Видео жасауға арналған ЖИ (ИИ) платформасы әртүрлі компаниялардың модельдерін бір аккаунтқа, бір шотқа жинайды. Қазақстанда Kaspi QR арқылы төлеуге болатын, интерфейсі қазақша және орысша осындай платформа бар: Dansai AI Studio.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 5 минут

Dansai AI Studio платформасында Google-дың Veo, Kuaishou-дың Kling, ByteDance-тің Seedance модельдері және сурет үшін Nano Banana Pro қатар тұр. VPN керек емес, токенді пакетпен Kaspi QR арқылы бір рет сатып аласыз, подписка жоқ. Төменде бірнеше модельдің неге керек екенін, оларды қандай платформалар жинайтынын және қалай бастайтыныңызды түсіндіреміз.
Неге бір емес, бірнеше модель керек?
Бір модель бәрін бірдей жақсы жасай бермейді. Мысалға, кейіпкердің суретін сурет моделінде жасаған ыңғайлы, ал оны видео модельде жандандырасыз. Бір видео модель кейіпкердің бетін жақсы ұстайды, екіншісі видеоның ішінде дыбысты бірге шығарады, ал үшіншісі жылдам экшн сахналарды жақсы жасайды. Сондықтан видео жасайтын адамдар бірнеше модельді ауыстырып қолданады. Studio-да ол былай көрінеді:
| Не жасайсыз? | Studio-да немен жасайсыз? | Неге? |
|---|---|---|
| Алғашқы кадр, постер, кейіпкер | Nano Banana Pro, GPT Image 2, Seedream | Сурет видеодан әлдеқайда аз токен жұмсайды, ал кейіпкердің беті, киімі мен жарығы суретте алдын ала бекітіледі |
| Дыбысы бар видео | Veo 3.1 және Veo 3.1 Lite | Дыбыс видеомен бірге жасалады, ал Lite черновикке ыңғайлы |
| Бір кейіпкер әртүрлі кадрда | Kling 3.0 Pro | «Менің элементтерім»: кейіпкердің фотосын промптқа @ арқылы қосасыз, бір видеоға төртке дейін |
| Экшн және қозғалыс | Seedance 2.0 және 2.5 | «Бэтмен Алматыда» фильміндегі төбелес пен қуалауды Seedance 2.0-мен жасадық |
| Жылдам черновик | Kling 2.5 Turbo, Seedance 2.0 Mini | Қымбат модельге токен жұмсамай тұрып, идеяны тексеріп аласыз |
Модельдерді бір жерге қандай платформалар жинайды?

Мұндай платформалардың ең танымалдарының бірі — Higgsfield: бір аккаунтта Kling, Seedance, Veo, Grok Imagine, Wan және кино жасауға арналған ондаған құрал бар, интерфейсінде орыс пен қазақ тілі жоқ, ал төлемі долларлық подписка. Google-дың Flow платформасы да бар: онда Google-дың өз модельдері (Veo, Omni Flash, Nano Banana) тұр, подпискасы теңгемен, ал күн сайын 50 тегін кредит береді. Басқа платформаларды Higgsfield сияқты платформалар деген шолуда салыстырдық.
Таңдамас бұрын мына нәрселерді тексеріңіз: ішінде қандай модельдер бар және олар қай компанияныкі, қалай төлейсіз (подписка ма, әлде бір реттік пакет пе, доллармен бе, теңгемен бе), кредит жойыла ма, интерфейсі қай тілде және промптты өз тіліңізде жаза аласыз ба.
Dansai AI Studio-ның ішінде не бар?

Studio dansai.kz сайтындағы жеке кабинетіңізде ашылады. Онда екі режим бар, «Суреттер» және «Видео», әр режимнің өз модельдері, баптаулары мен галереясы бар:
| Режим | Модельдер |
|---|---|
| Суреттер | Nano Banana Pro (Google), GPT Image 2 (OpenAI), Seedream 5.0 Pro (ByteDance), Grok Imagine (xAI) |
| Видео | Veo 3.1, Veo 3.1 Fast, Veo 3.1 Lite және Gemini Omni Flash (Google); Kling 3.0 Pro, 2.6 Pro, 2.5 Turbo (Kuaishou); Seedance 2.5, 2.0, 2.0 Mini (ByteDance); Grok Imagine Video (xAI) |
| Тағы не бар? | Бастапқы және соңғы кадр арқылы видео, видеоның сапасын 1080p және 4K-ға дейін арттыру |

