма?

Google Flow-дың тілдер тізімінде қазақ тілі бар, бірақ Google нәтиже жақсы шығу үшін промптты ағылшынша жазуға кеңес береді. Dansai AI Studio-ның интерфейсі қазақша, ал промптты қазақша не орысша жазасыз: Director AI оны таңдалған модельге лайықтап ағылшынша қайта жазады.

Dansai AI Studio-да Higgsfield-тегі құралдардың бәрі бар ма?

Жоқ, бәрі жоқ. Lipsync, текстті дауысқа айналдыру, Cinema Studio-дағыдай камера қозғалыстарының кітапханасы және Mr. Higgs сияқты ЖИ көмекшісі жоқ, ал модельдері де аз. Есесіне Veo, Kling, Seedance, Nano Banana Pro және Gemini Omni Flash бір кабинетте тұр, кейіпкерді «Менің элементтерім» кітапханасына сақтап, видеоның сапасын арттыра аласыз. VPN мен USD карта да қажет емес.

Dansai AI Studio тегін бе?

Жоқ, тегін емес. Кабинетке тіркеліп, платформаны еркін қарап шығуға болады, бірақ генерация жасау үшін курс тарифі керек: Studio тарифпен бірге ашылады, токен сыйға беріледі. Алдымен тегін видео сабақтарымызды тіркелусіз көре аласыз.

Курс оқу үшін Higgsfield подпискасы керек пе?

Жоқ, міндетті емес. AI.Cinema сабақтарында Higgsfield AI мен Google Flow-ды да көрсетеміз, ал практиканы Dansai AI Studio-да жасайсыз. Higgsfield-ке подписка біздің тарифке кірмейді, қаласаңыз, оны өзіңіз бөлек аласыз.

Тағы оқыңыз