Google Gemini — бұл Google-дың ЖИ (ИИ) көмекшісі: оған қазақша жазасыз, ол мәтін жазады, сұраққа жауап береді және Nano Banana модельдерімен сурет жасайды. Ал Nano Banana Pro мен Veo-ны Kaspi QR арқылы подпискасыз қолданғыңыз келсе, бізде Dansai AI Studio бар.
Бағлан Төлебай, Dansai Academy негізін қалаушы · · Оқуға 9 минут

Gemini-ге gemini.google.com сайты арқылы Google аккаунтыңызбен кіресіз. Мысалға, одан тойға шақыру мәтінін жазуды, ескі фотоңызды жаңартуды немесе қысқа видеоның идеясын ойлап беруді сұрай аласыз. Бұл мақалада Gemini-нің не істейтінін, қазақша қалай жұмыс істейтінін, Nano Banana арқылы суретті қалай жасайтыныңызды және оның ChatGPT-ден айырмашылығын ашық айтамыз.
Google Gemini деген не?

Gemini — бұл Google жасаған ЖИ көмекшісі. Google оны көп нәрсеге көмектесетін әмбебап құрал деп сипаттайды (ресми беті): хат жазады, іс-шараға идея ойлап береді, постқа сурет жасайды, ал ұзақ құжатты жүктесеңіз, оның қысқаша мазмұнын айтып береді. Яғни Gemini де ChatGPT сияқты жұмыс істейді: сұрағыңызды кәдімгі сөйлеммен жазасыз, ал ол мәтінмен не суретпен жауап береді.
«Gemini» атауы екі нәрсені білдіреді. Біріншісі, сіз сөйлесетін көмекші, яғни gemini.google.com сайты мен Gemini қосымшасы. Екіншісі, оның артында тұрған Google-дың ЖИ модельдері. Бастаушыға біріншісі керек, сондықтан бұл мақалада көмекші туралы айтамыз.
Gemini қазақша жұмыс істей ме?
Иә. Google анықтамасында Gemini қолжетімді елдер тізімінде Қазақстан, ал қолдау көрсетілетін тілдер тізімінде қазақ тілі бар (дереккөз). Яғни сұрақты қазақша жазып, жауапты қазақша аласыз. Бірақ кез келген ЖИ сияқты, Gemini де кейде сөзбе-сөз аудармаға ұқсас сөйлем құрауы мүмкін, сондықтан маңызды мәтінді өзіңіз оқып шығыңыз.
Жақсы жауап алу үшін Gemini-ге рөл, тапсырма және шарт беріңіз. Мысалға:
Сен тойға шақыру мәтінін жазатын мамансың. Ұлымыздың үйлену тойына арналған қысқа шақыру мәтінін жаз: тілі жылы әрі қарапайым болсын, үш сөйлемнен аспасын, ал соңында қонақтарды асыға күтетінімізді айт.
— Сұрақ мысалы
Сұрақты қалай жазу керегін ChatGPT туралы бөлек мақалада толығырақ түсіндірдік: бұл ережелер Gemini-ге де дәл солай жарайды.
Gemini-мен сурет жасау: Nano Banana

Интернетте «Nano Banana» деген атауды жиі кездестіресіз. Бұл Google-дың сурет жасайтын және өңдейтін модельдерінің атауы, ал Gemini-де суретті осы модельдер жасайды. Google-дың анықтамасы бойынша қадамдар мынадай:
- gemini.google.com сайтына кіріп, сол жақтағы мәзірден Images (суреттер) бөлімін таңдайсыз.
- Дайын үлгіні таңдайсыз немесе промпт жазасыз: көргіңіз келетін суретті толық сөйлеммен сипаттайсыз.
- Суретті өзгерткіңіз келсе, оны ашып, Chat батырмасын басасыз да, не өзгерту керегін жазасыз. Өз суретіңізді жүктеп, оны да өңдей аласыз.
Gemini-де суретті қай модель жасайтыны чатта таңдаған модельге байланысты: анықтамада жазылғандай, Flash не Pro таңдалса, суретті Nano Banana 2 жасайды, ал Flash-Lite таңдалса, жеңіл Nano Banana Lite жасайды. Ең мықты Nano Banana Pro-мен суретті қайта жасау үшін Google AI подпискасы керек. Тегін тарифте де сурет жасауға болады, бірақ күнделікті шегі (лимиті) бар, ал оның нақты саны анықтамада көрсетілмеген.
Сурет промптын қалай жазасыз?
Суретті тізіммен емес, тірі сөйлеммен сипаттаңыз: алдымен уақыт пен орын, содан кейін кейіпкер не зат, соңында не болып жатқаны. Мысалға:
Таңертеңгі күн сәулесі терезеден түсіп тұр, ақ мәрмәр үстелде ою-өрнекті кесеге құйылған ыстық шай тұр, қасындағы ағаш табаққа бауырсақ салынған, ал кесенің үстінен бу көтеріліп жатыр. Сурет шынайы фото сияқты болсын.
— Промпт мысалы
Ал дайын суреттің бір бөлігін ғана өзгерту керек болса, түзету промптын жазасыз: «Тек кесенің түсін көк қыл, қалғанын өзгертпе». Бір түзетуде бір ғана нәрсені өзгертіңіз, сонда жақсы кадрыңыздан айырылмайсыз. Толығырақ промпт жазу туралы мақалада жаздық.
Ескі фотоны жаңарту