- VPN керек емес. Studio dansai.kz сайтында жұмыс істейді, ал модельдерге біздің сервер қосылады.
- Қазақша және орысша. Интерфейсті KZ/RU батырмасымен ауыстырасыз, промптты екі тілдің кез келгенінде жазасыз. Director AI функциясын қоссаңыз, ол промптыңызды таңдалған модельге лайықтап, ағылшынша толық қайта жазады.
- Барлық модельге бір токен шоты. Генерацияға қанша токен кететіні батырмада алдын ала көрінеді, ал генерация сәтсіз аяқталса, токендеріңіз қайтарылады.
- Галерея өзіңізде. Дайын жұмыстарыңыз өз браузеріңізде сақталады, жобаны файл қылып сақтайсыз немесе zip қылып жүктеп аласыз.
Ашығын айтсақ, Studio-да ерінді дауысқа сай қозғалту (lip-sync), текстті дауысқа айналдыру, Higgsfield-тегідей Cinema Studio мен камера қозғалысының кітапханасы жоқ. Егер дәл осы құралдар керек болса, онда Higgsfield-ті таңдаған дұрыс.
Қалай бастайсыз: үш қадам

- Пакетті таңдап, төлейсіз. Studio бетінде 500 токен 4 990 ₸, 1 000 токен 9 990 ₸ немесе 3 000 токен 24 990 ₸ тұрады, әрқайсысы 90 күн жарамды. Kaspi QR арқылы немесе картамен төлейсіз. Аккаунтыңыз болмаса, төлем кезінде өзі ашылады.
- Токен шотыңызға түседі. Төлемнен кейін бірден Dansai AI Studio-ға өтесіз. Ішінде Studio-ны қалай қолдану керегін көрсететін қысқа сабақ бар.
- Промпт жазып, генерацияны бастайсыз. Модельді таңдап, батырмадағы токен санын тексересіз де, «Генерация жасау» батырмасын басасыз.
Не шығады: өз жұмыстарымыз
«Түлкі мен Арыстан» мультфильмін академия негізін қалаушы Бағлан Төлебай Studio шықпай тұрып Higgsfield, Veo 3 және Nano Banana Pro арқылы жасады. Ал «Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмінде Руслан Берденов Бэтмен болып Алматы смогына қарсы шығады. Төбелес, қуалау және қала үстіндегі айқас сахналары Seedance 2.0 арқылы жасалды. Veo, Nano Banana Pro және Seedance модельдері бүгін Dansai AI Studio-да бар.

«Түлкі мен Арыстан» мультфильмі
Қазақша AI-мультфильм, 2:56

«Бэтмен Алматыда» қысқаметрлі фильмі
Жасанды интеллектпен жасалған экшн, 1:46
Әр платформада бір видео қанша тұратынын және оны қалай әділ салыстыратынды «ЖИ видео қанша тұрады» деген мақалада жаздық. Ал Higgsfield-тің өзін меңгергіңіз келсе, біз қазақ және орыс тілінде Higgsfield бойынша курс дайындап жатырмыз (бұл Higgsfield-тің ресми курсы емес).
Жиі қойылатын сұрақтар
Видео жасауға арналған қандай платформалар бар?
Бірнеше компанияның модельдерін бір жерге жинайтын платформалар бар: Higgsfield, Dansai AI Studio және басқалары, ал Google-дың Flow платформасында Google модельдері тұр. Dansai AI Studio-да Veo, Kling, Seedance, Gemini Omni Flash және Nano Banana Pro бір кабинетте, төлем Kaspi QR арқылы, интерфейсі қазақша және орысша.
Dansai AI Studio үшін VPN керек пе?
Жоқ. Studio dansai.kz сайтында ашылады, ал модельдерге біздің сервер қосылады.
Бұл подписка ма?
Жоқ. Токен пакетін бір рет сатып аласыз, ол 90 күн жарамды, ал картаңыздан ай сайын ақша алынбайды.
Тегін қолдануға бола ма?
Жоқ, әр генерацияға токен жұмсалады. Пакеттер 4 990 ₸-ден басталады. Видеоны тегін байқап көргіңіз келсе, Google Flow күн сайын 50 кредит береді.
Промптты қазақша жазуға бола ма?
Иә. Промптты қазақша не орысша жазасыз, ал Director AI қоссаңыз, ол промптыңызды таңдалған модельге лайықтап ағылшынша қайта жазады.