Сурет өңдеудің ең пайдалы жолының бірі — ескі фотоны қалпына келтіру: сызаты мен дағын кетіресіз, қаласаңыз, түсін қосасыз. Фотоны жүктеп, не істеу керегін жазасыз, ал промптқа «адамдардың бет-әлпетін өзгертпе» деген талапты міндетті түрде қосасыз. Бұл жұмыстың толық жолын және дайын промптты ескі фотоны қалпына келтіру туралы мақалада көрсеттік.
Gemini-мен видео жасау
Gemini қосымшасы видео да жасайды, бірақ мұнда Veo емес, Google-дың жаңа Gemini Omni моделі жұмыс істейді. Google-дың анықтамасы бойынша бұл мүмкіндік үшін жеке аккаунтта Google AI подпискасы керек, ол тек 18 жасқа толғандарға ашық, ал видеоның ұзақтығы 3 секундтан 10 секундқа дейін (Ultra подпискасында 15 секундқа дейін). Промптта сұрасаңыз, Gemini видеоға дыбыс та қосады.
Veo модельдерімен жұмыс істегіңіз келсе, Google-дың фильм жасауға арналған Flow платформасы бар. Ол Қазақстанда да ашық және күн сайын тегін кредит береді. Толығырақ Google Flow қазақша мақаласында жаздық.
Gemini тегін бе? Google AI подпискалары

Gemini-нің тегін тарифі бар: онда мәтінмен жазысу, сурет жасау мен өңдеу, терең іздеу (Deep Research) және Gemini Live бар, бірақ шегі төмен. Көбірек керек болса, Google AI подпискасының бірін аласыз. Подпискалар бетінде Қазақстан үшін бағасы теңгемен көрсетілген:
| Подписка | Бағасы, айына | Не қосылады? |
|---|---|---|
| Free | 0 ₸ | Gemini-нің жеңіл моделі, сурет жасау мен өңдеу, Deep Research, Gemini Live |
| Google AI Plus | 2 690 ₸ | Шегі тегін тарифтен екі есе көп, видео жасау, Flow-да айына 200 кредит |
| Google AI Pro | 9 990 ₸ | Шегі тегін тарифтен төрт есе көп, Pro моделі, видео жасау, Flow-да айына 1 000 кредит |
| Google AI Ultra | 49 990 ₸-ден | Ең жоғары шек, Flow-да айына 10 000 не 25 000 кредит |
Баға мен құрамы өзгеріп тұрады, сондықтан подписка алар алдында ресми беттен тексеріңіз. Ал бастаушыға алғашында тегін тариф те жеткілікті.
Gemini мен ChatGPT: айырмашылығы неде?
Әділін айтсақ, екеуі де мықты әрі ұқсас құрал: екеуі де мәтін жазады, сурет жасайды, файлды оқиды және екеуінің де тегін тарифі бар. Айырмашылығы көбіне ұсақ жерлерде:
| Сұрақ | Gemini | ChatGPT |
|---|---|---|
| Кім жасаған? | OpenAI | |
| Тегін тарифі | Бар, шегі төмен | Бар, сурет жасау мен файл жүктеу шектеулі |
| Қазақ тілі | Ресми тілдер тізімінде бар | Қазақша жазуға болады, бірақ OpenAI беттерінде тілдер тізімі жоқ |
| Сурет | Nano Banana модельдері | ChatGPT-нің өз сурет жасау құралы |
| Ақылы подписка | Google AI Plus, Pro, Ultra, Қазақстан үшін бағасы теңгемен | Go, Plus, Pro, бағасы chatgpt.com/pricing бетінде |
Сондықтан «қайсысы жақсы?» деген сұраққа бір жауап жоқ. Ең дұрысы, бір тапсырманы екеуіне беріп, нәтижесін салыстырыңыз: бірінің мәтіні, екіншісінің суреті ұнауы мүмкін. ChatGPT-ні сценарий мен промпт жазуға қалай қолдануға болатынын бөлек мақалада көрсеттік.
Nano Banana Pro мен Veo-ны Dansai AI Studio-да қолдану

Gemini-де Nano Banana Pro-ны толық қолдану үшін Google подпискасы керек, ал Veo-мен видео жасау үшін бөлек Flow платформасына өтесіз. Ал Dansai AI Studio платформасында бәрі бір жерде:
- «Суреттер» режимінде Nano Banana Pro, Seedream, GPT Image 2 және Grok Imagine модельдері тұр.
- «Видео» режимінде Veo 3.1, Kling және Seedance бар: ұнаған суретіңізді сол жерде бірден видеоға айналдырасыз.
- Промптты қазақша жазасыз, ал Director AI функциясы оны таңдалған модельге лайықтап, кинематографиялық ағылшын тілінде қайта жазады.
- VPN мен USD карта керек емес, подписка жоқ: токен пакетін теңгемен, Kaspi QR арқылы бір рет сатып аласыз.
Ашығын айтсақ, Studio тегін емес: әр генерацияға токен жұмсалады, ал қанша токен кететіні батырманың өзінде алдын ала көрсетіледі. Ерінді дауысқа сай қозғалту (Lipsync) мен текстті дауысқа айналдыру онда жоқ. Пакеттер мен бағасы Dansai AI Studio бетінде тұр, ал платформа туралы толығырақ бөлек мақалада жаздық.
Gemini-ні курста қалай үйренесіз?
Кіріспе AI.Onai курсының алғашқы сабағы ChatGPT пен Gemini-ге арналған. Жалпы академияда ЖИ құралдарын қазақ тілінде үйретеміз: ChatGPT пен Gemini-ні сценарий мен промпт жазуға, Google Flow, Veo, Kling, Seedance және Higgsfield-ті сурет пен видеоға, Suno мен ElevenLabs-ты музыка мен дауысқа, ал CapCut-ты монтажға қолданасыз.
Сіздің керемет идеяңыз, сценарийіңіз бар ма? Онда AI.Cinema курсы сіз үшін арналған. Курста өз қысқаметрлі фильміңізді идеядан бастап дайын фильмге дейін жасайсыз: сценарий жазып, кейіпкер мен оның әлемін құрасыз, кадр жасап, дыбыс пен монтажды қосасыз. Барлық сабақ қазақ тілінде және жазбада, ағылшын тілін білу міндетті емес. AI.Cinema тарифіне академияның барлық жазылған курстары кіреді: AI.Cinema, AI.Onai және 3D бағыты. AI.Cinema тарифін Kaspi арқылы 24 айға бөліп төлеуге болады, шарттарын тарифтер бетінен көресіз.
Алдымен байқап көргіңіз келсе, тегін сабақтарымыздан немесе кіріспе AI.Onai курсынан бастаңыз. Кейін AI.Cinema тарифіне өтсеңіз, AI.Onai-ға төлеген ақшаңыз есепке алынады. Олай болса, Gemini-мен алғашқы суретіңізді жасауға кеттік!
Жиі қойылатын сұрақтар
Gemini тегін бе?
Иә, тегін тарифі бар: мәтінмен жазысу, сурет жасау мен өңдеу, Deep Research және Gemini Live, бірақ шегі төмен. Қазақстанда Google AI Plus айына 2 690 ₸, Pro 9 990 ₸, ал Ultra 49 990 ₸-ден басталады (2026 жыл 18 қараша). Нақты бағасын подпискалар бетінен тексеріңіз.
Gemini қазақша түсіне ме?
Иә. Google анықтамасында қазақ тілі Gemini қолдау көрсететін тілдер тізімінде бар, ал Қазақстан қолжетімді елдер тізімінде тұр. Сұрақты қазақша жазып, жауапты қазақша аласыз, бірақ маңызды мәтінді өзіңіз оқып түзетіңіз.
Nano Banana деген не?
Nano Banana — бұл Google-дың сурет жасайтын және өңдейтін модельдерінің атауы. Gemini-де суретті Nano Banana 2 не жеңіл Nano Banana Lite жасайды, ал ең мықты Nano Banana Pro-ны толық қолдану үшін Google AI подпискасы керек.
Gemini видео жасай ала ма?
Иә, бірақ жеке аккаунтта тек Google AI подпискасымен және 18 жастан бастап. Видеоны Gemini Omni моделі жасайды, ұзақтығы 3 секундтан 10 секундқа дейін. Veo модельдерімен жұмыс істегіңіз келсе, Google Flow платформасын қолданасыз.
Gemini мен ChatGPT-нің қайсысы жақсы?
Екеуі де мәтін жазады, сурет жасайды және екеуінің де тегін тарифі бар. Gemini-нің ресми тілдер тізімінде қазақ тілі бар және Google подпискаларының бағасы теңгемен көрсетіледі. Ең дұрысы, бір тапсырманы екеуіне беріп, нәтижесін салыстырыңыз. ChatGPT туралы бөлек мақалада жаздық.
Nano Banana Pro-ны Google подпискасынсыз қайда қолдануға болады?
Dansai AI Studio платформасында. Онда Nano Banana Pro, Veo, Kling және Seedance бір кабинетте тұр, промптты қазақша жазасыз, ал токен пакетін теңгемен, Kaspi QR арқылы бір рет сатып аласыз. Studio тегін емес, бірақ подписка жоқ.
Тағы оқыңыз
- ChatGPT қазақша: идеядан бастап сценарий мен промптқа дейін
- Google Flow деген не және онда Veo арқылы видеоны қалай жасайсыз
- Промпт жазу деген не? Сурет пен видеоға 10 дайын үлгі
- Ескі фотоны қалпына келтіру және жаңарту: жасанды интеллектпен қалай жасауға болады?
- Dansai AI Studio: Veo, Kling және Nano Banana бір жерде, VPN мен USD картасыз